Студенттің ПƏндік оқУ Əдістемелік кешені


Пайдалы қазбаны өндіру бойынша жоспардың орындалуын талдау



Pdf көрінісі
бет11/14
Дата06.04.2017
өлшемі0,76 Mb.
#11190
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Пайдалы қазбаны өндіру бойынша жоспардың орындалуын талдау
Кешенді  талдау  нəтижесінде  кəсіпорынның  жай-  күйі  жағдайы  туралы,  оның
қызметінің экономикалық тиімділігінің дəрежесі бойынша жалпылама қорытынды болу тиіс.
Кешен санында  мындай  көрсеткіштер  талданады: өнім  өндіру көлемі жəне  пайдалы
қазбаларды  өткізу  құны, кəсіпорынның  негізгі  қорларының  орташа  құны  жəне  оның

айналым қаражаты, алынған пайданың мөлшері жəне кəсіпорынның таза пайдасы, кəсіпорын
жұмысының пайдалылық деңгейі.
Кəсіпорынның  өндіру  көлемі  мен  шығарылған  жəне  сатылған  өнімнің  құнын  талдау
кезінде  кəсіпорын  жəне  кен  өндіретін  бөлікшесі  бойынша  пайдалы  қазбаларды  өндірудің
нақты  көлемі  жоспарлы  тапсырмаларымен, сондай-ақ  базалық  көрсеткіштермен
салыстырылады.
Ж
Q
Q
Q
-
=
D
1
 - абсолюттік өзгеруі,
О
Q
Q
Q
-
=
D
1
   - абсолюттік өзгеруі.
Салыстырмалы өзгеру былай анықталады.
Ж
Q
Q
Q
/
100
*
%
1
=
D
 немесе
O
Q
Q
/
100
*
1
,
мұндағы
1
,
Ж
Q
  жəне
0
- талданатын  кездегі  заттай  нақты, жоспарлы  жəне  базалық
кен өндіру көлемі.
Осы  кезде  жұмыстардың  кен-геологиялық  шарттары, өндіру  жұмыстарының  еңбек
ресурстары, жабдықтармен, тазартылыс  жұмыстарының  шебімен, керекті  аршу  көлемімен
қамтамасыз етуін талдайды.
Өндірістік  процестің  звеноларының, өндіру  жабықтар  мен  көлік  құралдарының
өнімділігі  зерттеледі. Өндіріс  жағдайларының  барлығын  бағалаған  көрсеткіштері  олардың
жоспарлы деңгейлерімен салыстырылады.
Айқындалған ауытқулардың өндіру көлеміне əсері белгіленеді.
Өндірістік  қуатын  пайдалану  жəне  өндіру  өсіруді  барлық  резертердің  деңгейі
бағаланады.
Пайдалы қазбаларды өндірудің ауысымдық жəне тəуліктік ырғақтылығын талдау өте
маңызды.
Өткізілген  өнім  құнын  талдау  сатылған  бағаның  деңгейін  бағалауға  жəне  оны
жоспарланған  шамасымен салыстыруға мүмкіндік береді. Болып жатқан ауытқулар бағаның
өнім  сапасының  өзгеру  салдарынан  немесе  өткізу  рыногында  кəсіпорын  өнімінің  бəсекеге
қабілеттілігінің  өзгеру  нəтижесінде  шығуы  мүмкін. Осыған  байланысты  өнімнің  сапасын
талдау керек жəне оны жоғарлату шараларды қарастырған жөн. Кəсіпорын өнімнің бəсекеге
қабілеттілігі арнайы бағалауды тілейді
Кəсіпорынның нақты сату көлемі
( )
1
Q
пайдалы қазбаның заттай мөлшерін (
1
) оны
сатқан  бағасына (
1
) көбейтіп  анықтайды. Егер біз  оны базалақ  кезеңдегі өткізу көлемімен
салыстырып, талдайтын болсақ, онда мына өрнекті пайдаланады:
0
0
1
1
P
Q
P
Q
-
=
DQ
;
P
Q
I
I
P
P
Q
Q
I
×
=
×
=
Q
0
1
0
1
Егер біз өткізу көлеміне өнім өндіру шамасының жəне бағаның əсерін  білейін  десек,
онда мына өрнектерді пайдалану керек:
P
Q
D
+
D
=
DQ
;
(
)
1
0
1
P
Q
Q
Q
-
=
D
;
(
)
0
1
0
P
P
Q
P
-
=
D
.
Осы алгоритммен нақты жəне жоспарланған көрсеткіштерді салыстыруға болады.
Даярлау жұмыстарының орындалуын талдау кезінде олардың нақты істелген көлемін,
жұмсалған  шығындарын, үңгілеушілердің  өнімділігі, даярлау  қазбаның 1 метірінің  өзіндік
құнын, үңгілеу циклінің ұзақтығын, бір  айдағы оның санын жəне тағы басқа көрсеткіштері
жоспарланған жəне өткен кезеңдермен салыстырады.
«Кəсіпорын  кадрлары, еңбек  өнімділігі, жұмысақы» бөлімінде  кəсіпорын
қызметкерлердің  нақты  саны, оның  ішінде  өндірістік  процестерде  жəне  санаттар  бойынша
істейтіндердің  санын  жоспарлы  көрсеткіштермен  жəне  өткен  мерзімдегі  санымен
салыстырады.
Мұнда  кадрлардың  тұрақтамауы, оның  себептері, еңбек  тəртібінің  жағдайы, бар
болған  іркілістер  бағаланады  жəне  осы  факторлардың  өндіру  көлемі  мен  өндіріс
шығындарын айқындайды.

Еңбек  өнімділігінің  нақты  жеткен  деңгейі, оның  жоспар  мен  серпініне  сəйкестігі
талданады
Жұмысақыны бағалаған кезде кəсіпорында істейтін қызменкерлердің жалпы еңбекақы
мөлшері  жоспарланған  қормен  салыстырады. Нақты  есептелген  жұмысақының  құрылымы,
жұмыскерлердің  орташа  айлығы, олардың  еңбек  өнімділігі  мен  жұмысақы  деңгейінің  ара
қатынасы талданады. Талданатын уақытта кəсіпорында істейтіндердің нақты жұмысақының
өзгеруі, оған инфляцияның əсері бағаланады.
Жұмыскерлердің  тимді  жұмыс  істеуіне  байланысты  моральдық  жəне  материялдық
уəждеуін күшейту үшін нақты жұмысақыны көтеру резервтерін  анықтау.
Өндіріс шығындарын оның жоспарлы деңгейімен жəне өткен күнтізбелік кезеңдермен
бағалануды  көздейді. Осындай  талдау  жалпы  кəсіпорын  жəне  жеке  учаскілер  бойынша
элементтер  тұрғыдан  жүргізіледі. Талдау  мақсаты  жоспарлы  нақты  баптарымен  болған
негатив  ауытқуларды  айқындап, өнім  өндіру  көлеміне  байланысты  өндіріс  шығындардың
шамасын төмендету.
Талдау  нəтижесі  бойынша  өнім  өндірудің  өзіндік  құнын  төмендетудің  барлық
резервтерін айқындау жəне бағалау, оларды іске асыру үшін керекті шараларды бекіту.
 Барлық  экономикалық  талдау  нəтижелерін  пайдалану  мақсаты  бір  жағынан  өндіріс
тиімділігін  арттыру, өндіріске  жұмсалатын  шығындарын  азайту, пайда  мен  пайдалылық
деңгейін  жоғарлату, екінші  жағынан  жұмыс  істейтіндердің  жағдайын  жақсарту, кəсіпорын
қызметкерінің  экономикалық  тиімділігін  тұрақты  өсуін  қамтамасыз  ететін  шараларды  іске
асыру.
Негізгі əдебиеттер: 2 нег. [476-482];
Қосымша əдебиеттер:15 қос. [295-356].
Бақылау  сұрақтары:
1. Өндірістік-шаруашылық талдаудың мазмұны.
2. Кəсіпорын қызметкерін талдау əдістері
3. Еңбек сыйымдылығы жоспарын талдау
4. пайда мен пайдалылық деңгейлерін талдау
5. Экономикалық талдау нəтижелерін қалай  пайдаланады.
14- дəріс. Басқарудың негізгі принцптері мен əдістері
Басқару  жүйесіне- кəсіпорынның  ұйымдық  құрылымының  элементі, оған
қаржыландыру, жоспарлау, өнім шығаруды бағалау, есеп жүйелері жəне т.б. кіреді. Ең басты
проблема – кəсіпорынның межеленген стратегиясына қолданылып жүрген жүйелердің сəйкес
келу дəрежесін айқындау.
Басқару дегеніміз – жүйесінің жаңа, сол жүйеге арналған күйге көшу (академик Берг.).
Басқару – не  істеуге  тура  келетінін  жəне  мұны  қайткен  де, мейілінше, жақсы  жəне
арзан істеуге болатын білу өнері (Тейлор).
Басқарудың екі жағы бар: еңбек бөлісінің қажеттілігіне жəне  белгілі бір мақсатты іске
асырумен байланысты.
Басқару  қатынастары  мынадай  ұйымдастырушылық  түрлерге  бөлінеді: басқарушы
жəне басқарылатын жүйелерге.
Белгілі бір қатынастар жүйесі тұрғысынан алғанда басқару жүйесі: ішкі жəне сыртқы
болып бөлінеді.
Қазіргі уақытта жүйелі көзқарас ғылым мен тəжірибенің барлық салаларында кеңінен
пайдаланылады.
Жекеленген бөліктер мен элементтерге  бөлшектемейтін  зерттеу жəне оларды белгілі
бір ретпен орналастыру мүмкін болмайтын жүйелер үлкен жүйелерге жатады.
Жүйеде компоненттердің екі түрі болады:
1.Кіші жүйе – бұл жүйенің басқа бөліктерге ыдырау бөлігі;
2.Элемент – бұл ендігі жерде құрамдас бөлікке ыдырауы мүмкін емес бөлігі.

Өндірістік  жүйелер  басқарудың  принциптерінің  мəні  басқару  жүйесінің  көп  сатылы
болып  құрылатындығында, онда  бастауыш  өндіріс  жүйелерін  басқару  көлемі  деңгейдегі
орган  бақылап  отыратын  төменгі  деңгейдегі  органдар  арқылы  жүзеге  асырылады.
Басқарудың  екінші  деңгейінің  қызметін  үшінші  деңгейдегі  органдар  бақылап  отырады.
Учаскеден  бастап, халық  шаруашылығына  дейінгі  əртүрлі  сатылардағы  басқару  жүйелері
басқару органдарының біртұтас иерархиялық жүйесін құрайды.
Басқару жүйесінің екінші принципі кері байланысқа негізделген.
Басқару  жүйесінің  принцптері  мен  шарттары  мынадай: жүйе  элементтері  арасында
себеп-салдарды  байланыстардың  болуы, жүйенің  серпінділігі, əсерін  етен  жағдайда
процестің  өтуін  өзгертуге  болатын  парамертрлердің  болуы, жүйеде  басқару  ақпарат  беру,
жинақтау жəне өзгерту мүмкіндігін қамтамасыз ету.
Басқаруды  ұйымдастыруға  жүйелі  түрде  қарау  оның  ақпараттық  жағын  бөліп  алып,
оны дұрыс бағалауды талап етеді. Бұл процестің орталық сəті шешім қабылдау актісі болып
табылады.
Ақпарат  жүйелері  дегеніміз – деректерді  жинау, өңдеу, сақтау  жəне  оны  жеткізу
мақсатында, олардың  толық, дəл  жəне  дер  кезінде  болуын  есепке  ала  отырып, басқару
органдарының  жеткілікті  түрде  өткізгіштік  қабілетін, деректердің  өту  мен  пайдаланудың
барлық буындарында оларды біржақты  түсіну; əр түрлі деректердің  маңыздылығын дұрыс
бағалауды, оларға қойылатын талаптарды анықтауы мен басқарудың ұйымдық құрылымның
барлық  деңгейіндегі  басшылар  оларды  тиісті  іріктеуді  қамтамасыз  ететін  құралдар  мен
əдістердің жиынтығы.
Жоспарлау – басқарудың  жалпы  функциясы  болғандықпен  байланысты
кəсіпорындарында  стратегиялық жəне тактикалық басқару пайда болады.
Стратегиялық  басқару – ұйым  алдындағы  мақсатқа  жетудегі  басшылықтың
қабылданған кешенді, жан – жақты шешімдер жиынтығын береді.
Кəсіпорын  дамуын  бейнелейтін  кешенді  стратегиялық  басқаруды  орындауда
басшылық қысқа мерзімге есептелетін, егжей-тегжей тактикалық басқаруға сүйенеді.
Кəсіпорынның 
басқарудың 
ұйымдық 
жоспары  онда 
өнеркəсіптік
менеджмент проблемасы қарастырылады, басқару  шешімдері қабылдаудың приципті тəсімі
(схемасы) келтіріледі.
      Бизнес – жоспар -  кəсіпорынды  белгілі  бір  кезеңде  дамыту  жоспарын, пайда  алу
мақсатымен  мəмілені  жүзеге  асырудың  бағдарлама – жоспары, көздеген  мақсатқа  қол
жеткізуге бағытталған шаралар жүйесі.
Кəсіпорын бизнес – жоспар бөлімдерінің құрылымы мен көлемін дербес анықтайды.
Бизнес – жоспар алты кезеңнен турады, ал ең жоғары  көңіл бəсеке мен стратегиялық
жоспарлауға беріледі.
         Өндірісті басқарудың ұйымдық құрылымы – бұл қызметтері мен міндеттерін
қамтамасыз ететін əр түрлі өзара байланысты буындарының жиынтығы.
         Басқарудың ұйымдық құрылымының негізіне өндірістің өзі жатады. Сонымен қатар
өндірісте басқарудың ұйымдық құрылымы басқару еңбегнің жіктелуін, басқарудың əр түрлі
қызметтерін сипаттайды. Сөйтіп, басқарудың объектілері мен қызметтері оның ұйымдық
құрылымын айқындайды.
         Өндірісті басқару объектілері мейілінше сан алуан. Олар тұтас алғанда өндірістік
ұяларға, өндірістік сатылары мен факторларына бөлінуі мүмкін.
Қазіргі жағдайда “Ғылым – техника - өндіріс” жүйесі қалыптасуда.
         Өндіріс факторларына еңбек, материалдық жəне қаржы ресурстары, сондай-ақ
ғылыми – техникалық ақпарат жатады.
         Қандай да бір өндіріс ұясын, өндіріс сатысын немесе өндіріс факторын басқару жалпы
басқару жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады.
         Басқару жүйесі дегенді бір-біріне өзара əсер етуші басқару буындарының ретке
келтірілген жиынтығы деп ұсынуға болады. Бұл басқару жүйесі басқару органдары құрамы
мен олардың бір-біріне бағыныштылық тəртібі, əрбір басқару буынның құқықтары мен

міндеттерін, сондай-ақ олардың өзара қарым – қатынастарын айқындау, ақпарат барысы
сияқты басқарудың ұйымдастыру элементтерін қамтиды.
         Өндірісті басқару жүйесі иерархиялық (баспалдақ) сипатта болады. Бұл жүйе əр түрлі
дəрежелерге бөлінуі мүмкін.
Өндіріс құрылымы жəне кəсіпорын құрылымы
         Əрбір өндірістік бөлімшенің өндірістік процесте өзінің айқын белгіленген міндеттері
болады. Бөлімше қызметкерлері өздеріне бекітіліп берілген негізгі қорлар мен айналым
қаражаттарын пайдалана отырып, өндірістік циклді орындайды.
         Ұйымдық жағынан оқшауланған өндірістік бөлімшелер кəсіпорынның өндірістік
құрылым буындары болып табылады.
         Əр кəсіпорынның өзіне тəн өндірістік құрылымы болады, олар көптеген факторларға:
өндіріс мөлшеріне, автоматтандыру жəне механикаландыру дəрежесіне, материалдық –
техникалық жабдықтау жағдайына, өндірістің сипатына, өнімдердің түріне байланысты.
         Өндірістік құрылым цехтық, цехтық емес, корпустық жəне филиалдық болуы мүмкін.
Шағын кəсіпорындарында цехтық  құрылымы мүмкін. Мұндай жағдайда тиісті басшының
басқаруымен үштен алтыға дейін басқару сатылары құрылады: директор – цех бастығы –
бөлім бастығы – учаске бастығы – смена бастығы – мастер. Цехтық емес құрылым
жағдайында цехтардың орнына өндірістік учаскелер болады.
         Кейбір кəсіпорында, бірнеше цехтан немесе өндірістік учаскелерден корпус (өндіріс)
құрылған кезде өндірістің корпустық құрылымы болады. Оның бастығы тікелей
кəсіпорынның директорына немесе оның орынбасарына бағынады.
          Нарықтық экономикасы жағдайында əрбір кəсіпорны ішкі құрылымдық бөлімшелер
туралы өз ережесін жасайды, ол бөлімшелердің əр қайсысының өндіріс процесіндегі орны
мен қызметтерін негізге алып, мақсаттарын, құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Кəсіпорын басқару құрылымы
         Кəсіпорнының басқару жүйесін басқару аппараты көрсетеді, ол біршама оқшауланған
бөлімдерге – басқару орындарына бөлінеді.
         Кəсіпорындарының ішкі басқаруы өндіріс ұйымдары сатыларына сəйкес келетін
басқару сатыларының болуын көздейді. Əр саты келесі жоғары сатыға бағынады: өзінің “
баспалдақтардан” туратын басқару жүйесі осылай құралады. Сөйтіп, кəсіпорындарды
басқару құрылымы дегніміз басқару жүйесінің əр түрлі сатыларында орналасқан жəне
өндіріс жүйесі ретінде кəсіпорнының міндеттерін атқаруын қамтамасыз ететін өзара
байланысты басқару органдарының жиынтығы деген сөз.
        Кəсіпорындарды басқарудың мынадай негізгі ұйымдық жүйелері белгілі:
– желілі (сызықтық);
– желілі – штабтық;
– атқарымдық (функционалдық);
– желілі – атқарымдық;
– жобалық;
– материалдық.
         Бұл басқару құрылымдардың əр қайсысының өз артықшылықтары мен кемшіліктері
бар.
         Желілі басқару ең қарапайым ұйымдық құрылым болып табылады.Бұл ретте
басқарудың барлық міндеттері бөлімше басшысының қолына жиналған жəне барлық төменгі
өндірістік сатылар оған бағындырылған. Басқарудың сатылас (вертикальды) бірыңғай  жолы
жəне бағынушыларға тікелей əсер етедін тура жолы құрылады, мұның өзі қарама қайшы
жəне қиынсыз тапсырмалардың болу мүмкіндігін азайтады, дара басшылық пен жеке
жауапкершілікті күшейтеді.
         Құрылымнның мұндай түрінің артықшылығы оның қарапайымдылығы мен
тиімділігінде. Алайда оның үлкен кемшілігі бар, ол кемшіліктің мəні мынада: басшы жан-

жақты маман болуы тиіс, оның бай тəжірибесі болып, істің барлық жағын қамтуы тиіс,
өйткені ол белгілі міндеттерді атқару үшін арнаулы мамандықтағы бөлімдердің көмегін
пайдаланбайды.
         Өндірістің өскелең күрделілігі жəне оның көлемінің өсуі басқару міндетерінің
саралауын талап етеді.
         Желілі басшылар өндірістік – шаруашылық қызметтің барлық мəселелерін түгел
қамти алмайтындықтан, басқарма бөлімшелері, –бөлімдер, бюролар жəне т.б. құрылады,
өндіріс барысын жоспарлау, есептеу жəне бақылау үшін, істің жағдайын зерттеп, шешімдер
даярлау үшін мамандар тартылады. Алайда, бұл мамандар қабылданған шешімдер үшін жəне
өндіріс нəтижелеріне тікелей жауап бермейді. Желілі – штабтық жүйе жоспарлау, есеп жəне
бақылау мəселелерін жақсы шешуге мүмкіндік береді, бірақта шешімдер қабылдау
процесінде желілі басшылардың ісіне қол сұғу қауіпін тудырады.
  Атқарымдық жүйе жағдайында əр басшы белгілі қызмет сапасына маманданып,тиісті
міндетті жүзеге асыруға жауап береді. Функционалдық бөлімдер бастықтарының əр қайсысы
өзінің міндетіне жататын мəселелер жөнінде өндірістік бөлімшелерге тікелей жарлық береді.
Мамандардың білімі мен қабілетін, басқаруды мамандандырудың жоғары дəрежесін
неғұрлым кең пайдалану жəне қабылданатын шешімдерді неғұрлым терең жасап, дəлелді ету
– бұл жүйенің артықшылықтары.
         Басқару сатысын неғұрлым жоғары болған сайын, атқарымдық басқару рөлі де
соғұрлым маңызды болады. Функционалдық жүйенің басты кемшілігі – жарлықтар беретін
сан алуан бөлімдер, көптеген желілер мен арналардың болуын көздейді.
        Іс жүзіне сызықтық, желілі – штабтық жəне атқарымдық жүйені ұштастыратын
басқару жүйесі кең пайдаланылады. Тау-кен өнеркəсібінде қазіргі уақытта басқарудың
сызықтық – атқарымдық құрылымы анағұрлым кең өріс алған жүйе болып табылады.
Құрылымның бұл түрі желілі жəне атқарымдық жүйелердің барлық жақсы жағдайларының
синтезі ретінде туды.
         Желілі – атқарымдық жүйе басқарма қызметінің мамандандырылуын дамытуды
қамтамасыз етеді, сонымен бірге, өндіріс нəтижелеріне жауап беретін деңгейлес
басшылықтың беделін сақтайды.
         Кəсіпорындарды басқару құрылымы өндіріс ерекшеліктерін, оның түрін,
мамандандыру сипаты, кəсіпорынның ішкі жəне сыртқы байланыстарын, басқарудың
жинақталған тəжірибе формулары мен əдістерін бейнелейді.
Басқару əдістері
          Басқару əдістері дегеніміз – басқару процесінің маңызды элементі. Басқарудың жаңа
элементтерінің болуы, оларды іс жүзінде шебер пайдалана білу өндірісті басқару
тиімділігінің алғышарты болып табылады.
         Басқару əдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты
жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мұның өзі басқару əдістерін өндірістік – шаруашылық
міндеттерді шешу процесінде пайдаланылатын басқа да техникалық жəне технологиялық
əдістерден ерекше етеді.
         Басқару əдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы заманғы техниканы
пайдалану жəне еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар
жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыз етеді.
   Басқару əдістері жүйесінде өзара байланысты жəне өзара тəуелді экономикалық,
ұйымдастыру -əкімшілік , əлеуметтік-психологиялық əдістерді айтуға болады.
Басқару əдістері дегеніміз – объективті заңды талаптарын іске асырудың əдісі.
Басқару əдісінің мазмұны объективті заңдардың мазмұнына байланысты.
   Сонымен бірге мақсатқа жету үшін əдістің жай ғана объективті заңдардың
талаптарына сай келуі жеткіліксіз. Осы талаптарды өндіріс қызмекерлеріне ықпал ету
əдістеріне айналдырудың жолдарын табу қажет, өйткені экономикалық процестер өзінен өзі,

өндіріс процесіне қатысушылардың қызметінен тыс өмір сұрмейді. Сондықтан басқару əдісі
оған түрткі болатын əдістің мазмұнымен ғана емес, бағытымен де сипатталады.
   Басқару əдіс орындау жүйесі арқылы іске асырылады жəне белгілі бір ұйымдық форма
алмай қоймайды.
 Ықпал ету жағынан барлық басқару əдістерін 3 топқа:
   а) материалдық есеп əдістеріне;
   ə) əлеуметтік есеп əдістеріне;
   б) билік ету себептері əдістеріне бөлуге болады.
   Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңде басқарудың экономикалық əдістері
зор маңыз алып отыр.
   Басқарудың экономикалық əдістерінің мазмұны еңбек жəне материал шығындарын
мейлінше аз жұмсай отырып, мейлінше жақсы өндірістік нəтижеге жету мақсатында
қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде болып табылады.
Өндірістік ұжымдар мен жекеленген қызметкерлерге белгілі бір экономикалық
тұтқаларды (өзіндік құны, пайда, баға, жалақы, материалдық көтермелеу қорлары) пайдалану
жолымен ықпал ету экономикалық əдістер деп түсініледі.
   Экономикалық əдістер орындаушыларыға олардың экономикалық мүдделерін арқылы
жанама ықпал етудің пайдалануын көздейді.
   Басқарудың экономикалық əдістерінің негізгі мақсаты – кəсіпорынның ұжымына жəне
жекеленген қызметкерлерге барынша белсендік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық
жағдайларды қамтамасыз ету.
Негізгі əдебиеттер: 2 нег. [114-119]; 5 нег. [7-67]; 6-нег. [10-103].
Қосымша əдебиеттер: 18 қос. [4-187].
Бақылау сұрақтары:
1.Өндірістік жүйелер, оларды ұйымдастыру жəне басқару.
2.Қазіргі ақпараттық- басқару жүйелерін құру принцптері.
3.Басқару əдістері.
4.Басқарудың ұйымдастыру құрылымының түрлері.
5.Бизнес – жоспар өндірісті басқарудың бір бөлігі.
15- дəріс. Еңбек ұжымына басқару
Басқару  ғылымы  экономикалық- ұйымдастырушылық  ғылымға  қатысты, өйткені  ол
өндірісті  басқару  жəне  тұтас  экономика  процесінде  адамдардың  қарым-қатынасын,
байланысын зерделейді.
Адамдардың  қоғамдасып  тіршілік  ету  үшін  материялдық  өндіріс  қажет, ал  осы
өндіріске  қатысты  қарым-қатынас  адамдардың  қоғамдық  тұрмысын  анықтап  береді.
Қоғамдық өндірістің шеңберінде тікелей өндіріс шешуші мəнге ие. Онда болатын процестер
мен оларды басқару осы ғылымның объектісі болып табылады.
      Басқару  ғылымның  мазмұны  біріккен  еңбекті  басқару  қажеттілігінен  пайда  болатын
міндетті ісі ретінде басқарудың мəні арқылы анықталады.
      Өндіріс  пен  оның  адамдарын  басқару  процесіне  адамдардың  бір-біріне  белгілі  бір
қарым-қатынасы  жатады. Сондықтан  да  басқаруды  оқып – білу – бұл  ең  алдымен  өндіріс
процесіне белгілі бір мақсатпен ықпал ету барысындағы адамдардың өзара қарым-қатынасын
зерделеу, басқару  қатынастарын  қалыптастыратын  заңдарды  анықтау  болып  табылады.
Осының негізінде басқару қызметінің принциптері, оларды жүзеге асырудың формалары мен
тəсілдері белгіленеді.
Басқару  ғылымы  əр  түрлі  халық  шаруашылығы  буындарына  қатынасты  басқару
процестерін зерттейді: оның алғашқы əрі ең шешушісіне микродеңгей жатады. Кəсіпорынды,

жеке  өндіріс  түрін, қоғамдық  экономикалық  бет-бейнесін  жасайтын  заттай-материалдық
құндылықтарды өндіретін салаларды басқару объективті қажеттілік болып табылады.
Басқару ғылымының мəні. Егер өндірістік процестер мен қатынастардың мазмұны
өндірісте  материялдық  игіліктерді  өндірудің  еңбегін  ұйымдастыруды  бейнелейтін
байланыстарды құрайтын болса, онда басқарушылық процестер мен қатынастардың мазмұны
– бұл өндірісті басқару ісіне  қатысушылардың ортақ еңбегін көрсететін байланыс.
Кəсіпорында  адамдардың  бір  бөлігі  өнім  өндіру  бойынша  тікелей  еңбекпен
айналысатын болса, басқа біреулері – басқару ісімен шұғылданады.
Барлық экономикалық жүйе  екі қосалқы жүйенің – басқару мен басқрылатын  бірлігі
ретіне қарастырылады. Олайша, өндірісті  басқарудың екі түрі болып көрсетіледі; адамдарды
басқару жəне еңбек  құралдарын (затты) басқару. Өндірісті басқару – бұл өз кезеңінде еңбек
құралдарын басқаратын жұмыскерлерді басқару.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет