Сұрақтар Реанимацияның патофизиологиялық негіздері қандай болады?


Макроэлементтер алмасуының қандай бұзылыстары болады?



бет10/25
Дата25.04.2023
өлшемі80,16 Kb.
#86878
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25
Байланысты:
Патфиз 1 рк

27. Макроэлементтер алмасуының қандай бұзылыстары болады?
Жауап: Адам және жануарлар организмінде нәруыздар, липидтер, көмірсулар, нуклеин қышқылдары құрамында негізінен көміртек, оттегі, сутегі және азоттан
тұрады. Организмнің тіршілігі үшін басқа да химиялық элементтер қажетті,
олар тәуліктік қажеттілігі және кұрамы бойынша макроэлементтерге (Са, Р, К,Na, S, CI, Mg) және микроэлементтерге (Fe, Cu, Zn, Se, Mn, Mo, Cr, I, Co, F)
бөлінеді.


НАТРИЙ АЛМАСУЫНЫҢ БҰЗЫЛУЫ
Гипернатриемия — қандағы натрий мөлшерінің 155 ммоль/лден жоғары болуы. Оның негізгі себептері:

  • тұзды артық қабылдағанда

  • натрийдың организмнен шығарылуының бұзылуы кезінде альдостерон артық түзілгенде кездеседі

Көріністері: тырысу, дірілдек-селкілдек , қорқыныш сезімі күшейеді, көңіл-күйдің жабырқауы пайда болады.Гипернатриемияның ерекше көрінісі болып артериялық қысымның көтерілуі табылады.
Емдеуі: Осы мақсатпен көктамырға физиологиялық ертіндінемесе 5% глюкоза ертіндісін жібереді. Бұл кезде глюкоза алмасуға тез ұшырайды, ал су қанды сұйылтады. Ауыр жағдайларда гемодиализ немесе бүйректен тыс қанды тазарту тәсілі қолданылады.
Гипонатриемия — қандағы натрий мөлшерінің 135 ммоль/л-ден төмен
болуы. Ол нағыз немесе алғашқы және салыстырмалы немесе кейінгі болып екі түрге бөлінеді. Нағыз гипонатриемия:
1) тағаммен натрий хлориді аз түскенде
2) натрийді көп жоғалтқанда
3) альдостерон аз түзілгенде (Аддисон ауруы)
Салыстырмалы немесе кейінгі гипонатрийемия: қаннын сұйылуы кезінде
болады.
а) суды артық қабылдағанда;
ә) изотониялық сұйықты көп мөлшерде енгізгенде;
б) бүйректің несеп шығару қызметі төмендегенде;
в) ісінуді жою кезінде су тінаралық кеңістіктен тамыр арнасына көптеп
өткенде.
Көріністері: бұлшық ет әлсіреуінің дамуы, бұлшық етте ауыру сезімінің
пайда болуы, тахикардия, артериялық қысымның төмендеуімен, кейде
коллапс дамуымен байқалады.
Емдеуі: Гипонатриемия гипоталамус және бүйректе орналасқан хеморецепторларды қоздыру арқылы әльдостеронның түзілуі мен бөлінуін
күшейтеді, сөйтіп организмде натрий жинала бастайды. Гипонатриемия
нәтижесінде пайда болатын бұзылыстарды жою үшін көктамыр ішіне 1—
2% ас тұзы ерітіндісін, плазма, нәруыздар препараттарын жібереді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет