Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді


Стилистиканың пайда болу тарихы және оның ғылым ретінде қалыптасуы



бет70/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Бақылау сұрақтары:
  • Стилистиканың пайда болу тарихы және оның ғылым ретінде қалыптасуы.

  • Стилистиканың қазіргі таңдағы даму бағыт-бағдары мен зерттелуі.

  • Стиль ұғымы, ол туралы пікірлер.

  • Тілдің қоғамдық қызметі мен мәні. Тілдік және тілдік емес факторлар.

  • Стилистиканың филологиялық пәндермен байланысы және өзіндік ерекшелігі.

  • Тіл мәдениетінің шешендік өнермен байланысы.

  • Шешендік өнердің халық ауыз әдебиетімен арақатынасы.
Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

  1. Сөйлеу мәдениеті.

  2. Стилистика және жалпы халықтық тіл.

  3. Тілші-ғалым А.Байтұрсынұлының стилистикаға және жалпы тілдің қызметіне қатысты айтқан ой-пікірлері.

  4. Қазақ ғалымы Р.Сыздықтың қазақ тілінің стилистикасы туралы айтқан ой-пікірлері.

  5. Стилистикалық ұғымдар мен категориялар. Дискурстың мәні

  6. Стилистика тармақтары.

  7. Қазақ тіл мәдениеті.

  8. Стилистикалық қателер және оның түрлері.

  9. М.Балақаев, М.Серғалиев «Қазақ тілінің мәдениеті» еңбегіне шолу.




6-тапсырма. Берілген мәтіндерден ауызекі сөйлеу тілі стилінің ерекшеліктерін тауып, талдаңыздар.
а) Есімбектің үлкен үйі лық толған адам, қымыз ішіп әйдәй қызды-қызды болып жатыр екен. Мен тегіс араладым. Бір отауда Шұға кездесті. Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым. Апырым-ай, адамзатта ондай сұлу болады екен-ау! Аққудың көгілдіріндей осы аппақ. Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, омырауын неше түрлі ілгіштермен безеп тастаған қызыл пүліш камзол, басында үкі таққан түлкі бөрік, өзі сұлу адамды мүлде одан жаман жандырып, құбылдырып тұрды (Б.Майлин).
ә) Оқымасаң лодыр боп,
Сен де тупой боласың.
Городта саған орын жоқ
Степьте баран бағасың...
Баласы сонда дөңкиіп
Деу орнына: «Жарайды»
Қиыс тұрып, бұртиып
Көз аларта қарайды,
«Мен жиырмаға жеткенше
Көп сөйлейсің бос, мама,
Зря болтайт еткенше
Молоко бер кошкаға»,
Орыс тілі – аға тіл.
Қазақ тілі – ана тіл.
Қос тіл білу мін емес,
Тек қойыртпақ тіл емес (Ш.Смаханұлы).
б) Даярлаулы қаруы,
Қақпасына орданың.
Емініп жетіп барулы,
«Орда ішінде кім бар?» деп,
Жынданып айқай салулы.
Айқайлаған дауысы,
Төрехан мен Сәуленің
Құлағына барулы
Құлаққа дауыс жеткесін
Төрехан төре саналы
Терезеден қаралы
Көрді сонда жас дана
Егіз бен Сегіз ағаны (Н.Байғанин).
в) Кебек: Неге айттың оны, Еңлігім. Неге үйдейсің?
Еңлік: Не сергелдең болса да, серігің болдым деп аттанып ем. Артымда аяр нем қап еді. Бауырыңда, панадан кешкен жалғыз күндік тірлігіме бұрынғы барлық ұзақ жылдарымды теңемеуші ме ем. Тек мынау біраз күн... Әлсіздік, аналық шақ...
Кебек: Айтпа ... айтпа, атама оны. Бұл шағыңды әлсіз деуге аузым барса, азғаным болар... (М.Әуезов).
г) – Әй, имансыздың ісін қарашы... Е, айта, бер... Шешесі қайтіпті?
– Шешесі ойбайын салып қызына жабысқан екен, «сенің керегің жоқ, сүйгеніме қосыламын», деп милициялардың арбасына мініп алыпты, - дейді...

  • Астапыралда-ай, құдай-ай, не сұмдық көрсеттің-ау!.. Не деген бетсіздік еді!..

– Сол қыз биыл ауылға келген екен. Ауылы жағасын ұстап отыр дейді. Бұрынғы киімінің бәрін тастап, құйрық-жалын күзеген байталша сып-сида болып, коммунистің киімін киіп алса керек, мойнында кресі бар дегенді де айтады...(Б.Майлин)
ғ) Қайша: Неге тыңдайсыңдар ол дұспанның сөзін? Күніне жүз дұспан келсе, бәріне де ұлисың да отырасың, түге. Дұспанның сөзі жағада-ау сендерге, қасқырдың күшігі құсаған өңшең жат бауыр неме! Сен ендігәрі отырма бүйтіп майысып (Күләшқа). Мауқың басылатын болды ғой, түге!
Күләш: Біз не жаздық сізге? Әлгі кісімен ұрыспадың дейсіз бе? Апамды сіз ұмытқанмен, біз қайтіп ұмытайық?
Қайша: Жоғал әрі! Күндестен құтылдым ба десем, орнын сен басайын деген екенсің (Қатты). Сен де Есеңдіктің қатыны ма едің?!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет