Шәді Жәңгіров(1855, Сырдария губерния Қызылкөл мекені, Созақ ауданы – 12.11.1933, қазіргі Өзбекстан, Сырдария облысы Қаратөбе мекені) – қазақ ақыны. Төре әулетінен шыққан. Әкесі – Жәңгір (Жаһангер) момын мінезді, шаруаға икемді, ал анасы – Мәуті әнші, домбырашы кісі болған. Шәді сауатын ерте ашады. Шаян (1865 – 1867), Қарнақ (1868 – 1870), Бұхарадағы Көкелташ (1871 – 1876) медреселерінде оқып білім алды. Араб, парсы, түрік, шағатай тілдерін үйреніп, Шығыс шайырларының, философтарының, тарихшыларының еңбектерін түпнұсқадан оқып сусындады. Орта Азияның көптеген шаһарларын аралайды, өзбек, тәжік, қарақалпақ, түрікмен ақын-жырауларымен, әнші-күйшілерімен танысады. 1877 жылы туған мекені Қызылкөлге оралады. Шәді – Шығыс классикалық әдебиетінің назиралық үлгісін жете меңгерген, гуманистік, ағартушылық бағытта дәстүрлі тақырыптарды жырлаған, мазмұн мен түрі жағынан, идеясы мен сюжеттік желісі тұрғысынан мүлдем жаңа, қолтума төл шығармалар жазған ақын. Ол ұлы орыс халқының ерлікке толы тарихынан реалистік поэма («Ресей патшалығында Романов нәсілінен хұқмыранлық қылған патшалардың тарихтары һәм ақтабан шұбырыншылық заманнан бері қарай қазақ халқының ахуалы», Орынбор, 1910) жазды. Шәді бұл шығармасында Қазақстанның өз еркімен Ресейге қосылуының прогрессивтік мәнін нақтылы тарихи деректермен, білгірлікпен көрсеткен. Шәдінің әдеби мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан: «Шәр дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» (1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), «Хикаят Орқа-Күлше» (1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т.б. «Тарихнама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған. Шәдінің сүбелі шығармасының бірі – «Шер дәруіш» («Төрт дәруіш»). Бұл дастан бір басылымында (1913) «Назым шәр дәруіш» деп те аталған. Шығарма сюжеті «жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген» төрт жиһангездің басынан кешкен оқиғалары арқылы өрбиді. Ақын дастанында адамның рухани мүмкіндігіне, күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді, ақыл-ойды, махаббатты, әділдікті, бауырмалдықты мадақтайды. Бұл дастан сюжеті бұрын да өзге түркі халықтары арасына қисса болып кең тараған. Шәді «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» дастанын да Шығыс аңыз әңгімелерінің сюжетін пайдалана отырып жазған. «Атымтай Жомарт хикаясы» деген атпен қазақ арасына тараған әңгіме сюжетіне құрылған «Хатымтайдың хикаясы» атты дастанда мазмұны жағынан өзара сабақтас төрт хикая бар. Ақын бұларда жұртты адамгершілікке, мейірімді, бауырмал болуға үндейді. Сараңдық пен дүниеқұмарлықты тәрк етеді. Ал «Хикаят Орқа-Күлше» атты лиро-эпикалық дастанында сүйіске екі жас арасындағы мөлдір махаббатты жырлады, шынайы достық, ізгі адамгершілікті мадақтады. Бұл дастан оқиғасы да ертеректе Шығыс халықтары арасында кең тараған әңгіме сюжетінен алынған. Шәдінің қиял-ғажайып ертегілері мен аңыз-әңгімелер негізінде жазған «Хикаят Қамарзаман» дастанында қиял-ғажайып оқиғалар адамдардың өміріндегі әдеттегі реалдық істерімен, күнделікті тұрмыста кездесетін көріністерімен ұштасып, тығыз байланысып жатады.
Н.Орманбетов пен Ғ.Қараштың өлеңдеріндегі азаттық идеясы өз заманының шындығын дәлелдеу үшін қазақ әдебиетіне қалдырған мұра екендігін көрсетіңіз.
«Таныстыру» поэмасындағы көркем бейнелер мен тарихи тұлғалар арасындағы айырмашылық – ұқсастық белгілерді жазыңыз.
Үзіндіден өмір бойы жинаған білім қазынасын оңашада қағаз бетіне түсіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізуді мақсат еткен қаламгерді анықтаңыз. Қазақ әдебиетіндегі орнына баға беріңіз.
Шығарма атауын тауып, өлең жолын толықтырыңыз. Асты сызылған жолдарға тоқталып, заманауи қоғаммен салыстырыңыз:
Параланып әкімдер пұлға толды.
Іріктеп көріктісін пұлға сатып,
Пышаққа жарайтынын қырып болды.
Мұсабек Байзақұлы (Сайлау деген елге бір бүлік болды)
Сайлау деген елге бір бүлік болды,
Параланып әкімдер пұлға толды.
Іріктеп көріктісін пұлға сатып,
Пышаққа жарайтынын қырып болды.
Не нарлар түсті базар жетектеліп,
Шашылды ақша көшеге етектеліп.
Елдегі бұл сайлаудың бүлігіне,
Ешкім шыдас берместей төтеп келіп.
Береке осы күнде момында жүр,
Мал бағып момын байғұс амалдап жүр.
Амал құмар мырзалар қарыздар боп,
Айғырлай қамшы кесті шабандап жүр.
Сайлау елді бүлдірді бүлік етіп,
Ата- бала, ағадан- іні кетіп.
Бала қораз секілді не мырзалар,
Қызыл шақа боп қалды-ау жүні кетіп.
Пара жеп болыс қойды қалағанын,
Біртіндеп алды барып және малын.
Сайлауда көп құтырған бөрі болды,
Ортаға ап оңдырмай тұр талағанын.
Үзіндіге тақырыптық-идеялық талдау жасаңыз. Бүгінгі қоғаммен салыстыру жүргізіңіз.
Мәшһүр ғұмырнамасын зерттеуші ғалымдар қатары мен олардың еңбектерін тізіп жазып, мысалдар келтіріңіз.