Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


Стилистика мен тіл мәдениетінің арақатынасы



бет7/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Стилистика мен тіл мәдениетінің арақатынасы. Стилистика – тіл құралдарын (тұлға-бірліктерді) талғап, орнымен дұрыс жұмсауды үйрететіндіктен тіл мәдениеті ғылымымен тығыз байланысты екендігі мәлім. Сондықтан қай тұрғыдан болса да сөз болатын тіл мәселесі тілдік нормаға барып тіреледі. Әдеби тілде сөйлеуші адам ойын дұрыс жеткізуді ғана емес, қалай айтып жеткізуді көздейді, тілдегі дұрыстықты ұстауға тырысады, демек, әдеби тілдік нормада екі мақсат қатар көзделуі керек: ойды білдіру және оны мәдениетті түрде, яғни белгілі дұрыстық, көркемдік нормаларын сақтап білдіру.
Қазіргі қазақ әдеби тілінің нормаларына келгенде, олардың жалпыға ортақтығын, міндеттілігін айтумен қатар, функционалды стильдерге бөліп қарау керектігі де назар аударады.
Тілдік норманы міндетті түрде қолдану бар да, ыңғайына қарай қолдану бар. Айталық, орыс тілі мамандарының (Б.Н.Головин т.б.) тануынша, грамматикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормаларды қатаң, міндетті түрде сақтау керек, ал стилистикаға келгенде ыңғайына қарай босаң нормаларға да иек артуға болады дейді. Тілдің функционалды стильдерге қарай ажыратылатын нормалары стилистикалық нормалар болып табылады, яғни сөз қолдану нормалары, олар әдеби тіл нормасына сәйкес қалыптасады. Әсіресе, функционалды стилистикаға байланысты сөз қолданудың тұрақтылығы бар. Атап айтқанда, ауызекі сөйлеу стилінде қарапайым сөздер, диалектизмдер, жаргондар, бөтен тілдік элементтер, «барғасын, кеп, боп» т.б. тәрізді морфологиялық тұлғалардың қолданылуы мүмкін болса, жазба стильдерде олар нормадан тыс деп есептелінеді. Тілдің стильдік айшықтаулары, көркемдік құралдары көркем әдебиет стиліне тән, олар іс қағаздары мен ғылыми стильдерде қолданылмайды. Бұдан шығатын қорытынды: стилистикалық нормалар да тілде қалыптасады, олар әр стиль түрлеріне сай келуі қажет. Мәселен, өткен шақ есімшенің жұрнағы -тын (-тін) және тұғын болып екі вариантта кездеседі. Мұның алдыңғысы қатаң норма, яғни функционалды стильдердің барлығында қолданылады, ал -тұғын варианты, негізінен, көркем әдебиет, оның ішінде поэзия үшін норма. Тағы да бір мысал, ресми хабарларда, құжаттарда президент деген сөз елбасы деген суреттеме сыңарымен ауыстырылмайды. Соңғы вариант көтеріңкі (пафостық) тонмен жазылған газет-журналдар тілінде, көркем әдебиетте, оның ішінде поэзияда қолданыла береді.
Жоғарыда айтылған ауызекі сөйлеудің элементтері (қарапайым, диалект, дөрекі сөздер...) әдеби тілдің лексикалық нормасынан тыс тұрады. Бірақ көркем әдебиет тілінде, көбінесе кейіпкерлер тілінде, шығарманың жанрлық сипатына қарай автордың өз баяндауында да қолданылуы норма болып табылады. Соңғысы – стилистикалық нормалар ретінде танылады.
Демек, стилистика мен тіл мәдениетінің арақатынасын айқындау маңызды мәселеге жатады. Стилистиканың қарастыратын негізгі мәселелері ілгеріде айтылған жайлар болса, тіл мәдениетінің арқауы – тілдік құрылымның жарасымдылығы. Проф. Б.Н.Головиннің өте дұрыс атап көрсеткеніндей, тіл мәдениетінің өзіне тән дәлдік, дұрыстық, тазалық, байлық, мәнерлегіштік, қисындылық, әдептілік тәрізді сапалары болады, өзіндік категорияларға ие. Ал зерттелу хронологиясы жағынан стилистика мәселелерінің тіл мәдениеті мәселелерінен әлдеқайда ерте қолға алынғаны белгілі. Айталық, стилистиканың алғашқы элементтері ертедегі Греция мен Римнен, одан кейін Еуропа елдерінен бастау алғаны тіл тарихынан мәлім, ал тіл мәдениеті мәселелерінің қарастырылуы кейінгі ондаған жылдардың жемісі.
Қысқасы, өзіне тән категориялары мен белгілері бола тұра, тіл мәдениеті стилистикамен тығыз байланыста ғана дами алатын, стилистиканың жетістіктерін пайдалану нәтижесінде өсетін ғылым саласы бола бермек. Тілдік құралдарды орнымен, мақсатқа сай дәл жұмсай білу – тіл мәдениетін арттыратыны сөзсіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет