Студенттердің терең білім алуы үшін бірқатар пәндердің кейбір тақырыптарын меңгеруіне тура келеді



бет78/106
Дата16.10.2023
өлшемі1,24 Mb.
#116524
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   106
Байланысты:
367986 (2)

Іс әрекеттің себебін түсіндіру
Жедел тапсырыстың болуына (қиындықтарға, ауа райының жайсыздығына, жоспардың орындалуына, ауруына, жағдайдың өрши түсуіне, мәселенің шешілмеуіне) байланысты ... -ға міндеттеу (тапсыру, ұсыну);
Қабылдамауына (шешіміне, нұсқауына, кешігуіне, қиындықтарға, жетілдірілуіне) байланысты ...
Келісімге (жоспарға, жақсартуға байланысты, жетістігіне байланысты, орындалуына байланысты, нәтижесінде, қорытындысы бойынша) сәйкес ...
Шешімі (міндеттемесі, уәдесі) ... байланысты (себепті, салдарынан) орындалмады;
Материалдық көмек көрсету мақсатында (-у үшін, байланысты, себепті, қатысты. ескере отырып) ...
Келіспеушілікті білдіру
Сіздің ұсыныңыз қабылданбады (қолдау таппады, талаптарға жауап бере алмайды, сәйкес емес, заңсыз, жоспарға сай емес, қабылдануы мүмкін емес)...
Сіздің ұсынысыңыз ... байланысты (себепті, ...-ға сәйкес, арқасында) қабылданбады (себебі, ..)
Сіздің ұсынысыңыз ... тараптардың талабына жауап бере алмауына байланысты (негізінде) қабылданбады (іске аспайды, жарамсыз, жүзеге аспайды);
Мекеме ... қатысты (бойынша, туралы, байланысты) мүлде (түпкілікті) қарсылығын білдіреді (қарсы екендігін, жол бермейтіндігін, келіспейтіндігін білдіреді).
Келісім беру
Мекеме (салық комитеті. бөлім, компания) ... қарсы емес (екендігін білдіреді, келіседі, қолдайды, пікіріңізге қосылады, қанағаттандырады, қызу колдайды, қызықтырады, материалдық жағынан демеушілік жасайды);


20-тапсырма. Жаңа шыққан бір кітапқа аннотация жазыңыз, оған стилистикалық талдау жасаңыз.


21-тапсырма. Ғылыми мәтіндердегі сәтсіз қолданыстарды тауып, себебін түсіндіріңіз. Өңдеп қайта жазыңыз.
1. Адамзат ой санасының дамуы барысында табиғатты игеруге тырысуда. Осының салдарынан қуатты өндіріс дамып табиғатқа зор әсерін тигізіп отыр. Өндірістің дамуы табиғат ресурстарын үнемді пайдалану мәселесімен қатар аймақтық шаруашылық кешендердің қалыпты жағдайда қызмет етуіне қоршаған ортаны ластайтын өңдірістік өнеркәсіптер мен өндірістік емес сферадағы ұйымдардың бөліп шығаратын ластаушы қалдықтарынан ортаны қорғау маңызды болып табылады. Аймақтық инфраструктураның ауыл шаруашылығы мен өндіріс өнеркәсіптерінің, қалыпты жетілуіне, адам өміріне ауа атмосфераның, су бассейні және топырақтың ластануы ең басты қолайсыз әсер етуші фактор болып табылады. 2. Биологиялық индикатор ретінде қоршаған ортаның ластануының көрсеткіші бола алатын газға төзімді деп саналатын қара терек жапырағының анатомиялық құрылысын зерттеу жұмысына аса назар аударуды жөн көрдік. 3. Қара терек жапырағының анатомиялық құрылысының ғылыми зерттеу барысында бағаналы мезофильдің борпылдақ мезофильге қатынасы екі есе артық екені анықталды. 4. Оқушылар көп салалы ғылым негіздерінен – математика, жаратылыстану, қоғамдық және басқа пәндерден білім алады. Осылардың барлығына бір оқушының бірдей қызығуы сирек ұшырасады. Ол көбінесе бір салаға немесе осы салаға арналған бір пәнге бағыттылықты танытады. 5. Қазіргі кезде мектептегі оқыту процесі барған сайын белсенді сипат алып келеді, Оқушылардың өз бетімен істеген жұмыстарын кең пайдаланудан, іскерлігін қалыптастыру жөніндегі мақсатты жұмыстан көрініс тауып отыр. Замандастарыңның сөйлеу тілінде жиі ұшырасатын қателіктерге талдау жасап, өңдеу жұмыстарын жүргізіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет