Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет10/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Орфографиялық норма. Орфография гректің orfos – түзу, дұрыс, grapho – жазамын деген сөзінен алынған. Орфография деп белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелердің жиынтығын айтамыз.
Орфография тілдегі сөздердің, олардың грамматикалық формаларынан бір келкі жазылу нормасын белгілейді. Әдеби тілдің лексикалық, орфоэпиялық, грамматикалық нормасы әрбір сауатты адамға қандай міндетті болса, сөздердің жазылу нормасы да сондай міндетті. Тілдің орфографиясын үкіметтің бекітуі де оның жалпы халыққа ортақ, міндетті екенін аңғартады. Бұл – сөздердің біркелкі жазылуын қалыптастыруға көмектеседі. Біркелкі жазу қалыптасқан тілде сөздің жазылу бейнесі сауатты адамға белгілі сөзді білдіретін біртұтас жазу таңбасына айналады. Сөздің графикалық бейнесінің адам санасында әбден бекуі сөздерді дағды бойынша дұрыс жазып, тез оқуға көмектеседі.
Қазақ жазуының ең бірінші орфографиялық ережелер жинағы 1914 жылы ғана жарық көрген. Бұған дейін қазақ халқы араб әліпбиін пайдаланып жүргенімен, қазақ тіліндегі сөздің қалай білдіретін сөздер жиынтығы болмаған. 1911 жылдан бастап, баспа бетінде қазақ жазуын жүйеге келтіру, сөздердің дұрыс жазылуын айқындау жайында пікір-талас болып, ол қазақ тілі орфографиясын жасауға әкелді. Сөйтіп, 1914 жылғы қазақ тілі орфографиясы пайда болды. Бұл орфография ережелері 1924 жылы толықтырылды, кейбір ережелер өзгеріссіз қалды. Бұл ережелер 1926 жылға дейін қолданылды, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әліпбиіне көшумен байланысты қабылданған қазақ тілі орфографиясы қолданылды.
Қазақ тілінің қазіргі орфографиясының алғашқы нұсқасы 1940 жылы орыс графикасына көшумен байланысты: дәлірек айтсақ 1940 жылы 10 қазанда ҚазССР жоғарғы советінің Ү сессиясы қазіргі қазақ орфографиясын бекітті.
Қазіргі қазақ орфографиясы қабылданғаннан бері екі рет 1957, 1983 жылы ресми өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда:
1. «ый» дыбыстарының тіркестері сөз ішінде кездескенде, олар «и» әрпімен ғана белгіленеді. Мысалы, қыйын – қиын, жыйын – жиын, тоқыйды – тоқиды.
Бұл ережелерге бағынбайтын тый, сый деген екі сөз және бұл екі түбірден тараған түбірлес басқа сөздер. Мысалы, тый, сый, тыйылу, сыймау т.б.
2. Сөздердің соңында я, ю әріптерінің алдынан и әрпі жазылатын болды. Мысалы, тақия, дария, жария, Рахия, Ғалия т.б.
3. И дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын, тұйық райдың у жұрнағы я, ю түрінде жазылады. Мысалы , қи-у – қию, и-у – ию, жи-у – жию, қи-а – қия, жи-а – жия, ақси-у – ақсию, жыми-а – жымия т.б.
4. «ый», «ій» дыбыстарының тізбегіне сөз аяқталғанда, оған көсемшенің «и» жұрнағы жалғанғанда, «ый», «ій» әріптерінің тіркесі «и» әріпімен алмастырылады, ондай сөздер былайша жазылады. Мысалы, байы-и-ды – байиды (байды емес), кейі-и-ді –кейиді (кейді емес).
5. Орыс тілінен енген қосарлы дауыссыз дыбысқа аяқталған термин сөздерге қосымша жалғанғанда, бір дауыссыз түсіп қалады. Мысалы, металл – металды, бір грамм – бір грамдай т.б.
6. Орыс тілінен енген термин сөздер рк, нк, ск, кс,кт, фт,нг дауыссыз әріптерінің тізбектеріне аяқталғанда, соңғы буыны жуан-жіңішкелігіне қарамай, қосымша үнемі жіңішке болып жалғанатын болды. Мысалы, Омск – Омскіде, банк – банкіге, дифтонг – дифтонгісі т.б. Жоғарыдағы қазақ тілі ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың орфографиялық норманың бір жүйеге түсуінің маңызы зор болды. Әсіресе терминдік мәні бар сөздердің жазылуы басқа тілден енген сөздерге қосымшаның жалғану заңдылықтары тәртіпке келтірілді. Алайда қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне келгеннен соң орфографиялық заңдылықтарды қайта қарап, тұжырымдау – уақыт талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет