Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет75/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

11-тапсырма. Шетелдік іскер адамдардың коммерциялық хат мәтінінің композициясына талдау жасаңыз. Хат тіліне баға беріңіз.
Көңіл аудару
Құрметті...
Мен Сізге екі апта бұрын хат жазған едім, алайда Сізге өте маңызды нәрсе айтқым келгендіктен тағы да хат жолдап отырмын.
Қызығушылық туғызу
Менен АҚШ-тың бұрынғы президенті ретінде бірнеше тамаша, мазмұнды бастамаларды менің атыммен атауды өтініпті. Мен Розалинмен кеңестім де, біз өзіміздің атымызды қандай да бір ұйымның атын атау үшін емес, адамдардың өмірін шын жақсартуға бағытталған іске арнауға ұйғардық. Біз «Қоршаған орта адамзаттың пайдасы үшін» атты ұйымның жұмысын қолдауға келістік. Сол кезден бері мен осы ұйымның директорлар Кеңесінің мүшесімін.
Біз өз ұйымымыздың жұмыс тәжірибесімен кеңірек таныстыратын кітап та шығардық, ондағы мақсатымыз өз өмірімізді қалай қызықты етуге болатынын көрсету болды.
Енді мен Сізге неге осы ұйымның жұмысына қызыққанымды айтайын.
Президент кезімде кедейлерге тұрғын үй мәселесі қаншалықты қиындық әкелетіндігі және ол адамдарды қалай мейірімсіз ететіні туралы тікелей мәлімет алып тұрдым. Маған бұл қатты әсер етті! Сұмдық екен!
Бүгін Америкада мыңдаған отбасылар ойға алуға да қиын осындай сұмдық жағдайларда тұрып жатыр: ысталған, ескірген, құлауға аз-ақ қалған ауыл лашықтары, егеуқұйрық қаптаған, сылағы түскен ескі үйлердегі пәтерлер.
Осындай жанұялардың бірі Стронгтар отбасы болды. Руби, Оскар және олардың бес баласы - Миссисипи штатындағы Самнер қаласының бір ескі, ұмыт калған үйшігінде тіршілік үшін жанталасты (одан әрі ұйымның оларға көмегі туралы айтылады).
Өтініш
Бізге миллион адамның көмегі қажет болып тұр. Олардың әрқайсысы ең болмағанда 20 доллардан көмек көрсетсе, адамдардың тұрмысын жақсарту сияқты қызық та қажет жұмысқа атсалысқан болар еді. Біздің ұйымның орасан зор қажыр-қайратының арқасында адамдар үшін жайлы да арзан пәтерлер арманнан шындыққа айналар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет