Наушабаев Нұржан (Нұрмұхамбет) (1858, қазіргі Қостанай облысы Алтынсарин ауданы – 1919) – ақын. Діни-ағартушылық бағыттың көрнекті өкілі. Анасы Қадишадан (Шал ақынның қызы) жастайынан айырылған ол нағашыларының қолында тәрбиеленген. Троицк қаласында З.Расулов медресесінде білім алған. Жастайынан араб-парсы тілдеріндегі кітаптар мен татар, башқұрт жазушыларының шығармаларын оқыды, әнші, сері, балуан атанып, дидактик. үлгідегі нақыл, терме, толғау, мысал және назым, ғақлия жырларын жазды. Оның 40 шақты өлеңі мен айтыстары “Жұмбақ. Нұржан мен Сапарғалидың жұмбақ айтысы” (1903), “Маңзұмат қазақия” (1903), “Алаш” (1910) атты жинақтарында Қазан қаласында басылған. Наушабаев өлеңдерінің негізгі тақырыбы – өнер-білім мен адамгершілік қасиеттерді насихаттау. “Заманның қалпына айтылған сөз”, “Тақпақ”, “Терме”, “Леп ұрған жігітке” өлеңдерінде, сондай-ақ А.И. Крыловқа еліктеп жазған “Түлкі мен әтештің хикаясы”, “Өгіз бен есек”, т.б. мысалдарында адамның мінез-құлқы мен жамандық-жақсылық, әділдік жайын, замана бағытын, қоғамдық құбылыстарды сипаттады. Адам бойындағы қараулық, дүниеқорлық, тойымсыздық көріністерін сынады. Дидактикалық жанрда жазылған “Қырық тілек” атты 13 жұмбақтан тұратын ғақлия өлеңі көркемдігімен ерекшеленеді. Қоғамдық жайларды исламдық тұрғыдан таразылап, діни өлеңдерінде Құран Кәрімнің маңызын, қасиетін түсіндіруге талпынған ақын мұсылманның парыз-уәжіптеріне талдау жасайды (“Қырық парыздың баяны”, т.б.). Наушабаев шығармаларында татар ақыны, әнші Сапарғали Қуанышұлымен жұмбақ айтысының орны ерекше. Хат үлгісіндегі жазбаша сөз сайысында қарсыласы тарапынан қойылған 25 жұмбаққа Наушабаев тапқырлықпен жауап беріп, білімдарлығын көрсеткен. Айтыс көркем тілімен, заман ағысы мен қоғамдық өзгерістерді шебер бейнелеуімен құнды. Айтыс мәтіні 359 жолдан тұрады, алғаш “Манзұмат қазақия” (1903) кітабында, кейін “Айтыс” жинағының 2-томында жарық көрді. Ы. Алтынсаринге арнаған өлеңінде ағартушының еліне, замандастарына өнеге көрсеткен биік азаматтық тұлғасы айқын көрініс тапқан. Өлеңнің 3 шумағы Ы. Алтынсарин құлпытасына қашап жазылған. Ақынның “Көкем-ай”, “Көңіл ажар”, “Жан сәулем”, “Асылай”, “Мұқидаш”, “Бес тілек”, т.б. әндері ел арасына кең тараған.
Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Семей облысында 1858 жылы, 11 июль күні дүниеге келеді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол түста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен бірге кұйылады. «Мұтылғанның өмірі» атты автобиографиялық өлеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бес жасында ауыл молласынан сабақ ала бастағанын жазады.
Өлеңмен жастайынан әуестенген Шәкәрім өмір бойы өз шығармашылығында Абай салған жолды ұстанумен өтті. Сондықтан да Абайдың шын мәніндегі шәкірті, рухани мұрагері болып саналады. Шәкәрім өз бетімен заманына сай жеткілікті білім алды. Шығыс және Батыс әдебиетін зейін қойып оқып, араб, парсы, түрік және орыс тілдерін еркін меңгерді. Алғашқы шығармаларында жастарды Абайдан үйренуге шақырады («Жастық шақ туралы», «Кәрілік», «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық»), адам ниетінің түзулігін, адалдықты жырға қосты («Өмір», «Сәнқойлар», «Құмарлық», «Қалжыңбас»), оқу-білімге шақырып, адал сезім, таза сүйіспеншілікті жырлады. («Жастарға», «Анық асық әулие», «Шын сырым»). Шәкәрім өзі өскен ортадағы ру таласы, күншілдік, тақ таласы сияқты жағымсыз кұбылыстарға сын көзімен карады. Бұл мәселелерді «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек», «Айсұлу-Нартайлақ» поэмаларында, «Әділ-Мария» романында ашып көрсете білді. 1905-1906 жылдары Шәкәрім қажылыққа барады. Жолжөнекей ақын Парижде аялдама жасайды. Стамбұлда да тоқтаған деген жорамал бар. Осы қалалардың кітапханаларынан алған материалдары бойынша «Түрік», қырғыз, қазақ және хандар шежіресі» және «Мұсылмандық шарты» еңбектерін жазды. «Ләйлә-Мәжнүн» (1907) поэмасында Шәкәрім көпшілікке белгілі шығыстық сюжетті негіз етіп алып, махаббат пен кұштарлықты жырға қосты. 1917 жылғы Қазан төңкерісін үлкен үмітпен қарсы алып, оған өзінің өлеңдерін арнады. Шәкәрімнің халық арасында беделі жоғары болғанына қармастан, «Кеңес өкіметінің жауы» деген жалған айыппен түрмеге жабылды. Көп ұзамай абақтыдан босап шыққанымен, 1931 жылы сатқындардың қолынан қаза табады. Шәкәрім Құдайбердіұлы «Үш анық» аталатын философиялық «Мұсылмандық шарты» деген трактаттар авторы, көптеген орыс және Шығыс әдебиетінің озық үлгілі аудармалары Шәкәрім қаламынан туған. А.С.Пушкиннің «Дубровский» және «Боран» повестерін өлеңге түсіріп, Л.Н.Толстойдың Физули мен Хафиздің туындыларын қазақша тәржімеледі. Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы ұлы ойшыл ақын Шәкәрім шығармашылығы өзінің кең тыныстылығымен, шыншыл да сыншыл әуенімен ерекшеленді.Оның әдеби мұрасы сан алуан: философия, этнография, әдет-ғұрып және дін тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі композитор ретінде де танылды. Қазақ әдебиетінің бірегей классигі, ұлы Абайдың мұраттас мұрагер шәкірті, аса ірі ақын, ойшыл философ, тарихшы ғалым . Шәкәрімнің әкесі Құдайберді мен ұлы ақынымыз Абай ағалы-інілі туысқан адамдар.
Шәкәрім лирикасының тақырыбы мен идеясы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Семей облысында 1858 жылы, 11 июль күні дүниеге келеді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол түста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен бірге кұйылады. «Мұтылғанның өмірі» атты автобиографиялық өлеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бес жасында ауыл молласынан сабақ ала бастағанын жазады.
Құдайбердіұлының лирикалық қаҺарманыда Абай кейіпкерлеріне ұқсас. Оның басынан қуаныш пен күйініш те, үміт пен күдік те өтеді. Кей сәттерде мұңға беріледі. Бірақ, бұл қүрғақ пессимизм емес. Абай өлеңдеріндегі сияқты Шәкәрімде де «жүрек», «тіл», «сөз» ұғымдары мол ұшырасады. Лирикалық қаһарманының көңіл-күйін, ахуалын бейнелеу мақсатындаақын«жаралы жүрек», «улы жүрек», «жылы жүрек», «ет жүрек», «долы тіл», «ащы тіл», «тәтті тіл», «улы сөз» деген сияқты ұғымдарды образдылықпен пайдаланады. Көп ретте ақынның лирикалық қаһарманы «таза жүрек» іздеу жолында «ет жүрегін» қолына алып, «сүм жүректермен»айқасады. Заман деңгейінен аса алмай пұшайман болған көздерінде «дертті жүрекке» айналады. Шығармашылық жолы- ның өне бойында адамгершілік мәселесін, ардың тазалығын, имандылықты бірінші орынға қойып отырады. «Арың сатпа, терің сат, адалды ізде», -дейді ақын. Бұл мәселелерге ол өз елінің перзенті тұрғысынан қарады. Ойғабатты, толғанды. Абайға жүгініп отырады. Өзінің алғашқы шығармаларының бірі - «Жастарға» атты өлеңіңде ақын өзіне де, өзгеге де Абайды бағыт сілтеуші, жолбасшы ретінде ұсынды. Әлеңде жас ақынның сезімталдығы мен керегендігі танылды. Сол кезде небары отыздан жаңа асқан Абайдың кемеңгерлігін, даналығын, парасатын бағалай білудің өзі Шәкәрімнің осы қасиеттерін дәлелдей түседі. 21 жасында жазылған «Жастық туралы» өлеңінде Абайға тән өлең өрнегі, сезім суреттері мол. Өлеңнің ұйқасы да, өлшемі де өзгеше. Абайдың «Сегіз аяғымен» тамырлас. Өлеңде қыз сұлулығымен қоса жастықтың алаулаған жүрек бұлқынысын, ыстық сөзім, ар-инабат мәселөлерін ақын әсерлі зерлейді.
Шәкәрім-поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастырушы.
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Семей облысында 1858 жылы, 11 июль күні дүниеге келеді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол түста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен бірге кұйылады. «Мұтылғанның өмірі» атты автобиографиялық өлеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бес жасында ауыл молласынан сабақ ала бастағанын жазады.
Шәкәрім – Абай дәстүрін жалғастырушы деп айтамыз. Оған дәлел өте көп. Соның бірі Абайдың шығармаларының, оның ішінде өлеңдерінің тақырыптарына тоқталайық
Шәкәрім поэзиясы - өзінің көркемдік бар асылымен Абай стилін, реалистік дәстүрін дамытқан бай мұра. Абайдың реалистік дәстүрі – Шәкәрім шығар-маларының негізгі идеялық – көркемдік нысанасы. Шәкәрім өзінің ізгі ойларын, халқына деген ақ, адал көңілін өлеңмен өрнектеген ақын. Қай тақырыпты жырласа да, ол Абайдың гуманистік идеясы үлгісінде, реалистік тәсілмен жеткізуге күш салады. Ағартушылықтың бірден – бір жолы халықтың санасын ояту деп түсінеді. Сондықтан да ақын адамгершілік имандылық ар-ождан, ақыл мен іс істеу, адалдық әділдік, бірлік, еңбек, өнер - ғылымдарды насихаттау мәселелеріне айрықша көңіл бөледі. Шәкәрімнің ұстазы Абай жастарды, елді оқуға, білімге, ғылымға шақырды. Шәкәрім де осы дәстүрді жалғастырды. Шәкәрім Құдайбердіұлы - XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бас кезінде өмір сүріп, қоғамдық, әлеуметтік, рухани, мәдени, әдеби өмірге белсене араласып, адамгершілік, ағартушылық идеяларды уағыздаған қазақтың ұлы ақыны. Ол - сондай-ақ, прозашы, аудармашы, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін "Шаһкәрім" деп те көрсетеді. Туған жері - қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктері. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.
Шәкәрімнің проза жанрындағы еңбектері.
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Семей облысында 1858 жылы, 11 июль күні дүниеге келеді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол түста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен бірге кұйылады. «Мұтылғанның өмірі» атты автобиографиялық өлеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бес жасында ауыл молласынан сабақ ала бастағанын жазады.
Құдайбердіұлының прозалық шығармаларында осы тәрізді айқын бояу, айшықты суреттермен қатар, терең философия, халық даналығы, тарих тағлымы қоса еріліп жатады. Құдайбердіұлының философ, тарихшы, ойшыл ретінде танылуына себепкер болған «Үш анық», «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбектері көзінде жеке-жеке басылып шықты. Олардың жазылуына да Шәкәрімнің Ұлы ұстазы Абайдың ықпалы аз болмаған. Шәкәрімнің бозбала шағында оның білімділігін сөзген Абай оған қазақтың шежіресін жинауды тапсырады. Абайдың осы тапсырмасын жүзеге асыру жолында Шәкәрім ел ішіндегі түрлі әңгіме - аңыздарды жинаумен қатар, Батыс пен Шығыстың әйгілі ғалымдары Әбілғазының, Жүсіп Баласағұнның, Радловтың, Березиннің, Аристовтың, Левшиннің, басқада қытай, араб, парсы зерттеушілерінің еңбектерімен танысады. Оларда айтылатын тұрлі топшылаулар мен тұжырымдарды сараптай отырып, шежіре еңбек жазып шығады. Құдайбердіұлы өз өлеңдеріне арнап ән жазған компoзитор да. Оның сөзімді жүрегінен жиырмаға тарта әсем әуөзді әндер туды. Әсіресе оның «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» атты әндері нәзік сыршылдығымен, сөзімге байлығымен, компoзициялық тұтастығымен есте қалады. Абайдың тікелей тәрбиесін көрген шәкірт Шәкәрім өзінің көлемді де көркем шығармашылық мұрасын дүниеге әкелу барысыңда қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихындағы, тіпті бүкіл ұлттық мәдениетіміздің тарихындағы өзіндік орны бар көрнекті ақын, тамаша жазушы, білікті аудармашы, ойшыл философ, білімдар тарихшы, сыршыл сазгер дәрежесіне көтерілді
Шәкәрімнің аударма саласындағы еңбектері.
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазіргі Семей облысында 1858 жылы, 11 июль күні дүниеге келеді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді ерте қайтыс болады. Бұл кезде Алпауыт атасы Құнанбайдың тәрбиесіне алынған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тартпаса да, әке қазасы жаны нәзік, көкірегі сезімді балаға оңай соқпағанға ұқсайды. Сол түста тебіренген балауса жүректен алғаш жоқтау, жыр өлең де көздің жасымен бірге кұйылады. «Мұтылғанның өмірі» атты автобиографиялық өлеңінде Шәкәрім Құдайбердіұлы бес жасында ауыл молласынан сабақ ала бастағанын жазады.
Шәкәрім халық ауыз әдебиетінен, орыс, шығыс, батыс әдебиетінен толымды нәр алып, бірнеше тілді білген. Шәкәрім дүние жүзі, орыс классиктерінің таңдаулы деген шығармаларын ана тілінде сөйлете бастады. Соның ең елеулілерінің бірі – А.С. Пушкиннің «Дубровский» романы.
Пушкинді қазақ даласында сөйлеткен Абай ұстазынан кейін Шәкәрім Құдайбердіұлы Пушкин прозасына қайтып оралды. «Дубровский» мен «Боран» хикаясын өлеңмен өрнектеп, қазақ тыңдаушысына танымал, жақын уақиға етіп береді, қазақ ортасында болғандай етіп сенімді суреттейді. Бұл хас шеберліктен, ізденімпаздықтан туындап жататын кемел құбылыс екендігінде шәк жоқ. «Дубровский» әңгімесі Қайым Мұхамедханов 1908 жылы жазылған дейді, шығарма 1924 жылы Семейде жеке кітап болып басылып шығады. 1903-1910 жылдар Шәкәрімнің айтулы дастандар жазған жемісті жылдары болған. Сол жылдары Шәкәрім қазыла ізденіп, батыс, шығыс, орыс әдебиеттерін оқыған сияқты.
Шәкәрімнің поэзиядағы пірі – Пушкин. Пушкинді сөйлетіп қойып өзі тыңдайды, баяндау мәнеріне, стильіне , тереңдігіне , жинақылығына, қолжетпес қарапайым прозасына тәнті болады. Пушкин прозасының тигізген әсері соншалықты; ақын оны қарасөзбен айтып жеткізе алмасына көзі жетіп, қазақтың он бір буынды қара өлеңімен алып шығады. Қара сөзбен берілген ойды, сан қилы суретті поэзия тілімен жеткізу орасан зо еңбекті қажет еткені талассыз. Қазақ ұғымына қонымды шығарма тыңдаушысын елең еткізіп, тәржіме көшірме күйінде ел арасына тарап кетеді. Дастанның баспа жүзін көрмей жатып , бұлай тарап кетуінің өзі Шәкәрім талантының тегеурінділігін , адамсүйгіш мінезін танытады.
1924 жылы ақын көзі тірісінде Семейде кітап болып басылып шықса, 1935 жылы А.С. Пушкин таңдамалысы қайтадан басылып шығады. Сөйтіп орыс хикаяты қазақтың өлеңмен жазылған хикаясына айналады.
Шәкәрім «Дубровский әңгімесін» бастамастан бұрын «Сөз алдынан» деп 124 жол кіріспе береді. Шәкәрім кіріспесінде не себепті қолға алғанын, осы сөздің қазаққа керектігін, кімнен, қалай қабылдарын қысқаша баян ете кетеді. «Жазбаймын дәл өзінше Пушкин сөзін» деп автордың өзі айтқандай, әрі қарай орысша, қазақша текстерді салыстыру кезінде шетке де шығып кетпей, «шын жанасып» отырғанын байқадық.
«Дубровский» Пушкинде 19 тоғызыншы тараумен, яғни Дубровскийдің шет елге кетуімен тәмамдалады. Шәкәрімнің қолынан шыққан «Дубровсикийдің әңгімесі» Пушкин фразасының өлеңмен берілген түрі, хикаяттың дастанға айналуы.
Автор түпнұсқасын түгел теріп жатпайды. Шәкәрімнің Дубровскийі Пушкин тақырыбын негізге ала отырып, жазылып шыққан, қазақ топырағындағы жаңа дастан. Қазақ оқырманының эстетикалық талғамын тәуір білетін Шәкірім Дубровский хикаясын ана тілінде жүргізеді.
«Дубровский «Пушкинде 19 тараудан тұрады. Шәкәрім сол тараулардың ізімен жүре отырып, артық-ауыс кетпейді. Кісі аттарына көп өзгеріс кіргізбейді. Пушкиннің кей тұста толығырақ айтып кететін суреттеріне Шәкірм көп тоқталмайды. , бірер шумақпен бейнелейді. Пушкин фразасының өлеңмен берілген түрі , хикаяттың дастанға айналуы. Шығарманың негізгі кейіпкерлері аттары сол күйінде қалғанымен, іс-әрекеттері сол түпнұсқа күйінде қалғанымен, қазақ даласында өтіп жатқандай әсермен суреттеледі. Негізі 1908-1909 жылы «Дубровский әңгімесі», «Боран» жылдары қатар аударылса керек.
«Дубровский «Пушкинде 19 тараудан тұрады. Шәкәрім сол тараулардың ізімен жүре отырып, артық-ауыс кетпейді. Кісі аттарына көп өзгеріс кіргізбейді. Пушкиннің кей тұста толығырақ айтып кететін суреттеріне Шәкірм көп тоқталмайды. , бірер шумақпен бейнелейді. Пушкин фразасының өлеңмен берілген түрі, хикаяттың дастанға айналуы. Шығарманың негізгі кейіпкерлері аттары сол күйінде қалғанымен, іс-әрекеттері сол түпнұсқа күйінде қалғанымен, қазақ даласында өтіп жатқандай әсермен суреттеледі. Негізі 1908-1909 жылы «Дубровский әңгімесі», «Боран» жылдары қатар аударылса керек.
Шәкәрім-тарихшы,философ.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы шілде айының 24 жұлдызында Шыңғыстың сыртындағы Құнанбай әулетінің жайлауында дүниеге келді. Әкесінен жеті жасынан жетім қалған Шаһкәрім, Құнанбай қажының ерке немересі, ақылы мен білімі дария Абайдай ағасы бар бала Шәкәрім материалдық жағынан да, рухани жағынан жоқшылық пен жетімдік көрмейді. Бойында табиғи таланты, ақындық дарыны бар Шәкәрімнің өмірдегі ұстазы, мектебі, университеті – Абай болды. Ұстазының «Ғылым таппай мақтанба, пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге, артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» – деген өсиетін бойына сіңіріп, санасына тоқып өскен Шәкәрім ғылым-білім жолында бар өмірін сарп етті. Жеті жасынан өлең шығара бастаған дарынды бала жасы он бестен асқанда, ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өсе бастайды, ғылым жолына қарай ойысып, ақындық өнерін де жарыққа шығара бастайды.
Түрік, араб, парсы, шағатай және орыс тілдерін жетік меңгерген ақынның бойынан әлем мәдениетінің озық үлгілерінің көбін оқығанын байқауға болады. «Шәкәрімнің өмірі – өлеңінде» деп ғалым абайтанушы, шәкәрімтанушы, мұхтартанушы Қайым Мұхамедханұлы айтқандай, «Мұтылғанның өмірі» деген ғұмырбаяндық дастанына шолу жасасақ, оның бар-өмірін танып білеміз.
Ол алғашқы жинағы «Қазақ айнасындағы» (1912) өлеңдері қамтитын тақырыптың бастысы – адам тағдыры, адам өмірінің мәні, адамгершілік тәрізді философиялық ой-таным. Жанға, тәнге, көңілге, өлім мен өмірге байланысты өлеңдер («Өзіме», «Өмір», «Талап пен ақыл», «Адамшылық», «Адам немен», т.б.) Шәкәрім поэзиясының желісі. Өлеңдерінде ой-тереңдігі, ақындық танымның кеңдігі көзге айқын шалынады.
Ол тек қазақ халқының ғана емес, барлық туыстас түркі халықтарының, тіпті барлық Шығыс мәдениетінің, одан қалды орыс халқымен барлық Еуропа елдерінің философиялық ой-танымдарын зерлеп, өз халқының ұлттық дәстүріне негіздей отырып, жетілдіріп, философиялық ойымызды, дүниетанымымызды әрі қарай дамыта түскен ойшыл.
Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылығы – өте күрделі құбылыс. Шәкәрім еңбектері – өмір мен қоғамның қыр-сырын сала-сала етіп мазмұндық баяндауда да, сол мазмұнға философиялық, ғылыми мән беруде де, мазмұн мен бірлігін көркемдік тұрғыда өрнектеуде де көп жүйелі, терең мағыналы туындылар танытатын өлеңдерді де көптеп жазды. Оларда азаматтық сарын басым болып келеді. «Қазағым», «Қазақ», «Тағы сорлы қазақ», «Партия адамдары», «Бостандық туы жарқырап», «Бостандық таңы атты» өлеңдерінде ой тереңдігі арқылы замана шындығын ашудағы ізденістері байқалады.
Абайдың ақыл-кеңесімен ақын шежіре жазды. Шығыс, Батыс классиктерінің шығармашылығын жете танып, мұсылмандық ілім-білімді де еркін меңгерген. Түркі халықтарының тарихын терең білетін, діни, тарихи тақырыптарға «Мұсылмандық шарты», «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Үш анық» еңбектер жазған ғұлама ғалым.
Шежіре кітабының кіріспесінде Шаһкәрім былай дейді: «Қазақтың түпкі атасының жайын білмек болып, көп уақыттан бері сол туралы естіген-білгенімді жазып алып, әр түрлі жұрттың шежіре кітаптарын оқыдым» дейді. Оқыған кітаптары түрік-араб шежірелері: Табари. Түрік, араб шежірелері: «Тарих ғумуми», «Тарих ғұсмани», Нәжип Ғасымбектің «Түрік тарихы», Әбілғазы Баһадүр ханның жазған «Шежіре түрік», Ж.Баласағұнның «Құтадғу білік», Радловтың «Ұйғыр туралы шежіресі», Аристовтың «Түрік нәсілі туралы» шежіресі, «Орхон жазбалары» және әр түрлі кітаптардан алынған сөздер. Орыс-тарихшы ғалымдарынан: Березин, Левшин, Спасский, Маевскийлерді оқыды. Шаһкәрім осылай шығыс және орыс ғалымдарының еңбектерін оқып, қазақ халқының аңыз-әңгімелерін зерттеп, ондағы уақиғаларды тарихи шығармалармен салыстыра отырып барып өз еңбегінде пайдаланды.
Сөйтіп, Шаһкәрім он тоғыз жасынан бастап, қазақ шежіресін жазуға кірісті. «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» осындай ізденістерден кейін 1911 жылы Орынборда шықты. Көп тілді білгеннің арқасында шығыс және орыс классиктерінің шығармаларын түпнұсқасы бойынша қазақ тіліне еркін аударған. Әзірбайжанның ұлы ақыны Мұхаммед Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы (1907), орыстың ұлы ақыны А.С.Пушкиннің «Дубровский» атты повесін «Дубровский әңгімесі» (1908) деген атпен, «Метель» әңгімесін «Боран» деген атпен (1936) өлең түрінде аударды.
Сегіз қырлы, бір сырлы Шәкәрім ойлы өлеңдеріне ән де жазған өнерлі сазгер болды. Бұл ақынның керемет өзгешелігі, талант дәрежесінің биіктігі. Ол ән жазумен қатар күй де шығарған. Ақын «Бозторғай» деген күйінің шығу тарихын да таңсәрідегі табиғат көрінісімен байланысты туғанын айтады. Ел жайлауға шыққанда, таң атып келе жатқан мезгілде аспанда сайраған бозторғайдың әдемі үніне елтіп, әсер алғаннан кейін туған күй.
Шәкәрім әндерінің көпшілі 20-40 жастың аралығында туған. Сондықтан, оларды жастық әндері деп аңғарсақ та, философиялық ой-тұжырымдарға жетелейді. Қазақтың ғұлама ақыны, ойшыл данасы Шәкәрім зұлмат заман салдарынан 1931 жылдың 2 қазан айында мерт болды.
С.Торайғырұлы өмірі мен мұрасының зерттелуі.
ТОРАЙҒЫРОВ Сұлтанмахмұт (28.10.1893, қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы – 21.5.1920, Павлодар облысы Баянауыл ауданы) – ағартушы, қазақ әдебиетінің классик ақыны, «Алаш ұранының» авторы. Ескіше хат танып, ауыл молдаларынан дәріс алады. 1911 жылдан бастап жаңаша оқуға ден қойып, Троицк қаласындағы Ахун Рахманқұли медресесіне кіреді. Алайда жасы жиырмаға жетер-жетпестен құрт ауруына (туберкулезге) шалдығып, оқудан қол үзеді. Жаз жайлауға шығып, қымыз ішеді, бала оқытады, өз бетімен білім-білігін ұштай түсуге ұмтылады. Алғашқы ағартушылық бағыттағы өлеңдерін («Тәліптерге», «Оқып жүрген жастарға», «Оқудағы мақсат не?», «Шығамын тірі болсам адам болып», т.б.), «Зарландым» атаулы көлемді очеркін жазады. «Қамар сұлу» романын жобалап, ойластырып, қағазға түсіре бастайды. 1913 жылы күзде Троицк қаласына қайтып келіп, М.Сералин шығарып тұрған «Айқап» журналына (1911-15) жауапты хатшы болып жұмысқа орналасады. Өлең, әңгімелерімен қатар бірнеше ағартушылық бағыттағы танымдық мақала жазып, журналға жариялайды. 1914 жылы жазда туған елі Баянауылға оралып, мәдени-ағарту істермен айналысады. Бар арманы жүйелі жоғары білім алу болған ол оқу іздеп Семейге барады, Шығыс Қазақстанның Катонқарағай, Зайсан ауылдарында бала оқытып, қаражат жинастырады. «Кім жазықты?» поэтикалық романын аяқтайды. 1916-17 жылдарын Томск қаласында өткізіп, өзі армандаған орыс оқуына кіреді, әлемдік әдебиеттің классикалық нұсқаларымен құныға танысып, қоғамдық-саяси үдерістердің, адамзат дамуының, ұлттық құндылықтардың табиғатын танып, мән-мағынасын ұғуға талпынады («Анау қырда татар тұр,/Басқалармен қатар тұр./Мынау ойда қазақ тұр,/Қастарында азап тұр»). Тарыдай шашылған көшпелі қазақ қауымын Абай сынды ой алыбының зарлы үніне құлақ қоюға шақырады («Асыл сөзді іздесең,/ Абайды оқы, ерінбе»; «Ер Тарғын», «Қобыланды» оқып байқа,/ Абайды оқы, таңырқан, басың шайқа»). Дәп осы тұста саяси сілкіністер бұлқынтқан жалпақ Ресейде патшалық құлап, Уақытша үкімет құрылып, дүбірлі, аласапыран заман басталды (Алаш. Алашорда. Энциклопедия. Алматы: «Арыс» баспасы, 2009, 308-310-бб.). Жеделдетіп Семейге оралып, жаңадан құрылып жатқан «Алаш» партиясының жұмысына араласады, атақты «Алаш ұраны» өлеңін дүниеге әкеледі. Әйтсе де, бірі кем дүние, тағдыр-талайы трагедияға толы жас таланттың маңдайына Алашқа жан-тәнімен беріле қызмет қылу бақыты бұйырмады: жастайынан жан жолдасына айналған құрт ауруы әбден меңдеді, Баянауылға біржола ат басын тіреді. Қаны да, жаны да «Алаш» деп лүпілдеген аяулы ақынның қаламға жүгінуден басқа амалы қалмады, білтесі біткен майшамдай жас ғұмыры сарқылып, санаулы сәт-сағаттары көз алдында сырғып, сусып бара жатты. Жан дертімен арпалысып жүріп халық мүлкіне айналған мәңгілік мұраларын дүниеге әкелді. «Жас жүрек», «Сарыарқаның жаңбыры», «Кедей», «Айтыс», «Адасқан өмір» ... мәуелі бәйтеректен уақыты жетпей үзіліп түскен асыл ой ұшқындары, жыр жемістері-тұғын. Жетпіс жыл жұрт көзінен жырақта ұсталған «Таныстыру» поэмасында Алаш көсемдерін «Бірі – Күн, бірі – Шолпан, бірі – Ай» деп жалпақ жұртқа жар салған ақынның жалғыз жүрегі жарық жұлдыздай ұлт аспанынан ағып өтті... Жер-Анаға жиырма бес жыл ғана табан тіреп, жиырма алты-ақ жаңа жылмен ғана көріскен ұлы Жүрек тоқтады, ұлтының «көгіне Күн болмақ» болған, «алуға Күнді барып бел бумақ» болған ұлы Ақынның демі үзілді... Осылайша ол Жаратушының жарлығымен қанқасап қуғын-сүргіннен, алапат аштықтан, зорлық пен зомбылықтан «аман қалды»... *Алаш туы астында Күн сөнгенше сөнбейміз. *Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға Алаш деген атты аламын. Сүйгенім – қазақ өмірі, өзім – қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын. *Жан қайда әділетті іздейтұғын, Адамшылық атақты көздейтұғын. *Бүгіндегі жастарға оқу міндет, Тек қана оқуменен өнер білмек. Бар қиынды тек қана ғылым жеңбек, Оқыған басқа елдердей қатарға енбек. *Ер өлсе де, еңбегін ел өшірмес, Неше мың жыл өтсе де тарих білмек! *Адамды бағындырудың асылы еңбек, Түбінде еңбексізді еңбек жеңбек. *Өнер, білім, әділет кім қолдаса, Қай ұлт болсын – бәрібір, бауыр маған. *Мен – балаң, жарық күннен сәуле қуған, Алуға Күнді барып белді буған. *Сөндір Ай мен Күніңді, Тек денімді сау қылшы! *Жақсылық көрсем өзімнен, Жамандық көрсем өзімнен. *Елімнің мен шын ұлы екеніме Тағдырдың өзі берер куәлікті. *Қараңғы қазақ көгіне Өрмелеп шығып Күн болам! *Сүйемін туған тілді – анам тілін. *Белгілі бай болмақтың негізі үш: Еңбек, ғылым, жеріңді сақтайтын күш. *Несі қызық байлықтың, несі бақыт?! Байлықпенен алмаған соң бақыт сатып. *Біреу күй, біреу пішін, біреу сөзбен, Көрсетпейтін жүректің іші бар ма? *Мен ғашықпын көруге әділетті, Тегіс қылып көркейткен өмір түсін. *Дүние – өзен, ағысын кім тоқтатар? *Дүние – жеу, жегізу майданы екен. *Мен – өлік, мен – суық тән, менде жан жоқ, Жүрегімде өмір жоқ, ыстық қан жоқ, Үміт жоқ, жек көру жоқ, махаббат жоқ, Сезім жоқ, кірпігімді қозғар хал жоқ.