Соңғы етеккірдің бірінші күнінен зерттеу жүргізген күнге дейін, күнтізбенің көмегімен апта санын есептеңіз.
Ұрықтың бірінші қимылдаған күнінен күнтізбенің көмегімен апта санын санаңыз. Сол санға бірінші тумаларға 20 апта, босанған әйелдерге 18 апта қосыңыз.
12 апталық жүктілікке дейінгі бимануалды зерттеудегі жүктілік мерзіміне зерттеу жүргізгенге дейінгі жүктіліктің апталығын қосыңыз.
Жүкті әйелге УДЗ жүргізіңіз.
Жүктілік мерзімін, жүктіліктің үлкен айлығында жатырдың ұзындығы бойынша анықтаңыз:
16 аптада-12см (симфиз бен кіндіктің ортасында)
20 аптада-16см (кіндіктен 2 саусақ төмен)
24 аптда-20см (кіндік тұсында)
32 аптада- 20см (кіндік пен төс сүйегінің ортасында)
36 аптада- 28см (қабырға тұсында)
40 аптада-28-32см (кіндік пен төс сүйегінің ортасында)
Нәтижені медициналық құжатқа жазыңыз.
14. Стандарт «Болжамалы босану күнін және туғанға дейінгі декреттік демалыс беруді анықтау». Босану күнін анықтауда жүктілік мерзімін анықтағандай анықтайды және ескере отырып жүктіліктің орташа мерзімінде 280 күн 40 аптаға созылады.
Босану күнін анықтау үшін негеле формуласы қолданылады. Соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 ай артқа шегеріп анықталған нәтижеге 7 күн қосасыз.
Қазіргі уақытта туғанға дейінгі декреттік демалыс жүктіліктің 30 аптасында беріледі 126 күнге. Көп ұрықты жүктілікте 28 аптада 180 күнге беріледі.
Босану асқынған әйелдерге қосымша 14 күн беріледі.
30 аптаға дейін тірі бала босанса, туған мекемеден туғаннан кейін 156 күн декреттік демалыс беріледі. Бала өлі туылған жағдайда немесе ол туылғаннан кейінгі 7 күнге дейін өлсе, туғаннан кейінгі декреттік демалыс 86 күн.
Радиактивті зақымдалған аумақтарда тұрған әйелдерге туғанға дейінгі декреттік демалыс 90 күнге, ал туғаннан кейін 70 күнге беріледі.
Жаңа туған баланы асырап алған жағдайда туылған жердегі мекемеден туғаннан кейінгі декреттік демалыс 70 күнге беріледі.