Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет9/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Сөйлеу стиліне тән ерекшеліктер.
1. Сөйлеу стилінде эмоцианалды сөздер жиі қолданылады. Мысалы, тәлпіш, зымия, ақымақ, мес қарын, таз.
2. Сөйлеу стилінде кейбір сөздер айтылуы бойынша жазылмайды. Мысалы, құлын, жұлдыз, жүрек т.б.
3. Сөйлеу стилінде диалектизм сөздер де айтыла береді. Мысалы, падашы-бақташы, келімдәрі-бұрыш т.б.
4. Сөйлеу тілінде кісі аттары қысқартылып айтылуы жиі кездеседі. Мысалы, Гүлмира-Гуля, Ақтолқын-Толқын, Мағауия-Мағаш т.б.
5. Сөйлеу тілінде сөздердің орын тәртібі еркін түрде болады. Мысалы, Дәл осылай айтса,сал Біржан сенің сыңарың дағы!-деді де тұрып кетті орнынан ол.
6. Сөйлеу тілінде одағай сөздер жиі айтылады. Мысалы, Әй, байғұсым-ай, балаң келіп көзайым болдың ба?
7. Сөйлеу тілінде көп мағыналы сөздер пайдаланылады. Мысалы, өмірдің гүлі.
8. Сөйлеу тілінде синоним сөздер жиі қолданылады. Мысалы, Біздің ауылдың қыздары әрі көрікті, әрі сұлу, әрі әсем.
9. Сөйлеу тілінде сөздер қайталанып айтыла береді. Мысалы, Көке, көкежан, көке-ай, аға, ағажан, аға-ай.
10. Сөйлеу процесіне қосымша құралдар: мимика, понтомимика, мәнерлі қимыл-қозғалыстар қатысады.
11. Сөйлеу тілінде ой автоматты түрде дайындықсыз айтылады. Мысалы, қымыз ішесіз бе, көже ішесіз бе? қымыз, көже.
12. Сөйлеу тілінде қазақша сөзге орысша қосымша қосып айту кездеседі. Мысалы, Айнура, балашка.
13. Сөйлеу тілінде кейбір жағымды мағыналы сөздер жағымсыз мағына береді. Мысалы, батыр, данышпан т.б.
Баяу дауыспен жайбарақат сөйлеп отырған кісінің әрбір сөзі үйреншікті дәстүр бойынша айтылуға тиіс. Сөздердің сондай жалпыға бірдей, қалыпты айтылу нормасын – о р ф о э п и я дейміз. Мұндай норма әдеби тілде сөйлейтін кісілердің сөзінде болады. Әдеби тілде сөйлемейтін қарапайым кісілердің сөздерді айтуда өзіндік ерекшеліктері бола береді
Қазақ сөздерінің айтылуы мен жазылуы арасында үлкен айырмашылық жоқ. Тілдік нормалар қоғам мүддесіне негізделетіндіктен олар жалпы халыққа бірдей түсінікті, тілге жатық, айтуға ыңғайлы болуға тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет