Сұрақтар Реанимацияның патофизиологиялық негіздері қандай болады?



бет12/25
Дата25.04.2023
өлшемі80,16 Kb.
#86878
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
Патфиз 1 рк

КАЛЬЦИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСЫ
Кальций- жасуша мембраналарының өткізгіштігіне, қаннын ұюына,бұлшықет-жүйкелік құрылымдардың, қаңқаның қалыптасуына қатысатын элемент.
Кальций организмге аспен түсіп, аш ішектің қолайлы қышқыл реакциялы жоғарғы бөлімінде фосфаттар түрінде сіңіріледі. Кальций ішекте сіңірілуі үшін кальцийдің ерігіш фосфаттары түзілуін катализдейтін витамин D-ның маңызы зор. Кальцийдың дұрыс жұмсалуын белоктық коллоидтар мен қанның pH-шы қамтамасыз етеді. Кальций тұздары сүйектің органикалық негізіне қосылып, онда кальцийдің негізгі қорын түзеді.

Кальцийдің алмасуы нейро-гуморальдық жолмен реттеледі. Бұл үдерісте қалқанша бездің кальцитонинінің, қалқанша маңындағы бездің паратгормонының маңызы зор.


Кальций алмасуының бұзылуы кальциноздар, ізбесті дистрофия, немесе ізбестену деп аталады. Оның даму барысында ерітіндідегі кальций тұздары тұнып, жасушалар мен жасушааралық затқа шөгеді. Ізбестену ошағының қалыбын жасушалардың митохондриясы мен лизосомасы, негізгі заттың гликозамингликандары, коллагендік немесе эластикалық талшықтар қалайды. Сондықтан ізбестену жасушалық және жасуша сыртындағы, жүйелік және жергілікті түрлерге бөлінеді.

Даму механизмі. Жалпы немесе жергілікті факторлардың басымдығына қарай, ізбестену метастаздық, дистрофиялық және метаболизмдік нысандарға жіктеледі.




28. Микроэлементтер алмасуының қандай бұзылыстары болады?
Жауап: Адам және жануарлар организмінде нәруыздар, липидтер, көмірсулар, нуклеин қышқылдары құрамында негізінен көміртек, оттегі, сутегі және азоттан тұрады. Организмнің тіршілігі үшін басқа да химиялық элементтер қажетті, олар тәуліктік қажеттілігі және кұрамы бойынша макроэлементтерге (Са, Р, К,Na, S, CI, Mg) және микроэлементтерге (Fe, Cu, Zn, Se, Mn, Mo, Cr, I, Co, F) бөлінеді.
Мыс алмасуының бұзылысы.Мыс цитоплазманың міндетті құрамының бірі. Ол ферменттік реакцияларға қатынасады.
Әдетте мыстың тіндегі мөлшері өте аз, тек жаңа туған нәрестенің бауырында ғана көбірек болады. Мыс рубеансутекті қышқылды (дитиоксид) қолданатын Окамото тәсілімен анықталады; өте дәйекті.
Мыс алмасуының бұзылуы бауыр-милық дистрофияда (гепатолентикулалық дегенерация), яғни Вильсона –Коновалова ауруында айқын байқалады. Мыс қан плазмасында азайып, зәрде көбейеді. Мыс тұқым қуалайтын аурумен ауырғандардың бауырында, миында, бүйрегінде, аналық безде т.б мүшелерде қордаланады. Бауырда цирроз дамыса, мидың қыртыстық қабаты мен боз шарында, құйрықты денесінде, бұршақ тәрізді ядроның аймағында симметриялы дистрофиялық үдерістер өрістейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет