Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет71/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

7-тапсырма. Берілген мәтіндердің өзіндік ерешеліктерін көрсетіңіз. Ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыз.
1. Күз аспаны күңгірт, бұлыңғыр. Ауада дымқыл сыз бар. Таң салқыны қазір күздің суық желіне айналған. Маңайда қызарып солған қурайлар көп көрінеді. Бүрінен айрылған тобылғы да қуқыл реңді. Ұзарып сарғайған селеу мен бозғыл көде, жусан – бәрі де жел лебінен қалтырайды. Бас шұлғып елбек қағады. Қара жел қуған каңбақ кең жазықта көп бұлыңдап, тынымсыз кезіп, жосып өтеді. Таң жаңада атқан. Салқын түннің қалың шығы жүргіншілердің аттарының тұяғын жылтыратып шашасына шейін суландырған (М. Әуезов).
2. Соңғы кездері Солтүстік Каспий мұнайының мол қоры әлем назарын өзіне аудара бастады. Жергілікті ел-жұрт арасындағы әңгіме арқауы да теңіз тағдыры, оның байлығы, халықтың қауіпсіздігі. Ол орынды да. Өйткені Маңғыстау аймағы үшін теңіз – тіршілік көзі. Теңіз табаны байлықтың бастауы. Бірақ сол мол байлықты игеру тыңға түрен салғандай, құпиясы көп жұмыс болуда. Содан болар теңіз кенішін игеруші шетелдік компаниялар тұрғындарды ашық әңгімеге жиі тартып келеді. Сондай бір келелі әңгіме, қоғамдық тыңдау Ақтауда «Аджип ҚКО» компаниясының ұйымдастыруымен өтті. Ол «Қашағанды» игерудің «Қоршаған ортаға тигізер әсерін бағалау» деп аталатын жобаны талқылауға арналды (Газеттен).
3. Осы шарт бойынша есеп айырысулар Кредит беруші белгілеген сома мөлшерінде теңгемен уақытылы жүзеге асырылады. Кредит берушінің осы шарт бойынша төлемді талап ету құқығы Қарыз алушының Кредит берушіге қарсы талабының есебінен өтелмейді.
4. О, бейбақ, бейқам-ақ отыр ем, үшеуі бірдей үстіме қона кеткені. Көтеріп тұрып, бұрыш-бұрышқа лақтырдым да жібердім. Керегеге сүйеулі тұрған солдаттың бес атар мылтығын көтере сыртқа шықпақ ем, артымнан бұжырдың жабысқаны, о бейбақ, мылтықтың дүмімен жалғыз-ак ұрып, кұлаттым да, үй сыртында байлаулы тұрған жиренге мініп алып шаптым да кеттім. Гүрс-гүрс мылтық атылып жатыр. Дәл құлағымның түбінен ысылдап бір оқ өтті. Жирен жүйрік, оқ шығармай құтылармын деп едім, екі солдат тепеңдеп соңымнан қалар емес. Жазатайым кететінім анық. Жиреннің басын бос тастап, артыма бұрылдым да, тартып жібердім. Біреуі құлап түсті. О, бейбақ, жынымның келгені, екіншісі бұрылып алып кейін қашты (Р.Сейсенбаев).

  • Берілген 4 мәтіннің алдына қойған мақсаты мен арналған ортасы, олардың жасалуына әсер еткен сыртқы факторлар туралы не айтуға болады?

  • Берілген мәтіндерде тіл қандай қызметте жұмсалған?

  • Тілдің қызметі және тілдің жасалуына әсер ететін сыртқы факторлар туралы ойыңызды жоғарыда берілген мәтіндер арқылы түсіндіріп, жинақтаңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет