Студенттердің ОҚудағы жетістіктерін бағалау және бақылау материалдары «хх ғасырдың 40-60-жылдарындағы қазақ әдебиетінің тарихы»


А.Байтұрсыновтың көсемсөз саласындағы еңбегі



бет7/14
Дата22.12.2022
өлшемі165,36 Kb.
#58940
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
ДКЯЛ2-20к Емтихан жауаптары

А.Байтұрсыновтың көсемсөз саласындағы еңбегі.

XIX ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ баспасөзі қазақ халқының əлеуметтік, қоғамдық жағдайлары туралы мақалалар жариялай бастады. «Дала уалаяты», «Түркістан уалаяты»,
«Қазақ» газеттері мен «Айқап» журналы арқылы қазақ публицистикасы дүниеге келді. Əдебиетте де жаңа жанр түрлері өркендей бастады. Соның ішінде өркендеген, кең құлаш жайып, күрес құралына айналған публицистика болды. Күнделікті баспасөз беттерінде заманымыздың озық ойлы адамдарының отарлық езгідегі халқымыздың ғасырлардан бері жиналып келген, əбден пісіп-жетілген сыртқа шығарған толғанысқа толы мақалалары жарияланып отырды. Олар алдымен отарлық езгі жағдайында аяқ асты болған мүддені қорғай алатын, сол арқылы қазақ елінің прогресшіл ел қатарына енгізетін негізгі басты фактор — ұлттық мемлекет құру деп білді.
Қазақ халқының тарихында ұлы өзгерістер мен қиын-қыстаулар алып келген ХХ ғасырдың басында Ресейдегі қоғамдық-саяси оқиғалар ұлттық сананың өсуіне, қоғамдық ой-пікірінің əлеуметтік мəселелерге батыл араласа бастауына ықпал жасады. Ол отырықшылық пен көшпелілік, ел басқару ісіне араласу, жер жəне заң, ұлттық тəуелсіздік, дін, оқу-ағарту секілді заман алға тартқан күрделі мəселелерді жан-жақты көтеріп, халық мүддесі тұрғысынан шешуге талпынды. Осының барлығы жинақтала келіп, ғасыр басындағы қазақ баспасөзін туғызды, олар осы қоғамдық-əлеуметтік ой-пікір орталығына айналды, ұлттық публицистиканы дамытты.
Ақаңның аты аталған жерде «Қазақ» газеті қоса аталады. Ахмет Байтұрсыновтың тыныс тіршілігіндей болып, қазағына əсерлі, зерделі ой салған «Қазақ» газеті халқына үлкен қызмет жасады.
«Қазақ» газеті — Ақаң көсемсөзінің айнасы іспеттес. «Қазақ» газеті Ахаң көтерген идеяны публицистика тілімен халыққа тікелей жеткізуге қолайлы жағдай туғызды. Сол бір аласапыран тұста əрбір мəселеге, қазақ халқының тағдырына қатысты оқиғаларға өз көзқарасын білдіріп отырды.
Ахмет Байтұрсыновтың көсемсөзін, шығармашылығын шола отырып көп уақытын, күш-жігерін оқу-ағарту ісіне, ел мəдениетін көтеруге ұмтылған ағартушылыққа жəне əдебиеттану, тілтану саласын ұлттық ерекшелік тұрғысынан зерттеген ғалымдық қызметіне арнағанын байқаймыз. Ахмет Байтұрсынов өз қоғамындағы барлық маңызды мəселелерді сөз еткен. Көсемсөзінде бірқатар орын алатын оқу, білім, өнер тақырыбы. 1911 жылы жазған «Қазақ өкпесі» деген мақаласында: «Ата жолдасы — надандық, өнерсіздік қазір қазақтан айрылатын емес. Надандықтың кесапаты əр жерде-ақ маңдайымызға тисе де, ата жолдасымыз болған соң, біз де қиып айрылмай-ақ келеміз. Олжалы жерде үлестен қағылғанымыз, жоралы жерде жолдан қағылғанымыз бəрі де надандықтың кесапаты», — деп күйіне жазған Ақаң халқын оқу-білімге, мəдениетке тартуға көп еңбек етті. «Бала оқытатындар бала оқытуын жақсы білерге керек. Бала оқытуын жақсы білейін деген адам, əуелі басқаларға үйретпекші нəрселерін өзі жақсы білерге керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам боларға керек. Оны білуге баланың туғаннан бастап, өсіп жеткеніне тəнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын білерге керек. Баланың ісіне, түсіне қарап ішкі халінен хабар аларлық болу керек. Ол үшін бала турасындағы ғылымды білерге керек» [1; 252], — деп оқытушы, мұғалімдерге талаптар қояды да, ары қарай осы талаптарды орындағанда қазақ оқытушыларының да, оқушыларының да ұтатын тұстарын көрсетеді: «Қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктердің көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Бұл күндегі үлкендердің көбі біздің жаңалық ісімізді жатырқап, жаңалық пікірімізді түсінбей, айтқанымызды тыңдамай отыр. Олар өтіп, кейінгі жастардың да заманы жетер. Жаңалыққа жастар мойын бұрып, қайырылар, халық түзелуінің үміті жастарда. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тəрбиеленуі — бəрінен бұрын ескеріп, бəрінен жоғары қойылатын жұмыс».
Ахмет Байтұрсынов өзінің көсемсөздерінде оқу-ағарту мəселесіне көп көңіл бөлді. «Қазақша оқу əлі бір белгілі тəртіпке келіп жеткен жоқ, кемшілігі есепсіз көп. Қазақша оқу кітаптары жаңа ғана көрініп келеді: тəртіппен оқытарлық мұғалімдер аз, оқу программасы жоқ, белгілі оқу жылы жоқ, салған мектептер жоқ, мұғалімдерге арналған айлық ақы жоқ, қазақша оқуды аймаққа бірдей жеткілікті етерлік жасалған өрнек жоқ, оқыту ғылымын үйрететін даримұғалимин жоқ», — деп қазақ мектептерінің заман талабынан тысқары қалып отырған жай-күйін күйзеле жазады [1; 255].
Ұлт ұстазы А.Байтұрсынов қалдырған рухани жəне ғылым-білім саласындағы орасан зор мол мұра ел тарихында алатын орнымен ғана емес, бүгінгі таңда да мəн-мағынасын жоймаған көкейкестілігімен де ерекшеленеді. Ол отаршылдық пен езгіге қарсы шыға отырып, қазақ көсемсөзінде тұңғыш рет отаншылдық, патриоттық ой-пікірлерді таратушы болды. Ахмет идеясы елді оятты. Алдымен ойы бар, ақылы бар жас таланттар оянды [2; 18]. Дəуірдің негізгі оқиғаларына өзі куə болып, ой елегінен өткізген елі мен жерінің тағдыры қатты толғантқан жас дарындар отаршылдық идеяға қарсы болып, қазақтың еркін өмір сүруін қалады [3]. Ахаң армандаған азаттық рухтың биіктігі, гуманизм, демократтық көзқарас отансүюшілік, туысқандық идеясын ту етті.

  1. А.Байтұрсыновтың ғалымдық еңбегі.

Бізді әдебиет теориясымен тұңғыш таныстырған адам – адам Ахмет Байтұрсынов. Оның жазған әдебиет теориясы, ұмытпасам, “Әдебиет танытқыш” деп аталатын екі кітап болатын. Бірінші кітапта әдеби терминдермен таныстырып, әрбір термин сөздің мән-мағанасын ұғындырып, бірнеше мысал келтіріп, қалған мысалдары екінші кітаптан оқып, танысуға сілтеме жасап отыратын. Өнердің түр-түрімен таныстыратын. Мысалы, “архитектура” деген сөзді – сәулет өнері, “скульптура” дегенді сымбат өнері деп атап, түсіндіріп беретін.
Ахаңның ғалымдық еңбектері: “Оқу құралы”,бірінші кітап “Баяншы” — 8000, “Оқу құралы” — 50000 екінші кітап, “Тіл құрал” бірінші жылдық – 35000, “Тіл құрал” екінші жылдық — 25000, “Қырық мысал” – 5000, “Маса” – 5000 тиражбен шыққан.
Ахметтің «Маса» атты әйгілі өлеңдер жинағы 1911 жылы басылып шықты. «Маса» — патша заманында қазақ халқының басынан кешкен аса ауыр хал-ахуалын айнытпай суреттеп берген, шыншыл көркем шығарма. Қазақ әдебиетінде ешқашан тарихи маңызын жоймайтын дәуір (эпоха) туындысы.
Байтұрсыновтың «Қырық мысал» кітабы тұңғыш рет, 1903 жылы басылып шықты. Ол кітапта Пушкиннен аударған өлеңдері де болушы еді. «Қырық мысал» Крыловтан аударма дегенімен, сөзбе-сөз аударма емес. Байтұрсынов Крылов мысалдарының тақырыбын ғана алып, өзінің төл шығармасындай емін-еркін жырлап кетеді. Және әрбір мысал өлеңнің соңында келетін ой-пікір түйіні (сентенция) – Ахметтің өз қорытындысы. өз пікірі. Мысалы, «Аққу, шортан һәм шаян» мысал өлеңнің қорытындысында:
Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас,
Әуелі бірлік керек болсақ жолдас.
Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,
Істеген ынтымақсыз ісің оңбас, —
десе, «Үлес» өлеңінде баяндалатын уақиғаның қорытындысында былай дейді:
Ойласақ уақиға емес болжайтұғын:
Ел қайда өзін даудан қорғайтұғын,
Қазіргі пайдасына бәрі жетік,
Адам аз алдын қарап болмайтұғын.
Аңдыған бірін-бірі жуадан жаман,
Байқасақ, ел белгісі оңбайтұғын,
Бұл белгі табылып тұр біздің жұрттан,
Таласып бір-бірінің жүзін жыртқан.
Алданып арадағы дау-шарына,
Қатерден қапері жоқ келер сырттан.
«Қалың қазақ жұртының алғашқы естіген төңкеріс рухындағы сөзі «Қырық мысал» болатын», — дейді Мұхтар Әуезов.
Бізді әдебиет теориясымен тұңғыш таныстырған адам – Ахмет Байтұрсынов. Оның жазған әдебиет теориясы, «Әдебиет танытқыш» деп аталатын екі кітап болатын. Бірінші кітапта әдеби терминдермен таныстырып, әрбір термин сөздің мән-мағынасын ұғындырып, бірнеше мысал келтіріп, қалған мысалдарды екінші кітаптан оқып, танысуға сілтеме жасап отыратын. Өнердің түр-түрімен таныстыратын. Мысалы, «архитектура» деген сөзді – сәулет өнері, «скульптура» дегенді – сымбат өнері деп атап, түсіндіріп беретін. Орыс ғалымдарының Ахмет Байтұрсыновты: «Основатель теории казахской литературы» — деп және қазақтың ең тұңғыш әрі аса ірі лингвист-ғалымы, қазақ тілінің емлесін жасап берген реформатор, қазақ тілі грамматикасының негізін салып, қалыптастырушы деп атап көрсеткен. Байтұрсыновтың осындай баға жетпес, тарихи ерекше еңбегін терең зерттеп, талдап жазып, қалың жұртшылыққа ұғындырып беру қазақтың оқымысты, тілші, әдебиетші мамандарының абыройлы борышы.
Елдің бәріне түсінікті, қарапайым мысал ретінде айтсақ: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік,, үстеу, демеу, жалғау, септеу … дегендерді Ахмет Байтұрсыновқа дейін кім білуші еді!
Ұлы ағартушы Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып, нағыз ғылымдық дәрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген – Ахмет Байтұрсынов.

  1. М.Дулатовтың шығармашылық өмірбаяны.

Міржақып Дулатов бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерлік шаруасы бар, қолы шебер адам болған. Кіші баласы Міржақыпты ауыл молдасына оқуға береді. Екі жылдан кейін ол ауылдық мектепте Мұқан Тоқтарбайұлы деген мұғалімнен орысша сабақ алады. Міржақып Дулатов өзі жазған өмірбаянында «1897жылы мен екі сыныптық орыс-қазақ училищесіне түстім, оны бітіргеннен кейін оқытушылар курсында оқып, ауыл мұғалімі деген мамандық алдым. Осымен менің оқу орындарынан білім алуым аяқталды. 1902 жылдан бастап ауылда мұғалімдік қызметімді атқара жүріп, бос уақытымды білімді жетілдіруге жұмсадым» - деп жазады.
Торғай топырағына білімнің ұрығын сеуіп кеткен Ыбырай Алтынсарин мектебі жас ұрпаққа бұл кезде игі ықпалын тигізді. Мұқан мұғалім де, Ахмет Байтұрсынов та, ағасы Асқар да Ыбырай Алтынсарин мектебінің түлектері еді. Міржақып өз бетінше ізденіп, орыс тілін жете меңгереді. Орыс жазушылары шығармаларымен танысады. Мұғалім болған 6 жыл ішінде оң мен солын танып, ұлт қамы үшін күресуге дайындалады. Ақындық талантын да осы жылдары таныта бастайды. Осы кезден бастап-ақ Жақаңның бар ғұмыры халқымен тығыз байланысты болды. Осы арада бір ғана «Серке» газетіндегі «Жастарға» атты өлеңі мен жариялана түсіп жабылып қалған.
Енді, міне, белгілі бір мөлшерлі мезгіл жеткенде, ел жадындағы ұлы тұлғаның ғибратты ғұмырына көңіл бөліп, тағзым етудің орайы келіп тұрғандай. Демек, бұл тұста Міржақып Дулатұлы кім деген сұраққа мән бермей қоя алмаймыз. Оның халық деп соққан жүрегінің дүрсілі ғасыр сағатының тіліндей тырсылдап естіліп тұратынына ешкімнің күмәні болмаса керек. Ендігі сұрақ - біз оның табиғи болмысын қаншалықты түсіне білдік.
Өткен ғасырдың ұшар басында Торғайдың қазақ-орыс мектебін бітіріп, кейіннен Қостанайдағы бір жылдық курсты бітіріп, мұғалімдік куәлік алып, Міржақып бір-екі жыл ауыл мектебінде бала оқытады. Елге адал еңбек көрсете жүріп, елдің әлеуметтік өмірінен хабардар болған көзі ашық жігіт ауыл түлегіне көңілі толмады. Әр түрлі салаға ой жүгіртіп, әлденелерге алаңдаулы болды.Сондағы оны ең мазалағаны, ауыл балаларына білім беруге жағдай жасалмағаны, оқулықтардың жоқтығы.
Мектеп қабырғасында меңгерген ғылымы пәндерден алған білімін әрі қарай жалғастыру керектігін ойластыратыны. Әсіресе көбірек әуестенетіні - әдебиет. Бос уақытында әдеби кітаптар оқуға тілін жаттықтырып, азды-көпті өлеңдер де шығара бастайды. Көбіне жазатыны - ел өмірінің ахуалы. Ана тілінде шығатын елдің қамын ойлайтын зиялы азаматтар сөзін көп оқиды. Сондайда көбірек көз тоқтататын екі есім бар. Бірі - Әлихан Бөкейханов деген кісі де, екіншісі - бүгінде жұрт аузында жиі айтылатын Ахмет Байтұрсынов.
Жас жігіт осындай екі ұлы тұлғаны бір көрсем деген ниетке беріле бастайды. Ақыры 1904 жылы, омбы қайдасың деп, солар тұрған қалаға қарай тартып отырады. Айтқандай-ақ өз дегеніне жетіп, іздегенін табады. Солардың жылы шырайын көріп, тығыз араласады. Әлихан өзінен кішіге «шырақ» деп сөйлейді екен, ол Ахмет ағасы мұны бір көргеннен-ақ, жақын тартып, «інішек» деп атап кетеді.
ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының өзекті мәселелерін күн тәртібіне шығарған және қазақ зиялылырының еркін пікір алаңына айналған. «Қазақ» газеті жарық көре бастағаннан бастап оның бас редактор Ахмет Байтұрсынұлының орынбасары қызметінде Міржақып Дулатұлы болды.
Тарихшы Мәмбет Қойгелдиевтің пікірнше, сол кездері көпшілікке танымал болған «Қазақ» газетін Міржақып Дулатұлының қарымды қаламы, көксемсер сөзі, жалынды публицистикасының елестету мүмкін емес. Ол еңбектерінде ол Міржақып туралы: «Міржақып өте жылдам жазған және өте өткір тақырыпқа жазған. «Қазақ» газеті сондай сапада, сондай биіктіктен көрінуіне, меніңше, бірден-бір Міржақып Дулатұлына қарыздар. Жалпы Міржақып Дулатұлы – қазақ журналистикасын жаңа сапаға көтерген адам»,- деген пікір айтыпты.
Сөйтіп әйел теңсіздігін жоқтаған, өз заманындағы озбырларды әшкерелеген Міржақып 1935жыл Сосновск станциясындағы жазалау лагерінде ауыр науқастан көз жұмады. Өмірден өтсе де, Міржақыптың рухқа толы жалын жырлары ел есінде мәңгі жаңғыра бермек.



  1. Төмендегі үзіндінің авторы. Шығарма тақырыбы мен идеясына тоқталыңыз.

  2. Б.Күлеевтің әдеби мұрасының әрқилылығы. Абай үлгісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет