7. Нақты коньюгатаны анықтау Нақты коньюгатаны анықтау . Мақсаты: тар жамбасты анықтау.
Нақты коньюгатаны(conjugata vera) сыртқы және диагональді коньюгата арқылы табуға болады.
Сыртқы коньюгата өлшемін білудің маңызы зор, өйткені бұл арқылы кіші жамбас қуысының кіреберісіндегі-ішкі тік өлшемді(conjugata vera) анықтауға болады.Мысалы, сыртқы тік өлшем 20см болғанда, одан 9см-ді алып тастаса, ішкі тік өлшем 11см-ге тең. Диагональді коньюгатадан 1,5-2см алып тастаса нақты коньюгатаны анықтауға болады.
8. Стандарт. «Соловьев индексін өлшеу» Тексеру мақсаты: Жамбас сүйегінің қалыңдығын анықтыуға негізделген.
Құрал жабдықтар: Сантиметрлік лента.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жүкті әйелге тексеру жүргізілетінін ескертіңіз.
2. Орындыққа отырғызыңыз
3. Стерильді сантиметрлік лентамен әйелдің білезік айналымын өлшеңіз.
4. Алынған нәтижені белгілеңіз.
5. Қолыңызды жуыңыз.
6. Алынған мәліметтерді медициналық құжатқа тіркеңіз.
Ескерту:Солавьев индексі бойынша нақты конъюгатаны анықтау.
-Соловьев индексі 14см төмен болғанда сыртқы конъюгтадан 8см-ді алып тастаңыз, диоганальлды конъюгатадан 1,5см алып тастаңыз.
-Соловьев индексі 14-15см болса сыртқы конъюгатадан 9см алып тастаңыз, диоганальды конъюгатадан 1,5см-ді алып тастаңыз.
-Соловьев индексі 15см көп болса сыртқы конъюгатадан 10см алып тастаңыз, диоганальды конъюгатадан 2см алып тастаңыз
9. Стандарт «Жүктілерден анамнез жинау схемасы» Төл құжат мәліметі.
Акушерлік – геникологиялық анамнезі, етеккір циклі (етеккір келген жасы, қалыптасу ерекшелігі, ұзақтығы, ауру сезімі, етеккірдің реттілігі, етеккір кезіндегі қан шығыны, соңғы етеккірі);
Жыныстық қатынаста (қай жасынан, некеде тұрама);
Гинекологиялық аурулары (қашан, қандай, ағымының ерекшелігі мен ұзақтығы, алған емі, емінің нәтижесі);
Туу қызметі – алдыңғы жүктіліктің саны, олардың ағымы мен қалай аяқталғандығы (жасанды және өздігінен түскен түсіктердің, босанудың);
Қазіргі жүктілік ағымы (бірінші және екінші жартылығында, емханада, ауруханадағы алған емі);