ҚР ҚН 3.02-07-2014* 20
қалдықтарды кезекті тасымалдау мен қауіпсіз кәдеге жарату арқылы оларды жинау мен
ӛңдеу үшін арнайы үй-жайлар мен контейнерлер қарастыру керек.
5.4.5.5 Қоқыстарды ғимараттан шығару жүйесін бір тәулікте жиналатын қоқыстың
аймақтық нормативтеріне қарай (ғимаратты кӛріктендіру дәрежесін ескере отырып)
есептеу қажет.
5.4.5.6 Қоқыс салғыштың діңгегі ауа ӛткізбейтін және құрылыс конструкцияларынан
дыбыс оқшауланған болуы және тұрғын ғимараттарға, сондай-ақ адамдар үнемі іште
болатын қызметтік үй-жайларға тиіп тұрмауы керек.
5.4.5.7 Қоқыс жинау камерасын тура қоқыс салғыш діңгегінің астына орналастыру
қажет.
5.4.5.8 Қоқыс жинау камерасын тұрғын бӛлмелер астына немесе олармен
шектестіріп, сондай-ақ адамдар үнемі іште болатын үй-жайлардың астына орналастыруға
жол берілмейді.
5.4.5.9 Вакуумдық шаң тазалайтын орталық немесе құрама жүйелерді басқа
ғимараттарда пайдалануға қажетті болған жағдайда жобалау қажет.
Қалған жағдайларда үй-жайлардағы шаңның тұрмыстық шаңсорғыштармен
тазалануы немесе қолмен (ылғалды) тазалануы қарастырылуы қажет.
5.4.6 Ҥй-жайды табиғи жарықтандыру және инсоляция 5.4.6.1 Жобалау кезінде адамдар денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаны қорғау
бойынша санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуы қамтамасыз етілуі керек.
5.4.6.2 Қоғамдық ғимараттардағы үй-жайлардың табиғи және жасанды жарықпен
жарықтандырылу деңгейі ҚР ҚН 2.04-01 және қолданыстағы санитарлық-
эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келуі керек.
5.4.6.3 Қоғамдық ғимараттар үй-жайларындағы жалпы жарықтандыру біркелкі
болуы керек. Жалпы жергілікті жарықтандыруды:
- стационарлық ірі жабдығы бар үй-жайларда (дүкендердің сауда залдары, мұрағат
және кітап сақтау орындары);
- экспозиция жазықтықтары тұрақты кӛрме үй-жайларында;
- жұмыс орындары жекелеген учаскелерге (тігу және жӛндеу шеберханалары, кір
үтіктеу орындары, зертханалар) жиналған топ болып орналасқан үй-жайларда,
- әртүрлі учаскелерінде талап әрқалай жарықтандырылуды талап ететін әртүрлі
дәлдіктегі жұмыстар орындалатын үй-жайларда қарастыру қажет.
5.4.6.4 Табиғи жарықтандырусыз тӛмендегідей орындарды жобалауға болады:
- жертӛле қабаттарына орналастыруға болатын үй-жайларды;
- акт залдарын;
- конференц-залдарды, дәрісханалар мен кулуарларды;
- дүкендердің сауда залдарын;
- тамақтану блогының ас үй ыдыстары жуылатын орындарды, буфеттерді және
мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту ұйымдарының қызмет кӛрсетуші
қызметкерлерінің бӛлмелерін;
- кӛрсету, спорттық-кӛрсетілім және спорттық-ойын-сауық залдарын;