29-тапсырма. Хат тіліне тән ауызекі стильдің белгілерін табыңыз. Хаттың көркемдік сипатын анықтаңыз.
«Сүйікті, қымбатты құрбым, айырылысу неткен шы-дық, неткен ауыр! Тірлігімнің бар қуанышының жарма-жары сізбен бірге деп, жол жырақтығы алыстатып тұрса да, жүрегіміз айырылмасқа бекіген деп өзімді-өзім қанша жұбатқанмен, көңілім тағдырыма наразы. Көрген рахатым, алаңым көп болсада, өзіңізбен айырылысқаннан бері жүрек түпкіріндегі кейбір құпия мұңымды баса алар емен. Өткен жаздағы сияқты, сіздің үлкен кабинеттегі жасыл диванда, «сырласу» диванында отыратынымыз сияқты неліктен нақ қазір өз қасымызда емеспін деп арман етем. Осы хатты жазу үстінде дәл көз алдымда тұрған сіздің сүйкімді назарыңыз со бір момақан, әрі сабырлы, әрі өткір осыдан үш ай бұрынғыдай маған неге рухани күш бермейді екен? -деймін» (Л.Н.Толстой).
Хат үзіндісін оқи отырып:
1. Хат иесіне сипаттама беріңіз (жасы, жынысы, білімі).
2. Хат иесіне мінездеме беріңіз (жеке басының қасиеттері).
3. Хат үлгісі қай кезенді бейнелейтінін түсіндіріңіз.
4. Осы хат стилін сақтай отырып, жауап хат жазыңыз.
5. Өзіңіздің ең жақын адамыңызға хат жазыңыз.
Бақылау сұрақтары:
Көркем әдебиет стилінде тіл құралдары қалай ұйымдасады?
Көркем әдебиет стилінің өзге стилъдерге ұқсамайтын басты ерекшелігі неде?
Көркем әдебиет стиліне тән көркем бейне қалай жасалады?
Көркем әдебиет стилінің жанрларының тілдік, стильдік, композициялық ерекшелігі туралы қандай қорытындылар жасауға болады?
Көркем әдебиет стилі және оған тән тілдік, стильдік, композициялық ерекшеліктер туралы өз ойыңызды тұжырымдаңыз.
Көркем әдебиет стилінде қолданылатын бейнелеу тәсілдері туралы өз ойыңызды қорытындылаңыз.
Көркем әдебиет стиліндегі дара стиль туралы өз ойыңызды айтыңыз.
30-тапсырма. Берілген текстерден фонетикалық анафора мен эпифораның қайталақтаудағы стильдік әрлілігіне талдау жасаңыздар.
а) Еркін дала,
Еркің қайда?
Еркіңдегі
Көркің қайда?
Нулы,нулы
Жерің қайда?
Сулы, сулы
Көлің қайда?
Еркін көшкен
Елің қайда?
Ел қорғаны -
Ерің қайда?
Тура айтатын
Биің қайда?
Би бардағы
Күйің қайда?
Адал көңіл
Ақтық қайда? (А.Байтұрсынұлы)
ә) Мен оны қазбаймын: даудың қарасын көбейтем деп құлындағы сақау, құнандағы тісеуді осы сөздің үстіне әкеліп үйгенің лайықсыз. Матай қой аузынан шөп алмайтын момын ел болып отырғанда бұл сөзің сияды. Тентектік ылғи тобықтыдан шығады дерсің. Бірақ сол матай мен қалған найман неге жауласады? Бүгінгі найманмен шиеленістіріп отырған сылтауды алсам, ол ел таразысын аңдамаған албырт жастардың шалалығы. Рас, тентек болса тобықтының тентегі иесіз демеймін. Ағайын жолымен бітісейік, билікті маған бергенің шын болса, мен айтайын. Жалғыз-ақ түбір сөзді түйінді сөз қылғанымыздың лайығы жоқ (М.Әуезов).
б) 1. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы (Абай).
2. Ойыл деген ойынды,
Отын тапсаң тойынды.
Ойыл көздің жасы еді,
Ойылда кеңес қылмадың,
Ойылдан елді көшірдің... (Асан Қайғы)
Достарыңызбен бөлісу: |