Студенттердің ОҚудағы жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары «хх ғасырдың 40-60-жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы»


«Гүлкәшима» поэмасының ерекшелігі



бет6/14
Дата22.12.2022
өлшемі165,36 Kb.
#58940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
«Гүлкәшима» поэмасының ерекшелігі.

Мұхамеджан Сералин (1872-1929) ХХ ғасырдың басындағы белгілі қоғам қайраткері, ақын әрі журналист. Ол 1872 жылы Қостанай облысының Қарабалық ауданының 18-ші ауылында (кейінен бұл ауыл Серәлі ауылы атанған) туған.
ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының 
үлкен қоғам қайраткері, белгілі санаткері, көрнекті ақыны, танымал 
көсемсөзшісі. Қазақша-орысша білімді болған. Оның (“Топ жарған” 
(1900), “Гүлкәшима” (1903)) поэмалары қазақ жазба әдебиетіне елеулі 
үлес болып қосылды. М.Сералин өлеңдері қазақ өмірінің, әлеуметтік 
тұрмысының шындығын танытады (“Бай, патша һәм кедей”, “Бай, 
қасқыр, аңшы” т.б.). 
М.Сералиннің “Гүлкәшима” атты шығармасы (1903) – қазақ 
өмірінен алынып жазылған лирикалық поэма. Поэманың негізгі 
идеясы бас бостандығын аңсаған жастар мен әйел теңсіздігін жырлау 
болып табылады. “Гүлкәшима” поэмасы – махабатты жырлауда жазба 
кәсіптік әдебиет деңгейінде жазылған, өмір шындығын нақты 
көрсететін шынайы көркем туынды. Поэмада жекеленген бөлімдердің 
жүйелігі мен тұтастық желісі бар.
Ақын ескілікті әдет-ғұрыптарға және қазақ қоғамының кертартпа 
күйіне бас кейіпкердің (Баймағамбет) өлімі арқылы наразылық 
білдіреді. Поэмада еркіннен айрылған адал жардың сезім тазалығы 
жырланады. Шығарма сюжеті авторлық шешім арқылы жаңа жүйеде 
құрылған. Оқиғаның өрбуі көбіне хат арқылы беріліп, авторлық 
көзқарас арқылы түйінделіп отырады. Поэманың публицистикалық 
сипаты басым. Онда ауыз әдебиеті дәстүрінің белгілері де кездеседі. 
Поэмада қазақ тұрмыс-салты кең көрініс тапқан. М.Сералиннің 
“Гүлхашима” поэмасы ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясының ірі 
табысына саналды.

  1. «Топжарған» поэмасының тақырыбы мен мәні.

Мұхамеджан Сералин (1872-1929) ХХ ғасырдың басындағы белгілі қоғам қайраткері, ақын әрі журналист. Ол 1872 жылы Қостанай облысының Қарабалық ауданының 18-ші ауылында (кейінен бұл ауыл Серәлі ауылы атанған) туған. 
ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының 
үлкен қоғам қайраткері, белгілі санаткері, көрнекті ақыны, танымал 
көсемсөзшісі. Қазақша-орысша білімді болған. Оның (“Топ жарған” 
(1900), “Гүлкәшима” (1903)) поэмалары қазақ жазба әдебиетіне елеулі 
үлес болып қосылды. М.Сералин өлеңдері қазақ өмірінің, әлеуметтік 
тұрмысының шындығын танытады (“Бай, патша һәм кедей”, “Бай, 
қасқыр, аңшы” т.б.). 
“Топ жарған” поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық 
көтерілістің нақты шындығы көрініс табады. Поэманың басты 
кейіпкері Адай жігітінің бостандықты көксеген ой-арманы Кенесары 
көтерілісімен желілес беріледі. Поэмада Кенесары-Наурызбай 
көтерілісін қалың бұқараның жақтауы жеке кейіпкерлер сөздері 
арқылы беріліп, шындықты ашудың жақсы тәсілі қолданыс тапқан. 
“Топ жарған” поэмасында Кенесары көтерілісінің қазақ бұқарасының 
мүддесін қорғаған көтеріліс екендігі қилы тағдырлар тоғысы арқылы 
көрініс табады. Адай жігіті бейнесі – көтерілісті жүрек қалауымен 
жақтаған ерлер бейнесінің жиынтық образы. 

Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі – ақынның 


орыс классикасынан үйренуінің дәлелі. “Топ жар-ған” поэмасында тіл 
сонылығы бар. Тарихи шындықты, нақты өмірді тың теңеу, көркем 
суреттеулермен бере білген ақын поэмасының тарихи мәні өте зор. 



  1. А.Байтұрсыновтың шығармашылық өмірбаянының зерттелуі.

Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері – Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген. Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.
Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Әкесінің інісі [Ерғазы] Ахметті Торғайдағы 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді. Оны 1891 жылы бітіріп, Орынбордағы 4 жылдық мектепке оқуға түседі. 1895-1909 жылы Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде оқытушы, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші қызметін атқарады. Ол өте кемеңгер ,білімді тұлғаның бірі болған.
Шығармалары Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған. Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған-терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді. Қазақ тілінің негізін қалаушы ретінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Сол 1911–1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаха- наларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912–1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым «Әліп-бидің» жаңа түрін жазды. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танып-танытудағы қызметі енді мектепте қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Осы тұста оның атақты «Тіл – құрал» атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды. |

  1. «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы.

Ахметтің өлеңдері мен аударма мысалдары негізінен 1909 жылы жарық көрген "Қырық мысал" және 1911 жылы шыққан "Маса" жинақтарында жарияланды. Ақын поэзиясының басты бағыты — ағартушылық, яғни халықты ояту, білім беру, мәдениетті өмірге шақыру болды. "Маса" жинағына енген өлеңдер, негізінен, осы идеяға құрылды. Жинақтың осылай аталуының өзінде үлкен мән бар. Ақын өз сөзінің масаның ызыңындай болса да халықтың құлағына жетуін көздейді.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса, — деп үміттенеді. Мұндағы маса сергектік пен оянуды, қозғалыс, серпілісті бейнелейтін ұғым. Ол "үстінде ұйықтағанның айнала ұшып" ызыңдайды, қоғамның, адамдардың енжар күйден арыльш, серпілуіне қызмет етеді.
"Маса" жинағының негізгі идеясы халықты рухани жаңғыруға шақыру болды. Ахметтің ойлары Абай мен Ыбырай, Шоқандардың ағартушылық бағытымен үндесіп жатты. Жинақтағы көп өлеңдерінде ақын осынау ұлы ағартушылардың дәстүрін ілгері жалғастырды.
Алаш рухты әдебиеттің іргетасын қала­ған ақынның бірі Ахмет Байтұрсын­ұлы­ның 1905-1911 жылдары жазған өлеңдері 1911 жылы Орынбор қа­ла­сында жарық көрген «Маса» атты жи­на­ғында басылды. Бұл жинақ алғысөз іспеттес «Маса» деп аталатын төрт жол өлеңмен және «Сөз иесінен» деп аталатын екі шумақпен басталады.
Түсіне қарап,
Ішінен түңілме!
Күшіне қарап,
Ісінен түңілме,–
деген ескертуі арқылы ақын нені мең­зегендей? Негізінен масаның бар күші – шағу, ал ісі – адамды ұйқысынан ояту еке­ні бәрімізге белгілі. Біздіңше, бұл ара­да Ахмет Байтұрсынұлы оқыр­манына масаның түсі мен күшіне назар аударта отырып, осы өлеңдер жинағына сипаттама жасаған тәрізді. Олай дейтініміз, кейін­гі өлең жолдарында осы масаның түс­теріне арнайы тоқталып, мұны да тұспалдап жеткізеді.
Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,
Сап-сары, аяқтары ұзын маса.
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара, яки қызыл маса.
Қалың ұйқыда жатқан қазағын оят­пақ­қа ұмтылған жинақты «ызыңдап ұш­қан» масаға балауы түсінікті. Ал «сап-са­ры, аяқтары ұзын масасын» ақын «біздің маса» деп көпше түрде беруі қалай? Және оның «өзіне біткен түсі өзгерілмес» деп алып, «қара, яки, қызыл» дегенді тағы айтады. Ақынның бұл жұмбағы, әрине, сол кездегі қазақ зиялыларына ұғынық­ты еді.



  1. «Қырық мысал» жинағының тақырыптық-мазмұндық сипаты.

 Ахмет Байтұрсыновтың қаламынан туған мысалдар негізінде аударма түрінде. "Қырық мысал" жинағы түгелдей орыс мысалдарының, оның ішінде И. Крылов шығармаларының аудармасы болып келеді. Бұл кезеңде қазақ әдебиетіне көркем аудармаға деген талпыныс күшті болды.
XX ғасырдың басындағы әлеумет жағдайы, ағартушылық, демократтық ой-пиғыл ауаны аударма туындылар, оның ішінде аударма мысалдар арқылы жаңаша серпіліс тудыруға, бұқараны алға жетелеуге болатынын ұқтырды. Бұл салада бірқатар тәжірибе де қалыптасты. Абай, Ыбырайлар негізін салған игі дәстүр жалғасын тапты.
Ахмет Байтұрсыновтың "Қырық мысал" жинағы да, міне, осы дәстүр үлгісінде туды. Жинаққа қырық мысалдың аудармасы енді. Олардың тақырыбы әр алуан. Оларда көшпілікке ұғымды идея қазақ тұрмысына етене таныс суреттермен ұласа келіп, тамаша ғибратты ойлар ұсынады. Атап айтқанда, "Аққу, шортан hәм шаян", "Қарға мен түлкі", "Қасқыр мен қозы", "Қартайған арыстан", "Айна мен маймыл", т.б. өзге аудармашылар арқылы бізге бұрын да таныс шығармалардың өзі жаңаша мазмұнда көрінеді.
"Аққу, шортан һәм шаян" мысалында бір затты үшеуі үш жаққа тартып, орнынан қозғай алмаған аққу, шортан, шаянның әрекеті баяндалады.
Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн. Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.
Тартады Аққу—көлге, Шаян—кейін. Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін, — деп басталатын мысалдың өне бойынан аудармашы ақынның шеберлігі анық сезіледі. Аудармада мін жоқ. Аударма емес, қазақтың төл тұрмысынан алынып жазылған өз өлеңі тәрізді. Мысалдың соңынан Ахмет Байтұрсынов оқырманына осы оқиғадан шығатын өз қорытындысын ұсынады.
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болса жолдас.
Бірінің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.
Ақынның өз жанынан қосқан бұл түйінді ойы көпшілікке түсінікті әрі нақты ғибрат береді.
Ахмет Байтұрсыновтың орыс мысалдарын аударудағы негізгі ерекшелігі осында. Яғни ол орыс тұрмысынан алынған оқиғалардың өзін қазақ тіршілігіне соншалықты жақындатуға тырысады. Және сонымен бірге әрбір мысалдың соңында авторлық қорытындысын беріп отырады.
Ғибратты ойларға жетелейтін "Ала қойлар", "Қартайған арыстан", "Үлес", "Өгіз бен бақа", "Қайыршы мен Қыдыр", "Ат пен есек" сияқты көптеген мысалдарда қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды көрсететін оқиғалар, сол кезеңдегі адамдардың психологиясы мен жайлар, өнегелі тұжырымдар аса мол. Аудармашы тұпнұсқа оқиғасының баяндалу сипатына көркем ой мен әдемі сурет қосып, автор пікірін жандандыра түседі. Өз жанынан оңтайлы детальдар қосады. Неғұрлым қазақ оқырманына түсінікті болуын көздейді.
"Қартайған арыстан" мысалында әбден қартайып, бойынан әл-қуаты кеткен кешегі аң патшасының есектен қорлық көрген жайын суреттей келіп аудармашы:
Бақ қонса, сыйлар алаш ағайын да,
Келе алмас жаман батыл маңайыңа.
Басыңнан бақыт құсы ұшқан күні
Құл-құтан басынады малайың да, — деген таза қазақи ғибрат ұсынады.
Қорыта айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың қаламынан туған аударма мысалдардың тақырыбы мен кейіпкерлері сан алуан болғанымен, аудармашының оларды аударудағы мақсаты біреу-ақ. Ол — халыққа ғибратты ойлар, нақты насихат айту. Адамдарды адамгершілікке, ынтымақ-бірлікке, жаман әдеттерден арылуға шақыру.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет