Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау



бет6/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау
сұрақтары:
  1. Стилистиканың пайда болу тарихы және оның ғылым ретінде қалыптасуы.

  2. Стилистиканың қазіргі таңдағы даму бағыт-бағдары мен зерттелуі.

  3. Тілдің қоғамдық қызметі мен мәні. Тілдік және тілдік емес факторлар.

  4. Стилистиканың филологиялық пәндермен байланысы және өзіндік ерекшелігі. Лингвистикалық стилистика мен әдебиеттану стилистикасы, лингвистикалық стилистика және тіл мәдениеті, стилистика тіл мәдениетінің теориялық негізі.

  5. Стилистиканың зерттеу нысаны дискурс пен мәтін туралы көзқарастар. Дискурс пен мәтіндегі коммуникативті-прагматикалық қызметі. Дискурстағы эксплицитті және имплицитті мағыналық компоненттердің қызметтері.

  6. Мәтіннің мағыналық-ақпараттық мазмұнының толық ашылуының прагмастилистикалық мәні.



ТІЛ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК

Қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып танылғаннан бері қоғамдық санамыздың талап тілегіне сай, тіліміздің қоғамдық қызметінің артуына байланысты, қазақ тілінің сөйлеу мәдениеті өз алдына бір сала болып қалыптаса бастады.


Қазақ халқымен қоса жасасып, оның мәдени өмірінің өзегі болып табылатын құнарлы да шұрайлы тілін байытқан үстіне байыта, толықтыра, дамыта түсу, ішкі мүмкіншіліктерін ашу арқылы тіл мәдениетін көтере түсетініміз даусыз. Өйткені тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдің ширауы, жетілу дәрежесі. Сонымен бірге, сөйлеу мәдениеті «Тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік заңдылықтар мен нормаларды, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» - дейді көрнекті ғалым М.Балақаев.
Тіл мәдениетінің мақсаты мен міндеті: әдеби тіл нормаларын сақтаумен қатар, айтайын деген ойдың мәнерлі де әсерлі болуын талап ету; студенттердің ана тілі мен әдебиеттен алған білімдері мен икем дағдыларын теориялық және практикалық жағынан дамытып, ауызекі және жазбаша сөйлеу тілінің ерекшеліктерін, шеберлігін, қазақ халқының шешендік сөз өнерінің тәлімдік сипаттарын таныту.
Тіл мәдениеті әдеби тілдің даму деңгейімен тығыз байланысты. Бүгінгі әдеби тіл жан-жақты дамыған, тілдік нормалары қалыптасқан жүйені сақтаған, қабылданған нормадан ауытқуға болмайтыны белгілі. Тіл мәдениеті тілдік нормамен тығыз байланысты. Олай дейтініміз, тілдік норма сөзді орфоэпиялық нормаларға сай дұрыс айту, сөзді орфографиялық ережелерге сай жазу, сөзді өз мағынасына сай қолдану, сөйлем құрауда грамматикалық нормаларды сақтау болса, тіл мәдениеті осы талап-ережелердің орындалуын, бұрмаланбауын қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет