Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет64/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Метонимияауыстыру мәнін беретін троптың түрі. Ойды жинақы, әсерлі жеткізуде қолданылады: ауыл жиналды (тұрғындары). Тұтас нәрсенің, кең ұғымның тек бір белгісін, бір жағын алып, сол арқылы тұтас бір ұғымды білдіру – метонимия тәсілі арқылы жүзеге асады. Мәжіліс қаулы қабылдады (қатынасушылар), Абайды оқыдым (шығармаларын) – бұлар көп жағдайда ауызекі сөйлеу стилінде, көркем әдебиет тілінде жиі қолданылады.
Ауыспалы мағынада жұмсалатын ауыстырудың түрі – синекдоха. Ол метонимияға ұқсас келеді, басты белгісі – бүтіннің орнына бөлшек, жалпының орнына жалқы, көпшенің орнына жекеше алмастырылып айтылады. Көп мағаналы сөздердің тууына себепкер болады. Мысалы, тұяқ сөзі ұсақ мал, қой-ешкі, ұрпақ, тұқым, бала (Асылдан туған жалғыз тұяқ). Синекдохалық, метонимиялық мағынадағы сөз қолданыстары ауызекі сөйлеуде, көркем шығармада, жеке авторлық қолданыста жиі пайда болады, ондай сөздер сөздікке енбейді, олар дағдылы ауыс мағыналы сөздер болмағандықтан, окказионалды мағыналарға жатады.
Гипербола«ұлғайту» деген мағынадағы троптың бір түрі, бір нәрсені, құбылысты үлкейтіп суреттеу. Суреткердің тілі мен стиліне бояу қосады, көркем шығармаға ерекше әсерлілік береді. Сөйлеу стилінде, публицистикада, көркем әдебиет жанрларында қолданылады. Батырлар жырында жиі жұмсалған тәсіл: Үй тар болғанымен, көңіл дариядай, сыямыз (сөйлеу стилінен).
Литотакішірейту ұғымындағы сөз, белгілі зат не құбылыс шамадан тыс кішірейтіліп сипатталады. «Менен оларға тиетін инедей пайда жоқ» (М.Әуезов). Литота тұрақты тіркестердің құрамында жиі ұшырасады, образдылық, бейнелілік сипатқа ие. Ол көркем амалдың бірі ретінде көркем шығармадағы кейіпкерлер тілінде, ауызекі сөйлеуде, ертегілерде мақсатқа сай жұмсалады.
Аллегорияастарлы сөз бейнелеу түрі. Көркем әдебиетте, жалпы көркем өнерде, ауыз әдебиетінде (өтірік өлендерде) белгілі бір идеяны астарлап суреттеу үшін қолданылады, осы тәсіл арқылы дерексіз бейне жасалады. Көбінесе адамның мінез-құлқын, іс әрекетін, психологиялық күйін екінші бір нәрсенің бейнесінде суреттеп айту тәсілі. Мысалы, О.Бөкеев "Қайдасың, қасқа құлыным" атты шығармасында бас кейіпкерінің ой-монологін түсі ретінде береді. Түс болған соң, мұнда аллегория бар. Бұл түс-монологте аппақ сөзі образ жасайды: аппақ селеулі дала, аппақ қозы, аппақ сақалды шал, аппақ домбыра, аппақ бие, қысқасы, жас жігіттің түсінде көрген дүниесінің бәрі аппақ, бұл – арманның, ізгіліктің символы.
Перифразсөздерді бейнелі мағынада қолдану тәсілі, яғни зат, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін астарлы мағынада қолдану, образды түрде сипаттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет