Мұхамедғарып Тәңірбергенұлы Әріп (1856, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Үшбиік темір жол бекеті, Жыланды мекені — 21.6.1924, сонда) — ақын. Абайдың талантты шәкірттерінің бірі.
11-12 жасында ауыл медресесінде, бастауыш орыс мектебінде оқыған. 1877 жылы Семейдегі уездік училищеге оқуға түсіп, оны 1881 жылы үздік бітірген. Семейде оқыған кезінде Абаймен танысып, оны өзіне ұстаз тұтқан. 1882 — 84 жылдары Сергиополь уезінде тілмаш болып істеді. 1884 — 87 жылдары Шәуешек қаласында Ресейдің Қытайдағы елшілігінде тілмаш болып қызмет атқарды, одан кейін Қапалда, Бішкек және Алматы қалаларында почта саласында істеп, 1890 ж. өзі туып өскен Қандығатай, Еңірекей болыстарында тілмаш болды. Әріп татар, орыс тілдерін жетік білумен бірге араб, парсы, түрік, қытай тілдерін жақсы меңгерген. Шығыс және орыс классикалық әдебиетін оқып, нәр алған. Бала күнінен ақындық жолға түсіп, ақындар айтысына қатысқан. Өлеңді қолма-қол суырып салып айтуға шебер, айтыс өнерінің өрен жүйрігі болды. Оның Сәдір, Қуанышбай, Қаумет, Боранбай ақындармен, Көкбай, Әсет сияқты Абайдың талантты шәкірттерімен айтыстары белгілі. 15-16 жасынан айналасына ақындығымен таныла бастайды. Өлеңдерінде араб, парсы әдебиеттерінің ықпалы байқалады. Қыздың сұлулығын шектен тыс романтик бейнеде суреттегені үшін Әріп кезінде ұстазы Абайдың қатаң сынына ұшыраған. Бұл жас ақын үшін үлкен сабақ болды. Ол өзінің ақындық жолында Абайды үнемі ұстаз тұтып отырды. Дастандарында Абайдың өлең кестесіне ден қояды. Әріп әсіресе, Абай поэзиясының ағартушылық және сыншылдық бағыттарына жиі назар аударған. «Серікбай қажыға», «Байларға», «Қабдолла биге», «Тәрібек болысқа» т.б. өлеңдерінде Әріптің Абай үлгісіндегі сыншылдық қасиеті айқын көрінеді. Жастарда оқу-білімге, еңбекке шақыру тақырыбына жазылған «Ғылым туралы», «Еңбек туралы», «Шәкірттеріме», «Шұғбанға» сияқты өлеңдерінде Абайдың ағартушылық идеялары жалғасын тапқан. «Қалың мал туралы» өлеңінде ақын әйел теңдігі мәселесін көтереді. Мұнда да әлеумет, теңсіздік, әр адамның бас еркі деген сияқты мәселелерге келгенде ұстаз ақынның ұлағатты ойларымен сабақтастық сезіледі. Абай үлгісі Әріп шығармашылығының бүкіл табиғатынан танылып жатады. «Абайдай болмасам да атақты ақын» деп, ақын салған дәстүрлі жолды өзіне бағдар тұтатынын айтады. Осы үлгіде туған Әріп еңбектерінің бірі – орыс ақыны А.С.Пушкиннен аударған «Евгений Онегин» романының үзінділері. Өзінен бұрын Абай аударғанын, Абай барған тақырыпқа қайталап қалам тартуы Әріптің ақындық қарымын, батылын аңғартады. Аудармада, тіпті оның жекелеген шумақтарында Абай өлеңінің кесте-бояулары байқалып тұрады. Әріп қаламынан лирик шығармаларымен қатар шығыстық оқиғалар желісімен жазылған «Зияда-Шамырат», «Қожа Ғафан», «Нұрғозарұн», «Таһір» сияқты бірқатар хисса-дастандар туды.
Әріп поэзиясының тақырыптық-идеялық нысаны.
Қазақ поэзиясында өлең өлшем-өрнектері турасында ғылыми еңбектердің, зерттеулердің жарық көргендігін білеміз. Поэзия да өмір заңдылығына бағынып бір орында тұрмай, үнемі даму, шарықтау үстінде болатын болғандықтан, оның да дәстүрді негізге ала отыра өз жаңашылдығы болатындығы белгілі. Ғалым С.Ержанова: «Біздің поэзиямызға рухани және формалды ағымдар жетіспейтіндей. Демек, қазақ поэзиясы үшін алдағы меже формалды ізденістерге бару және рухани кеңістігін кеңейту. Мұның өзі, ең бірінші, ақындық даралықты тудыруға мүмкіндік береді. Ақын шығармашылығының ерекшелігі оның тыңнан түрен сала білуінде. Тыңнан түре салу шын талантты, рухани кемеліне келген, кесімді пікір, шешімді ой айта білетін поэтикалық тұлғадан көрінсе керек» [1, 263].
Осы тұрғыдан алғанда қазіргі поэзияда дәстүрлі формадан тыс түрлік ізденістер жоқ емес. Олардың бойында прозалық сипаттағы элементтер мен графикалық формаларды құрайтын өлеңдік ізденістер мен жаңашылдық үлгілер де жоқ емес. Ақын ойының ішкі бұлқынысы мен сол кездегі толқынысын, сезімін сурет негізінде өлеңдік өлшемге салып құрап берушілік те бар. Мұнда синтаксистік шумақ құрамындағы тармақтардың өзара байланысу ерекшеліктері тікелей бір-бірімен сабақтас боп отырады. Енді оларды сындырып немесе шашу арқылы жаңа тармақтарға бөлу өлеңнің тыныс белгілік сипат алуына итермелейді.
Қазақтың жыр керуені ХХІ ғасырға аяқ басты. Талай ғасырларды көктеп өткен қазақтың қара өлеңі еліміздің тағдыр-талайымен біте қайнасып жатыр. Бір қарасаң, қазақ жыры халқымыз өмірінің тасқа басылып қалдырылған көркем шежіресі іспеттес. Бір өзі қос ғасырдың жүгін қатар арқалаған, өзі өмір сүрген замананың қоңыраулы үні де, қоңыр сазы да бола білген ұлттық поэзиямыздағы сондай алып тұлғалы ақындарымыздың бірі əрі бірегейі – Кəкімбек Салықов.
Жастайынан жыр киесі қонған, əн тербеген Есіл-Көкше өңірінде Шал ақын, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ сияқты дүлдүлдер рухымен тыныстап өскен. Атақты Абылай хан ұрпақтары өрбіген, əлемге қазақ атын мəшһүр еткен біртуар Шоқан Уəлиханов туып-өскен сырлы-нұрлы Сырымбет тауының бөктерінде мектепті бітіріп шығады. Бүкіл ұлттың рухани әлемін дүр сілкіндірген, қаймағы бұзылмаған қазақи әдеби-мәдени ортада тәлім алған жас талант қолына алған қаламын бір сәт тастаған емес [1, 9 б. ]. 16 жасар Кәкімбектің:
Жөн таппай өзіңмен
Кезім жоқ көз ілген.
Бар дертім тарқайды
Бір ауыз сөзіңнен [2, 9 б.] – деген жыр жолдарынан күллі қазақтың ұлы ұстазы, данышпан Абай марқұмның сарыны көзге ұрып тұр. Əсілі қазақтың қалам ұстаған қай дарыны болса да Абай мектебінен сусындап, қанып ішіп барып, өлең айдынына өз желкенін шығарғанын арғы-бергі əдебиет тарихының өзі көрсетіп отыр. Кəкімбек ақын да дана Абайдан мол тағлым, зор лұғат алғаны оның тырнақалды туындыларының қай-қайсысынан да айқын сезіледі. Жас ақын классикалық орыс поэзиясынан да ерте сусындайды. Тек оқып, тоқып, ойға, бойға сіңіріп қана қоймайды, оларды өз сана сүзгісінен, жүрек көзінен өткізіп тəржімалауға құлаш ұрады. Бұл да жарықтық Абай қалдырған асыл үлгі [1, 10 б.].
Ә. Тәңірбергенұлының «Евгений Онегиннің» кейбір тарауларын еркін аударуы.
Әріп 1913 жжылы айтыс түріндегі “Тәуке-Ұрқия” дастанын жазды.А.С. Пушкиннің “Евгений Онегин” романын еркін аударма үлгісінде өлеңмен қазақ тіліне аударды.
«Қазақ» газеті және оның ұлт зиялыларын қалыптастырудағы қызметі, газетті шығарудағы А.Байтұрсынов пен М.Дулатовтың еңбегі.
“Қазақ” – қоғамдық-саяси және әдеби газет. 1913 жылы 2 ақпаннан бастап Орынборда аптасына бір рет, 1915 жылы аптасына екі рет шығып тұрған. Тиражы 3000, кейбір мағлұматтарда 8000-ға жеткен. Бірінші редакторы – белгілі ғалым, жазушы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов, екінші редакторы – қоғам қайраткері, жазушы Міржақып Дулатов, бастырушысы Мұстафа Оразаев, кейін “Азамат” серіктігі болған. Газеттің басылып шығуына алғаш қаржы жинастырып, әрі қалтасынан қаражат шығарған Ахметишан Оразаев болған. Ахаң газетке автор ретінде де қатысып “Қызылқұм елінде” деген секілді мақалалар да жарияланып тұрған. Хусаинов — Каримов баспаханасында басылып тұрған. Газеттің 1918 жылғы сандарының редакторы Жанұзақ Жәнібеков. Барлығы 265 нөмірі жарық көрді.“Қазақ бастауыш мектебі қандай болуы керек?” және “Ол мектептердің қажеті не?” деген сауалдарға қазақтың ұлы ағартушысы А.Байтұрсынов XX ғасырдың басында-ақ: “Правила бойынша, қазақ тілімен, қазақ әрпімен бастап оқыт деп отырған балалардың ата-анасы жоқ, халықтың өз тілімен, өз әрпімен оқығанын әкімдер жақтырмайтын болған соң, учительдер өз беттерімен ана тілімен, ұлт әрпімен бастап оқытамыз дей қоймады. Сөйтіп, правила қағаз жүзінде бар болса да, іс жүзінде жоқ. Бұл айтылғанның бәрі де үкімет өз пайдасын көздегендіктен істеліп тұрған жайлар. Бастауыш мектептер жалғыз хүкімет пайдасы үшін болмай, халық пайдасы үшін де боларға керек. Хүкіметке керегі – мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болу, әр халыққа керегі – өз діні, тілі, жазуы сақталу. Солай болған соң бастауыш мектеп әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс болуға керек, яғни, қазақтың діні, тілі, жазуы сұмдық пікір, суық қолдан тыныш боларға керек” – деп жауап берген болатын.
А. Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі бөлім атауларын жазыңыз және кез келген бір бөлімге шолу жасаңыз.
іздің анық көріп, сезіп, біліп тұрған айналамыздағы нәрселердің бәрі не табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрсе, не адам ісінен шыққан жасалынды нәрсе. Орман, теңіз, тау, өзен, бұлақ – бұлар табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселер, үй, кірпіш, бақша, арық, құдық – бұлар адам ісінен шыққан жасалынды нәрселер. Табиғат ісінен шыққан жаратынды нәрселердің бәрі табиғат дүниесі болады; адам ісінен шыққан жасалынды нәрселердің бәрі өнер дүниесі болады; өйткені жасалынды нәрселердің істеліп шығуына адам ақылы, әдіс-амалы, шеберлігі, өнер күші кіріскен.
Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі:
1. Ақылға. 2. Қиялға. 3. Көңілге.
Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бейнесіне ұқсату, бейнелеу суреттеп ойлау, көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадарынша жарайды. Бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек. Мүддесін тілмен айтып жеткізу қиын екендігін, оған өте шеберлік керек екендігін мынадан байқауға болады: орыстың ақыны Пушкин жазған өлеңдерінің кейбіреуін 13 рет түзеткен.
Б.Күлеевтің шығармашылық өмірбаяны.
Ақынның өз шығармашылығының кей мезеттерін атамастан бұрын мынадай бір жайды айта кету шарт. Қазақстан Оқу халық комиссариаты Абайдың өлеңдер жинағын даярлауды Берниязға тапсырады. Осыған даярлық ретінде ол «Ақ жол» газетіне арнайы мақала бастырады. Күлеевтің өз айтуынша ол Абайдың тұңғыш жинағына енбеген өлеңдерін толық қамтуды, оның қарасөздерін енгізуді, ақын өміріне байланысты иллюстрациялар беруді, өмірбаянын толықтырып, кеңінен қамтып жазуды мақсат етеді. «Абай кітабын бастыру маған тапсырылғандықтан, мен жәрдемді шеттегі азаматтардан сұраймын. Тізбегін әдемілеп, емлесін түзету сияқты ұсақ-түйегіне мұқтаж болмасақ та, түсіп қалған жерлерін қосып, қарасөзін Һәм басылмай қалған өлеңдерін тіркеп, тәржіме халін толықтыруға қиналып тұрмыз». Бұдан біз Күлеев Абай мұрасын жинап бастыруға айрықша еңбек сіңірген деп қорытынды жасаудан аулақпыз. Бірақ оның Абай шығармаларымен мол таныс болғаны дау туғызбаса керек. Бұған тіпті Күлеевтің өз өлеңдері де куә бола алады. Ол бірталай өлеңін Абай өлеңдерінің ұйқас, өлшемдерімен жазған. Мысалы, оның «Жазғы дала»атты өлеңі «Сегіз аяқтың» өлшем, ұйқасымен жазылған.
«Қол бұлғап күліп,
Керілген тұнық,
Даланы жарып бұландар.
Толықсып тасқан,
Тасқанын басқан,
Дариядай зырғар, сылаңдар.
Шын сұлудай албырап,
Көрінер сағым бұлдырап...»
Сол сияқты, «Гүләндамға», «Қайда екен» тәрізді өлеңдері Абайдың «Алты аяғының» ұйқас, өлшемдерін үлгі етудің нәтижесінде туған. Бірақ олардан Абай поэзиясының терең халықтық рухы сезіле бермейді, әлеуметтік астар аз. Ақын табиғат көріністерін де әр алуан, адам сезімдерін де жадағай, жалаң қалыпта алып жырлайды. Ал «Жас жүрегіме», «Жырла да зарла, көңілім» тәрізді өлеңдері Абай үнін анық әкеледі құлаққа. Алғашқы өлең «Жүрегім, ойбай, соқпа енді...» және Абайдың жүрек тақырыбына арналған басқа да шығармаларымен сарындас. Абайда:
«Жүрегім, ойбай, соқпа енді,
Бола берме тым күлкі.
Көрмейсің бе, тоқта енді,
Кімге сенсең, сол шикі...»
Б. Күлеевте:
«Жас жүрегім, жанба текке,
Бола берме арманда,
Өрлесең де жерден көкке,
Жай табу жоқ жалғанда...»
Ал «Жырла да зарла, көңілім» Абайдың «Өзгеге, көңлім, тоярсың...» атты атақты өлеңіне айрықша жақын, ұқсас. Бұған көз жеткізу үшін екі өлеңді салыстырудың да қажеті жоқ. Өйткені, Абай өлеңі әркімге-ақ жақсы таныс. Сондықтан Күлеев өлеңінің кей шумағын келтіріп қаралық:
«Жырла да зарла, көңілім,
Сел болып жасың төгілсін.
Есіткен ойдан баз кешіп,
Қамығып шында егілсін...
Жырла да зарла, көңілім,
Қалың қайғың қайнасын.
Қиялдың құсы егіліп.
Іштегі дертті айдасын...»
Абай өлеңіндегі сияқты мұнда да ақынның өз жерінен ем іздеуі, сол арқылы іштей жаңарып түлеуі, рухани медет табуы жайындағы тақырып жырланған. Әрине, осындай жекелеген өлеңдерінің Абай поэзиясымен тақырыптастығына, сарындастығына қарап Күлеевтің бүкіл шығармашылығын Абайдың реалистік дәстүрлерінің арнасында алып қарауға еш болмайды... Нармамбет пен Ғұмар Қарашев сияқты Бернияз Күлеев те Абай өлеңдерінің көркемдік формасын, әр алуан өрнегі мен өлшеуін қолданды.
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысқа байланысты туған поэзия.
1916 жылғы көтеріліс аса бай халық әдебиетін туғызды. Оларды бұқарашыл бағыттағы халық ақындары, ел ішіндегі өнер серілері шығарды. Жалынды поэзия жасауға тырысқан ақындар өнерін халық мүддесіне жұмсады. Бұл әдебиеттің көтерген туы, өзекті сарыны - ұлт-азаттығы, бостандық, еркін өмір. 1916 жылғы көтеріліске байланысты туған әдебиеттің біздер үшін де маңызы үлкен. Өйткені патша үкіметі тұсындағы халықтың ауыр тұрмысын, мүшкіл халін суреттейді, бұдан біз халқымыздың басынан кешкен қиын талай күндерді, теңдіксіз тепкіде өткен өмірді көреміз. Асыл, ерлік дәстүрінен үлгі-өнеге аламыз, бұл әдебиет - халқымыздың ақын, жыршылары шығарған мазмұны жағынан терең, түрі жағынан әр алуан, сөздері өткір, тілі таза, ерекше қайсарлық үні басым, идеялық сарыны жағынан өршіл әдебиет. 1916 жылғы әдебиеттегі қай шығарманы алсақ та, көбінесе патшаның 25 маусымдағы майдан жұмысына жігіт алу туралы жарлығына қарсы наразылық, ашу-ызамен қатар, халықтың жалпы қайғылы халі, бұлқынысқа толы кезеңі жырланады. Халық ақындары өз жырларында патша үкіметінің соғысқа құмар саясатын айыптайды. Халық бұқарасының пікірін қолдай және көркем бейнелей отырып, халық ақындары патшаның қазақ жігіттерін майданның қара жұмысына алуын оларды өлімге айдау, қыру деп білді. Патша саясатының озбырлығын түсінген, одан қысым көрген ел жігіт бергеннен өлген артық деп ұғып, ақындардың да осы идеяны жар сала жырлаған "Зілді бұйрық", "Патша әмірі тарылды", "Құты қашты патшаның" өлеңдері, "Амангелдінің Торғайды алуы", "Бекболат" поэмалары дүниеге келді. Бұл жылдары туған жырлардың бір алуаны майданға алынған жігіттердің өмірін суреттеумен байланысты болып келеді.
Н.Орманбетұлының өмірі мен мұрасы.
Нарманбет Орманбетұлы 1859 жылы қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы Нарманбет атындағы ауылда дүниеге келген. Нарманбеттің әкесі ауқатты адам болған. Соның арқасында бала Нарманбет өз ауылында әкесі үйге шақырған молдадан бастапқы білім алады. 1873 жылы Нарманбет Қарқаралыдағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, бір жыл оқып шығады. Бір жылдық оқудан кейін Қарқаралыда тұрып, орыс тілінен жеке сабақтар алды.Нарманбет өлеңді 14 жасынан бастап жаза бастаған. Махаббат, лирикалық өлеңдер жазып жүрген ақын дала өміріндегі маңызды оқиғаларға жауап беретін азаматтық тақырыптарды жазуға көшті.
Бала кезден оқуға, білімге құштар болып өскен ақын Шығыс әдебиетінен, Пушкин, Лермонов, Толстой шығармашылығынан жақсы хабардар болды. Ақындығымен қоса домбырашылдығымен де аты шықты.
Абаймен, оның шығармашылығымен танысу Нарманбетке ақынның азаматтық ұстанымдарына жаңа көзқараспен қарауына түрткі болды. Орманбетұлы биліктің саясатына қатысты өз көзқарасын білдіріп, жастардың білім алуына қамқорлық жасайды, болыс басшыларының тағайындалуына қызығушылық танытады.
Ақынның әкесі Орманбет Байжомартов Қарқаралы болысының әкімшілігінде маңызды лауазымдарды атқарған. Әкесі секілді Нарманбет те қоғамдық өмірге белсене араласып, отбасының дәстүрлерін ұстанды. Ол бірнеше рет әртүрлі өкілді органдарға, комиссиялар мен съездерге сайланды.
1888 бен 1903 жылдар аралығында Нарманбет бірнеше рет Балқаш болыстығында 3-жылдық цикл бойынша № 3 ауылдың халықтық судьясы болып сайланды. 1895 жылдан 1897 жылға дейін болыс басшысының орынбасары болды. 1890-1892, 1908-1910 және 1911-1913 жылдары Нарманбет Орманбетұлы болыс басшысы болып тағайындалды.
Нарманбет Орманбетұлы ұлттық әдебиетімізді биікке көтерген алып тұлғалардың бірі. Суырып салма ақын ретінде халық мұңын жұқтайын өлеңдер шығарды. Нарманбет ақын жастайынан ел басқару істеріне де араласып, халқымыздың сол заманда басына түскен қиындықтарын көзімен көрді, көкейіне түйді. Нарманбет Орманбетұлының шығармашылығында қазақтың өткен ғасырдағы өмір жолы айқын көрсетілген. Ол Абай дәстүрінде өлеңдер жазып, артына көптеген нақыл сөздерін қалдырды.
Нарманбет өлеңдерінің негізгі тақырыбы оқу-білім, адамгершілік, ел мүддесі. Қоғамдық өмірге белсене араласқан Нарманбет ақын Ресей империясының отаршылыдығына қарсы 1905 жылғы Қоянды жәрмеңкесіндегі атақты Қарқаралы петициясына қатысушылардың бірі болды.
Бұл жерде Қарқаралы петициясын ұйымдастырушылардың бірі Ахмет Байтұрсынов та болған еді. Оның Қарқаралыда қалалық училищенің оқытушысы болғаны мәлім. Нарманбет ақын «Мектеп бастығына» өлеңінде Ахмет Байтұрсыновтың ұлтты ағарту мен оятудағы қызметін ерекше бағалады. Қарқаралы уезіндегі бұл қозғалыс кейін қазақ тарихынан айқын және кең орын алды. Нарманбет сол жылы Қоянды жәрмеңкесіндегі ұлтшылдардың мыңдаған адам қол қойған талап-тілектеріне қызу араласты.
Ғ.Қарашұлы өмірі мен мұрасы.
Көрнекті қоғам қайраткерлері
ҒҰМАР ҚАРАШ
2009 жылғы 24 желтоқсан, 09:27
ҒҰМАР ҚАРАШ
Ғұмар Қараш (1875-1921) - діндар-ақын, фольклоршы, көрнекті Алаш қайраткері. Қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келген.
Жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қамқорлығымен ауыл молдасынан оқып, сауат ашады. Кейіннен Уфа қаласындағы жоғары діни білім беретін медресесінде оқыған. Кейбір деректерде Ыстамбұлда оқып білім алған.
Ақын өлең-толғауларында, көсемсөздері мен мақалаларында заман, өмір, дін-шариғат, табиғат, махаббат, тағы басқа мәселелер туралы толғанады, патша үкіметінің отарлаушылық саясатын, жергілікті әкімдердің екі жүзділігін сынап, халыққа адал қызмет етуге үндейді. Өз тілі мен мәдениетін сақтай отырып, ғылым, білімге ұмтылуды, мәдениетті елдерден үлгі алуды насихаттаған.
1902 жылдан өз ауылында бала оқытқан. 1911-1913 жылдары Қазақстан газетінің жұмысына ат салысқан. Сол жылдары Орынбор қаласында, Шәңгерей Бөкеевтің қамқорлығымен, ел аузынан жинаған әдеби мұраларды құрастырып, Шайыр, Көксілдер атты екі жинақ жариялаған.
Ғұмар Қараштың Бала тұлпар, Қарлығаш, Тумыш, Ағатұлпар, Тұрымтай деп аталатын бес поэзиялық, Ойға келген пікірлерім, Өрнек, Бәдел қажы дейтін үш зерттеу кітабы жарық көрген.
Ғұмар Қараш 1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін ұйымдасқан Алаш партиясына, Алашорда үкіметіне үлкен үмітпен қарап, Алаштың азаматтарына, Неден қорқам?, Күн туды атты арман мен үмітке толы өлеңдерін жариялайды. 1917 жылғы мамырда Ордада өткен Бөкей қазақтарының жалпы съезіне, сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен 2-жалпықазақ съезіне қатысып, баяндама жасайды.1918 жылы Ордадағы педагогикалық техникумда сабақ береді. Бөкей губерниялық атқару комитеті мұғалімдерінің 1-съезіне (24қыркүйек, 1918 жыл), 1918-1920 жылдары өткен Бөкей губерниялық атқару комитеті кеңестерінің 1-, 2-, 3-, 4-съездеріне делегат болып қатысқан.
1919 жылы Бөкей губерниялық атқару комитетінде қызмет істейді, коммунистік партия мүшелігіне өтеді. Қазақтың тұңғыш педогогикалық журналы Мұғалімге басшылық етіп, сол журналда Педагогика атты еңбегін жариялайды. 1920 жылы Бөкей губерниялық атқару комитетінде бөлім басқарған. 1921 жылғы 12 сәуірде Құнаншапқан деген жерде қарақшылар қолынан қаза табады.
Ғұмар Қараш - ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақ дұрыстығы, Қазақстан, Айқап, Дұрыстық жолы, Шора, Абай сияқты газет, журналдарда Бұл қай заман?, Тірішілік таласы, Тәнсіз жан жоқ, Жастарға, Әрине күнелту керек, Ұлт және туған ел, Әсер, Қазақтар хақында, Заң мәселесі, Жүгенсіздік адамға жол ма еді?, тағы басқа мақаларын жариялаған.
Ғұмар Қараш шығармаларын Ғұмар Қараш баласы, Ғұмар Қарашұлы, Ахунд Ғұмар Қарашұлы, Ғұмар әл-Қараши, Бөкей елінің баласы, Ғұмар Қараш, Ғ.Қ, Ғ.Мұштақ, Ғабдолла Мұштақ, Оразақай, Қазақаев, Ғұмар Қарашев деген есімдермен жариялап отырды.
Роман авторы, атауы, жазылған жылы. Көрсетілген кейіпкер туралы пікіріңіз.
«Есім аға», «Қайратты бұл дүниенің мал мен пұл», «Сайлау деген елге бір бүлік болды» өлеңдеріне тақырыптық-көркемдік талдау жасаңыз.
«Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» дастандарының жазылу тарихы.
Халықтық шығармаға айналған дастан сюжеті феодальді-патриархалдық дәуірдегі озбырлық пен әдет-ғұрыпты әшкерелейді, еркіндікті аңсаған халық идеясын паш етеді. «Қалқаман-Мамыр» дастаны алғаш рет 1912 жылы Семейде кітап болып басылып шыққан. «Қалқаман-Мамырдың» түрлі нұсқалары бар.
«Қалқаман - Мамыр» поэмасы – жастардың мөлдір махаббатының дәлелі. Қазақ халқы – негізінен, сөз өнеріне, өлең - дастандарға көп мән берген халық. Сонау V - VI ғасырлардан - ақ дамыған сөз өнері шығыс түркі тілдес елдерге қанатын кең жайып, жыр - толғаулар, өлең - дастандар ауыздан - ауызға халық жадында сақталған. Осындай халық ауыз әдебиетінің жыр - дастандары, батырлық жырлар, ғашықтық, не тұрмыс - салт жырлары болсын Шығыс елдерінің сөз өнерінде тереңірек қалыптасқан.
Ахметтің қай өлеңінен алынғанын анықтаңыз. Өлеңге тақырыптық-идеялық талдау жүргізіңіз.
«Әй, қап!» - «Айқап»
3730 рет көрсетілді
Egemen Qazaqstan
«Айқап» журналы бұдан 100 жыл бұрын Троицк қаласында (Челябі облысы) жарық көрді. Кейбір жарияланымдарда журнал атауы «ай», «айна» деген сөздерден шыққан деп жорамалданып жүр. Мұның нақты жауабын осы журналдың редакторы – «басқарушы, бастырушы» Мұхамеджан Сералиннің: «Журналға «Айқап» деп есім бердік. Бұл сөзге түсінген де болар, түсінбеген де табылар. «Біздің қазақтың «Әй, қап!» демейтұғын қай ici бар?!. «Қап» дегізген қапияда өткен істеріміз көп болған соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды», – деген сөздерінен табуға болады. Демек, «Айқап» – ХХ ғасыр басындағы қалың қазақтың талай нәрседен қапы қалып, сан соғып, «Әй, қап!» деп өкінген өмірін өз атымен бейнелеген тұңғыш журналы.
Шәкәрімнің философиялық ой-толғамдары.
Ұлы Абайдың туысы Шәкәрiм Құдайбердiұлы (1858-1931ж.ж.) — ХIХ ғ аяғы — ХХ ғ басында өзiнiң терең де жан-жақты рухани еңбектерiмен тарихта қалған, қазақ руханиятында ерекше орны бар ұлы ойшыл-философ, тарихшы, ағартушы, ақын. Оның философиялық көзқарастарының қалыптасуына ағасы, тәлiм-тәрбие берушiсi — Абайдың — ықпалы өте зор болды. Өзiнiң аса дарындылығының арқасында Шәкәрiм бес жасынан бастап сауатын ашып, араб, парсы, түрiк, орыс тiлдерiн өзiндiк жолмен оқып-бiлiп, соның нәтижесiнде Батыс және Шығыс философиясы, әдебиетi мен поэзиясынан сусындап өзiне тән ерекше дүниеге деген көзқарасын дүниеге әкелдi.
Шәкәрiмнiң онтологиялық (болмыстық) көзқарастарына келер болсақ, оны рационалдықдiнифилософияға, нақтылай келе деизм (құдайды Жаратушы ретiнде мойындағанмен, Табиғат әрi қарай өз заңдылықтарының негiзiнде өмiр сүре бередi) бағытына жатқызуға болатын сияқты. Өзiнiң “Тiршiлiк, жан туралы» өлеңiнде ойшыл Дүние жөнiнде былай дейдi:
“Жаралыс басы қозғалыс,
қозғауға керек қолқабыс.
“Жан» де, мейлiң бiр “мән» де,
Сол қуатпен бол таныс.
Әлемдi сол мән таратқан,
Қозғалмаса көшпейдi,
Көшпеген нәрсе өспейдi.
Өспеген нәрсе өзгермес,
Түрден ол түрге түспейдi». Бұл шумақтан бiз бүкiл дамудың қайнар көзi қозғалыста екенiн, ол жоқ жерде өсiп-өнудiң де жоқ екенiн байқаймыз. Бiрақ ойшыл сол қозғалыстың өзi бiр қуаттың арқасында болатынын айтады. Бұл жерде ерiксiз ХХ ғ өмiр сүрген әйгiлi француз дiни философы Тейяр де Шарденнiң дүниенiң негiзiндегi “тангенциалдық»(физикалық) және “радиалдық» (психикалық) энергиялар жөнiндегi ойлары есiмiзге түседi — Шәкәрiмнiң көзқарасы оған өте жақын. әрi қарай:
“Құс, балық, шаян, көп алуан,
Айуаннан өсiп болдық адам.
Кейiмiз естi, кейiмiз надан,
Жаралыс салған сондай мән».
Бұл ақынның жолдарынан бiз адамның өзi табиғаттың төл туындысы екенiн байқаймыз, яғни ол бұл мәселеге жаратылыстану тұрғысынан қараған екен.
“Жанымыз кұннен келген нұрдан,
Тәнiмiз топырақ пенен судан.
Күн — атам, анық жер — анам,
Бiрi нұр берiп, бiрi — тамақ,
Бұзады бiрақ қайтадан.
Ер жетем, толам, қайта солам,
Әрi анам — бұл жер, әрi — молам…»
Қандай ғажап ойлар ! Күннiң сәулесiнiң арқасында жер бетiнде тiршiлiк дүниеге келдi емес пе ? Бұл шумақтан бiз Шәкәрiмнiң тiптi деизмнен гөрi пантеизмге (Табиғаттың өзiн Құдаймен теңейтiн iлiм) жақынырақ екенiн жорамалдаймыз. Сонымен қатар, бұл дұниеде ешнәрсе де мәңгi емес, өзiнiң сатыларынан өтiп (ер жетем, толам, солам) өмiр сүруiн тоқтатады. Бiрақ, ол iзсiз жоғалып кетпейдi, басқа бiр денеге, құбылысқа айналады.
“Электриядан не шықты,
Iстедiң талай қызықты !
Дәл өзiн көрген адам жоқ,
Шын затын оның кiм ұқты ?
Достарыңызбен бөлісу: |