57. Жасушаның қайтымды және қайтымсыз зақымдануындағы құрылымдық зат алмасулық, физика-химиялық және функционалдық өзгерістері. Жауап:
58. Жасуша зақымдануының біртектес механизмдері. Жауап: - энергиямен қамтамасыз етілуінің бұзылыстары;
- жасуша мембраналарының бұзылыстарына;
- гендік құрылымдарының бұзылыстарына;
- жасушада иондар мен сұйықтықтардың алмасуы бұзылыстарына;
- жасуша қызметтерінің реттелулерінің бұзылыстарына байланысты дамиды.
59. Жасуша зақымдануындағы бос радикалдардың және Са2+ маңызы. Жауап:
60. Апоптоз. Апоптоз себебіжәне механизмдері. Жауап: Апоптоз – жасушаның алдын-ала бағдарланған гендік ақпараты бойынша тіршілігін жоюы.
Бұл процесс 1-3 сағатқа созылады. Апоптоз процесінің негізгі функциясы, бұзылған клетканы организмнен жою және гомеостаз бен иммундық жүйені тұрақты сақтау болып табылады. Күніне дені сау организмде 50-70 млд жаңа клетка түзіліп, сонша клетка өледі. Апоптоз кезінде клетка бүріседі және хроматин конденсацияланып, ядро бұзылады. Бұзылған клеткалар тез фагоцитозға ұшырап, лейкоциттер арқылы жойылады. Қабыну болмайды.
Көп клеткалы организмде клетканың өлуі күнде жүріп тұрады, бірақ белгілі бір жағдайда және әртүрлі мүшелер мен әртүрлі ұлпаларда.
Апоптоз-кең таралған жалпы биологиялық құбылыс. Ересек организде ол тіндердің оптималды мөлшерін-оларды құрайтын әртүрлі жасушалар санының гомеостазын реттеу қызметін атқарады. Апоптоздың рөлі онтогенездік және эмбриогенездік даму процестері кезінде, атап айтқанда мүшелер морфогенезінде (пішін қалыптасу), мысалы жәндіктердің-метаморфозы, сүт қоректілердің көзі, жүрегі, нерв жүйесі дамуы кезінде өте зор.Тірі болуы организмге қажет емес, ақаулы, мысалы мутанттық , вирус жұққан жасушалар жарамсыз деп табылып, апоптоз арқылы жойылып отырады. Апоптоз бұл қызметі бойынша қажетсіз жасушадан біртіндеп физиологиялық арылу.
Сонымен апоптозды реттейтін қалыпты механизмдер бұзылса, сәйкес процестер өзгеріп апоптоздың күшеюі немесе әлсіреуіне байланысты организм ауруға ұшырайды.