15. Стандарт “Іш шеңберін жатыр деңгейін өлшеу” Зерттеу мақсаты: жүктіліктің өсу динамикасын, жатыр деңгейін қайта өлшеу нәтижесінде ұрықтың болжамалы салмағын анықтау.
Құрал-жабдықтар:сантиметрлік лента, кушетка
Іс-әрекет алгоритмі: Жүкті әйелге зерттеу жүргізетіндігін және зерттеу алдында қуығын босатуды ескертіңіз.
Сантимерлік лентаны іштің ортаңғы сызығының бойымен бір ұшын симфиздің жоғарғы тұсына, екінші ұшын жатырдың ең жоғарғы жеріне қойып өлшеңіз.
Анықтаған өлшемдерін белгілеңіз.
Жүкті әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз.
Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Анықтаған нәтижені медициналық құжатқа жазыңыз.
16. Стандарт « Ұрықтың болжамалы салмағын анықтаңыз» Құрал-жабдықтар: жамбас өлшегіш, сантиметрлік лента, кушетка, таразы, бой өлшегіш.
Іс-әрекет алгоритмі: 1.Жүкті әйелдің жатыр ұзындығын, іш айналымын, бойын, салмағын анықтаңыз.
2. Джонсон әдісі арқылы анықтаңыз. Джонсон формулсы бойынша баланың салмағы (жатыр ұзындығы-11) Х155,
90кг салмғындағы әйелдің шартты коэффициенті 11-ге тең.
90кг жоғары болғанда 12-ге тең 155кг арнайы индекс беріледі.
3.Іштегі нәрестенің болжамалы салмағын Лонковиц әдісі бойынша анықтаңыз. Лонковица формуласы бойынша баланың салмағы = (жатыр ұзындығы+іш айналымы(см)+дене салмағы(кг)+ әйелдің бойы (см)) X10.
4. Іштегі нәрестенің болжамалы салмағын Жорданиа әдісі бойынша анықтаңыз. Жардониа формуласы бойынша ұрықтың салмағы жатыр ұзындығы мен іш айналымының көбейтіндісіне тең.
5. Алынған нәтижелерді медициналық құжатқа жазып қойыңыз.