Жазбашасөйлеудің ерекшеліктері 1. Жазбаша сөзде сөйлемге байланысты қойылатын тыныс белгілерден басқа оны қабылдауға әсер етудің қосымша құралдары болмайды.
2. Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Алайда қойылатын басты шарт: жазбаша сөз бастан аяқ түсінікті болуы тиіс.
3. Жазуда орфографиялық норма қатаң ескеріледі.
4. Автордың көңіл-күйі (сүйсінуі, күйінуі т.б.) орын тауып қойылған сөздер мен сөз тіркестері арқылы берілді. Сондықтан әр сөздің ой елегінен өткізіп айтайын деген пікірге дәл беретін сөздерді таңдап, талғап құрастыру тиіс.
Жазудың өмiрде атқаратын ролi зор. Оның да шығy, даму тарихы бар. Жазу адамдардың кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкiндiк бередi. Ал ауызекi сөйлеу тiлi туралы мұны айта алмайсың. Өйткенi сөйлесу жүзбе-жүз кездескенде ғaнa болатын нәрсе. Жазу арқылы алыста жатып та, жақын тұрып та «сөйлесе» беруге болады. Жазусыз мәдениет атаулыны, өркениет атаулыны көзге елестету қиын. Олай болса, жазудың шығyын көне замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың бiрi деп есептеу керек.
Жазудың тарихы өте ерте замандардан басталады. Көне жазуды да, қазiргi жазуды да бiлyдiң әpi теориялық, әpi практикaлық мәнi зор.
Тіл мәдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі белгілер мен сапалар болады. Олардың бастылары мыналар: дұрыстық, дәлдік, логикалық, тазалық, мәнерлілік, сөздің байлығы және қисындылық.
Сөздің дәлдігі. Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз – сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі. Сөздің дәлдігі, бір қарағанда, сөздің дұрыстығына ұқсас көрінеді. Дегенмен, олардың арасындағы айырмашылықты білудің елеулі мәні бар. Айталық, бір адам екіншісінің қал-жағдайын сұрағанда, «жаман емес» деген жауап алуы әбден мүмкін. Бұл жауап – сөз дұрыстығы тұрғысынан талапқа сай келеді, өйткені олар – әдеби тіл нормасына сәйкес айтылып тұр және дағдыда оны айтуға үйреніп қалғанбыз. Демек, жауап берушінің халінің жағымды екеніне көзіміз жетеді. Ал, сөздің нақтылығы талабынан келетін болсақ, бұл жауап қанағаттандырмайды, өйткені сол «жаман емес»-тің мағынасы көп: оған «орташа», «жақсы», тіпті «өте жақсы» деген ұғымдар да сияды. Объективті баға беру ыңғайында әлгі «жаман емес»-тің не орташа, не жақсы, не өте жақсы екендіктерінің біреуін дәлелдесек, сөйлеу мәдениетіндегі дәлдікті, айқындықты падаланғанымыз болып шығады.
Сол сияқты, терезе алдында ағаш өсіп тұр дегенде де, сөйлеудегі дұрыстыққа нұқсан келтіріп отырғанымыз жоқ, ал дәлдік жағынан келген де (терек пе, қайың ба, емен бе) жетімсіз жағдай байқалады.
Әлбетте, тұрмыста, көпшілік алдында сөйлеуде, ресми құжатта орын алатын сөз қолданудағы дәлдік пен көркем әдебиеттегі дәлдікті қатар қоюға бола бермейді. Әрине, бұл ретте де сөз шеберлері жалпы халық тілінде бар сөздерді орнымен жұмсайды. Дегенмен, көркем шығарманың эстетикалық қуатын, бейнеліліктің дағдылы дәлдіктен біршама өзгешелігі барын ескермеске болмайды. Мәселен, Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат» деген өлең жолдарын сауатты қазақтардың бәрі біледі деуге болар. Осындағы сыр мен сымбат сөздерінің дәл орнында пайдаланылып тұрғанына ешкім күмәнданбайды. Демек, сөзді нақтылы қолдану дегеніміз, сайып келгенде, синонимдік қатардың ішіндегі автор ойын дәл бере алатын сөзді таңдау болып табылады. Сонда ұлы ақынның айтқалы отырғаны адамның ішкі дүниесі мен сыртқы бітімі жайында екенін ескерсек, сырға да, сымбатқа да синоним болатын сөздер жеткілікті. Ал, ол сөздерді данышпан ойшыл білмеді деуге ешкімнің аузы бармайды.