сұрақ Ақуыздардың толық емес құрамын растау үшін қандай түсті реакцияларды қолдануға болады?


)Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз



бет51/56
Дата01.02.2023
өлшемі167,17 Kb.
#64453
түріҚұрамы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
сессия бх ОДИ 40 билет база

3)Белгіленген белгілерге биохимиялық түсініктеме беріңіз.
Изониазид препараты В6 витаминінің антивитамині болып табылады.Ол В6 витаминінің сіңірілуіне кедергі жасайды және организмнің В6 алмасуын тежеп тастайды.Сондықтан оны ұзақ уақыт бойы қабылдау В6 авитаминозына алып келеді.Ал В6 авитаминозы сәйкесінше бұлшықет әлсіздігіне, терінің сезімталдығының төмендеуіне,көрудің бұзылуына және кеңістіктегі дене қалпын сақтаудың бұзылуына әкеледі.


38-сұрақ


Науқастың асқазан сөлін талдау нәтижелері бойынша қышқылдықтың төмендеуі және гастромукопротеиннің төмен деңгейі.
1)Бұл жағдайда қандай витамин тапшылығы (сөзбе-сөз, химиялық және биологиялық атау) пайда болуы мүмкін?
В12 витамині – химиялық атауы кобаламин,цианкобаламин,ал биологиялық атауы антианемиялық витемин.Классификациясы бойынша В12 витамині суда еритін витаминдердің қатарына жатады.В12 витамині молекуласында негізгі орынды коррин сақинасы жүйесі алады,ондағы пиррол сақинасының жұбы өзара тікелей байланысқан.Екінші жұбы гем порфириніндегідей метин көпіршесі арқылы байланысады.Коррин ядросында сутегі атомының орнын метильдік,ацетамидтік және пропиламидтік топтар басқан кезде корфирин деп аталатын қосылыс түзіледі.Корфирин молекуласында 8 метильдік,3 ацетамидтік,4 пропильамидтік топтар бар.Екі валентті кобальт гемдегі темір орналасқандай жағдайда болады.В витаминінің 2 туындысы ажыратылады: метилкобаламин және дезоксиаденозилкобаламин.
2)Осы дәруменнің биологиялық әсерін сипаттаңыз. Осы витаминнің қатысуымен реакцияның сызбалық бейнесін жазыңыз.
Биологиялық рөлі бойынша метилкобаламин тетрагидрофоль қышқылымен бірігіп,метильдену реакцияларына қатысады.Ал дезоксиаденозилкобаламин тақ санды көміртек атомды май қышқылдары мен лейцин,изолейцин және валин метобализміне қатысады. Олардың алмасуында метилмалонилКоА түзіледі.Сонымен қатар В12 тәуелді ферменттер қатарына метионинсинтаза жатады,ол гомоцистеиннен метионин түзілуіне қатысады.Ал метилмалонил-КоА-мутаза метилмалонилКоА-ның сукцинилКоА-ға айналуына қатысады.В12 витамин урацил, тимин, дезоксирибоза түзілуіне қатысады.
Реакциялары:
1)Этаноламин + метионин = холин + гомоцистеин
2)Норадреналин + метионин = адреналин + гомоцистеин
3)Гуанидинсірке қышқылы + метионин = креатин + гомоцистеин
4)Урацил + СН3-ТГФҚ = тимин + ТГФҚ
Авитаминозы:

  • Мегалобласттық,пернициоздық, қатерлі анемиясы

  • Аддисон-Бирмер анемиясы дамиды.Себебі асқазанда В12 витаминінің ащы ішекке сіңірілуіне жауап беретін Касл факторы немесе гастромукопротеин болады.Егер Касл факторы немесе гастромукопротеин түзілмесе ауыр перницитоздық анемия дамиды.

  • Гомоцистеиннің көбеюі атеросклероз бен тромбоздың патогенезіне қатысады

  • Пайдаланылмаған тақ көміртек санды май қышқылдар жүйке талшықтарының қабықтарында жиналып нейропатияларға (шаршағыштық, ашуланшақтық, бас ауруы, депрессия (күйзеліс)) әкеледі

  • Шаршағыштық,ашуланшақтық және бас ауруы мен депрессия пайда болады.

  • Метилмалон қышқылы жүйке тініне улы әсер етеді: миелиннің синтезі бұзылады. Сондықтан жұлынның бұзылыстары, шеткі жүйке жүйесінің, ОЖЖ –ң дегенеративті өзгерістері байқалады.

  • Парестезиялар, жүрістің тұрақсыздығы, парездер, параличтер, есте сақтаудың нашарлауы, селқостық, естің ауысуы көрініс береді.

  • Перифериялық невропатия ауруы дамиды

В12 витамині сиыр етінде,бауырда,мида,жұмыртқа саруызында,сүтте көп болады.Тәуліктік қажеттілігі ересектерге 2-3 мг,ал балаларға 0,5-2 мг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет