Жүрек соғысын ұрықтың арқасы жатқан жақтан стетоскопты алдыңғы іш қабатына тығыз тіреп, тыңдаңыз. Ұрықтың жүрек соғысы жақсы естілген жерді тапқанша, стетоскопты жылжытып отырыңыз.
Ұрықтың 1 минутттағы жүрек соғысын санаңыз. (120-160)
Сонымен қатар жүкті әйелдің тамыр соғысын есептеңіз (ұрықтың жүрек соғысы деп қалмау үшін).
Алынған нәтижені белгілеңіз.
Жүкті әйелдің кушеткадан тұруына көмектесіңіз.
Қолыңызды сабынмен жуыңыз.
Стетоскопты дезифекциялық ерітіндімен сүртіңіз.
Алынған нәтижені медициналық құжатқа жатқызыңыз.
12.Стандарт «Босану жолдарын айнамен қарау». Мақсаты: босанғаннан кейінгі жарақаттар диагностикасы.
Ресурстар: босану кереуеті,заламыздан құралдар:қайшы, босанғаннан кейінгі
айналар, қысқыштар,мен ұстағыш, хирургиялық инелер,тігу материалдары, анатомиялық және хирургиялық пинцеттер, корнцангтер, антисептик
ерітіндісі (1% йодонат ерітіндісі немесе 2% йод ерітіндісі), залалсыздан
жаялық,залалсызданған қолғаптар, залалсызданған мақта тампондары.
Іс – әрекет алгоритмі: 1. Босанған әйелге зерттеудің қажеттілігін түсіндіріңіз
2. Сыртқы жыныс мүшелерін антисептикпен өңдеңіз.
3. Босанған әйелдің жамбасының астына залалсыздан жаялық төсеңіз.
4. Босану пакетінен босанғаннан кейінгі жалпақ айналарды алыңыз.
5. Айналарды бірінен кейін бірін енгізіп жатыр мойнын ашыңыз.
6. Айнаны ассистентке ұстатып екі қысқыштың көмегімен 12 сағаттан бастап сағат
тілі бойынша жатыр мойнының шеттерін қарап шығыңыз (жатыр мойнының
жыртылуын анықтау үшін, егер бар болса жыртылу қай жерден басталады және
ұзындығын анықтаңыз).