Студенттің ПƏндік оқУ Əдістемелік кешені


Басқару ғылымының мазмұны



Pdf көрінісі
бет12/14
Дата06.04.2017
өлшемі0,76 Mb.
#11190
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Басқару ғылымының мазмұны. Өндірісті басқару процесінде адамдардың мақсатты
қызметінің  формалары  мен  əдістерін, міндетті  істерін, принциптерін  əзірлеу, заңдар  мен
заңдылықтарды анықтау басқару ғылымының мазмұны болып табылады.
Шаруашылық  есеп – шаруашылық  қызметінің  шығындары  мен  нəтижелерін
ақшалай  нысанда  өлшемдестіруге, шығыстық  орнын  меншікті  табыс  есебінен  толтыруға
негізделген шаруашылықты жүргізу əдісі. Оны ұйымдастыру мынадай басқару принциптерге
негізделеді: оперативтік – шаруашылық  дербестік, өзін-өзі  қаржыландыру, материалдық
мүдделілік пен жауапкершілік, ақшаны (теңгені) бақылау.
Нарықтық  қатынастар  жүйесі  жағдайында  шаруашылық  есепті  көбінесе
коммерциялық  есеп
деп  атайды, ол  толық  шаруашылық  дербестікті  көздейді, мұнда
өндірістік  бағдарлама  нарықтық  сұраныс  пен  ұсынысты  тікелей  ықпалымен  қалыптасады.
Бұл  сондай-ақ  экономикалық  жауапкершілік, шаруашылық  қатер, шаруашылық  жүргізуші
субъектінің меншігі өндірілген өнімді меншіктеуі, өндіріс құрал – жабдығын иемденуі.
Кəсіпорын  іс-əрекет  жасауының  экономикалық  тетігі  коммерциялық  есеп  əдісін
пайдалануды  ұйғарады. Мұның  себебі  мынада: өндіру  мен  өткізудің  пайдалы  болуына
қамтамасыз  ету; инвестияларды  бөлу  жəне  өндірісті  орналастыру; қаржыландыру;
технологияны дамыту жəне т.б.
Коммерциялық  есептің  ерекшеліктері, яғни  ерекше  жақтары (орталықтандыруды
күшейту  жəне  өндірістік  бөлімдерге  дербестік  беру) ең  алдымен  жоспарлау, бақылау
функцияларын  дамыту  мен  əрі  коммерциялық  есепті  осы  функцияларды, істерді  жүзеге
асырудың əдістеріне айналдырумен байланысты.
Өзін-өзі  өтеушілік – шаруашылық  басқару  принциптерінің  бірі, мұнда  кəсіпорын
өзінің  өндіріске жəне өнімді өткізу жұмсалған шығындарын оны өткізуден алыған  қаражат
есебінен  өтейді. Егер  түсім  шығынан  асып  түссе, кəсіпорын, оның  өнімі  залалсыз  болып
табылады.
Өзін  -  өзі  қаржыландыру  –  шаруашылық  жүргізу  жүйесі,  мұнда  кəсіпорын  алынған
түсімнен  ағымдағы  шығындарды  өтеп  қана  қоймай, сонымен  бірге  өзінің  қарамағында
қалған пайданың есебінен негізгі қорларды қалпына келтіруге жұмсалатын шығындарды да
өтеу.
Басқа сөзбен айтқанда, кəсіпорын жай ұдайы өндіріске де, ұлғаймалы ұдайы өндіріске
де жұмсалатын барлық шығындарды өз қаражаттарынан өтейді.
Еңбек ұжымның басшысы – басқару объектісіне ықпал жасаушы жəне дара басшылық
жағдайында оның қызметі үшін заң, жоғары тұрған орган немесе меншік иесі алдында жауап
беретін  тұлға. Кəсіпорынды  басқару  жүйесінде  басшының  орны  мен  рөлі  басшылықтың
түріне  байланысты. Осы  белгі  бойынша  желілік  басшы – шеберлер, учаскенің, өндірістің
бастықтары, кəсіпорынның  директорлары  жəне  функциялық  басшы – атқарымдық
бөлімдердің бастықтары болуы мүмкін.
Негізгі  əдибеттер: 6 нег.[10-91].
Қосымша əдебиеттер: 20қос. [6-59].
Бақылау сұрақтары:

1. Басқару қызметінің ғылыми негіздері.
2. Ұжымдық келісімдер, олардың мəне мен маңызы.
3. Коммерциялық есеп, оны есептеу принциптері.
4. Кəсіпорындар туралы заңдар.
5. Негізгі экономикалық реформа туралы заңдар.
2.3.Тəжірибелік (семинар) сабақтарының жоспары
1 – тақырып. Өндірістік кəсіпорын шаруашылық жүргізу обьектісі ретінде (1 – сағат)
Тапсырмалар:
1.Тау – кен кəсіпорын туралы түсінік.
2.Тау – кен кəсіпорындарының салалық құрылымы мен орналасуы.
3.Кəсіпорын жұмыс істеуінің негізгі принциптері.
4.Жаңа кəсіпорынның оңтайлы жобалық қуатын анықтау.
5.Жұмыстағы тау – кенкəсіпорнының өндірістік қуатын есептеу əдістері.
Əдістемелік  ұсыныстар – баяндама, сөз  сайысы, тренинг, презентация  түрлерінде
жүргізіледі.
6.Тау – кен кəсіпорнының өндірістік қуатын анықтау.
Кəсіпорнының  өндірістік  бағдарламасы  оның  технологиялық, кен – геологиялық
жағдайларымен байланысты.
Мысалы, кеніштің  жылдық  қуаты (Аж) алдымен  кенорнының  қазуға  қосылған  көлбеу
(жазық) ауданымен (S), жұмыстарының  жылдық  орташа  төмендеу  жылдамдығымен (һ),
кеннің көлемдік салмағымен (γ) байланысты болып мына формуламен анықталады:
p
a
Ж
K
K
hS
А
-
=
1
g
,
мұндағы:
a
 – кен қорларды алу коэффициенті;
p
K
– кенді құнарсыздану коэффициенті.
Есеп: кен  өндіретін  кəсіпорны  жазық  қат  тəрізді  сілемді  қазуда. Кеннің  тығыздығы 3
т/м³, көлбеу ауданы 30000 м², жылдық төмендеу жылдамдығы 15 м, кенді алу коэффициенті
0,8, құнарсыздану коэффициенті 0,05.
Осы  мəліметтерді  пайдаланып  кəсіпорынның  жылдық  өнімділігін, оның  қызмет  ету
мерзімін анықтаңыз, егер кен орнының баланстық қоры 30 млн. тонна болса.
1.2.Нарықтық  экономика  жағдайында  кəсіпорынның  өнім  өндіру  көлемі  сұраныс  пен
ұсыныс деңгейлерімен жəне өндіріс шығындарымен байланысты.
Өнім  өндіруге  жұмсалған  толық  шығындары  (ТС)  заласыз  жұмыс  істеу  кезінде  өнім
өткізу көлеміне тең болуға тиіс:
ТС=Q · Р,
мұндағы: Q – сатылған өнім көлемі, т;
                  Р – кенді сатқан бағасы, теңге/т;
Ал  толық  шығындар  тұрақты  (FC)  жəне  өзгермелі  (VC)  шығындардың  қосындысы
болғандықтан, жоғарыдағы формуланы былай жазуға болады:
QP=FC+VC=FC+AVC · Q  ,
мұндағы: AVC - өнім бірлігіне шаққан өзгермелі шығындар.
Осы  өрнектен  кəсіпорынның  зиян  келтірілмейтін  ең  төменгі  өнім  өндіру  көлемін
анықтауға болады:

AVC
P
FC
Q
-
=
.
Есеп: FC= 480 млн. теңге, кенді  сату  бағасы 2000 теңге/т, өнімнің  өзіндік  құнындағы
өзгермелі шығындардың мөлшері 1400 теңге/т. Біріншіден, залалсыз нүктедегі өнім шығару
көлемін есептеу керек. Екіншіден, өнім өндіру мөлшерін график арқылы табыңыз.
Негізгі əдебиеттер: 1 нег.[147-152]; 2нег.[44-68;89-11]; 3нег.[172-184].
Қосымша əдебиеттер: 10қос.[4-14]; 20 қос.[30-43].
Бақылау сұрақтары:
1. Кəсіпорын жұмыс істеуінің негізгі мақсаттары, міндеттері мен принциптері қандай
2. Тау – кен кəсіпорынның өндірістік қуатына анықтама беріңіз
3. Кəсіпорын қуатын анықтайтын əдістері қандай
4. Залалсыз нүктеде өнім өндіру көлемін қалай есептейді
5. жаңа кəсіпорнының өндірістік қуатына анықтама беріңіз.
2 – тақырып. Кəсіпорынның негізгі капиталы
Тапсырмалар:
1. Негізгі  капитал  мен  айналмалы  капиталға  анықтама  беріп, олардың  өндірістік
процесінде атқаратын рөлін айтыңыз.
2. Қазақстан  Республикасында  негізгі  қорлардың  топтар  мен  ішкі  топтарға  бөлінуі,
олардың қүрамы мен құрылымы.
3. Негізгі қорларды бағалау түрлері қандай?
4. Тау-кен қазбалары амртизацияларының ерекшеліктері.
Есеп.  Кеніштің  жылдық  өндірістік  қуаты 2,3 млн. тонна, өндірістік  пайдалы  қазбалар
қоры 50 млн. тонна. Қазу жұмыстары бірінші  деңгейжиекте жүргізіледі, оның қоры 14 млн.
тонна. Тағы  қазу  жұмыстары  кенорнының  екі  бөлігінде  жүргізіледі, олардың  қоры 10 млн.
тонна. Кен  орны  ең  төменгі  деңгейжикке  дейін  екі  оқпанмен  ашылған. Кестеде  берілген
деректер арқылы жылдық өтелім жарнасын анықтаңыз.
Көрсеткіштер
Арнайы  негізгі  қорлардың  құны,
млн. тенге
Тік оқпандар (1 топ)
285
Металмен бекітілген бірінші деңгейжиектің күрделі
кен қазбалары (2 топ)
оның ішінде
Деңгейжиекке қызмет көрсететіндер
Кенорны бөлігіне қызмет көрсететіндер
520
365
155
Есепті шешудің əдістемелік ұсыныстары:
Тік  оқпандардаң  тонналық  мөлшерлемесі (олар  кеніштің  барлық  пайдалану  мерзіміне
дейін қызмет істейді) мына формуламен анықталады:
М
1
 = НҚ/Қ ,
мүндағы НҚ – арнайы негізгі қорлардың (оқпандардың) құны;
К – кеніштің пайдалы кенбайлық қоры.
Деңгейжиекке  қызмет  көрсететін 2-ші  топтағы  кен  қазбалардың  тонналық
мөлшерлемесін (М
2
) есептеп, күрделі  кен  қазбаларды  қалпына  келтіруге  амортизацияның
тонналық мөлшерлемесінің барлығын шығарады:
М = М
1
 + М
2
.
Күрделі кен қазбаларды қалпына келтіруге арналған амортизацияның жылдық сомасын
былай есептейді:

А
Ж
 = Q · M.
Күрделі кен қазбаларды жөндеуге арналған амортизацияның жылдық сомасын (нормасы
2 %) есептеп шығарғаннан кейін, оны А
Ж
-ға қосып, барлық жылдық амортизация мөлшерін
анықтайды.
5. Тесттер:
1. Негізгі өндірістік қорлар сыныптамасынан бес тобын атаңыз:
А) үйлер, зертхана жабдықтары, машиналар, беріліс құрылғылары, скважиналар;
В) ғимараттар, шаруашылық  аспаптар, желдеткіш, жарықтандыру, сутөкпе
жабдықтары;
С) офис тауарлары, есеп машиналары, жабдықтар, машиналар, ғимараттар;
D) ұйлер, ғимараттар, беріліс  құрылғылары, жұмыс  машиналары  мен  жабдықтар,
көлік құрал-жабдықтары;
Е) үйлер, ғимараттар, машиналар, жылжымалы көлік, демалыс мекемелері.
2. Қор сыйымдылығы қанша пайызға өзгереді, егер қор қайтарымы 25% өссе;
А) 12,5; В) 20; С) 15; D) 50; Е) өзгермейді.
3. Жабдықты  интегралды  пайдалану  коэффициентін  қай  формуланы  пайдаланып
анықтауға болады:
А) К
инт
 = К
э

и
;  В) К
инт
 = К
и

э
;  С) К
инт
 = К
и
 · К
э
;   D) К
инт
 =
и
э
К
К
×
;  Е) К
инт
 = (К
и
 +
К
э
)/2.
Дұрыс жауаптары: 1) D;  2) В;  3) С.
      Негізгі əдебиеттер: 1 нег.[26-57]; 2нег.[145-211]; 3нег.[319-324]; 4 нег.[5-15].
Қосымша əдебиеттер: 9 қос.[25-46]; 10 қос.[36-43]; 11 қос.[64-70].
Бақылау сұрақтары:
1. Негізгі қорлардың жіктелуі мен құрылымы қандай
2. Тозудың қандай түрлерін білесіздер
3. Күрделі кен қазбаларының амортизациялық аударымдарын есептеу ерекшеліктері
4. Амортизация аударымдарды есептеу əдістерін айтып беріңіздер
5. Негізгі қорларды пайдалану көрсеткіштерінің мəні мен өндіріс тиімділігіне əсері
3 – тақырып. Кəсіпорынның айналым қаражаттары (1 сағат)
Тапсырмалар:
1. Өндіріс процесіндегі айналмалы капиталдың рөлі қандай?
2. Айналмалы  өндірістік  қорларды  жоспарлау  мен  есепке  алу  тəжірибесінде  оларды
қандай топтарға бөлінеді жəне сол топтарға түсінік беріңіздер?
3. Айналмалы капиталдың құрамы мен құрылымы.
4. Тау-кен  өнеркəсібіндегі  аяқалмаған  өндіріс  пен  болашақ  кезеңдер  шағандары
ерекшеліктері.
5. Айналым қаражаттарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері.
6. Айналым қаражаттардың абсолюттік жəне салыстырмалы босатылу сомасын есептеу.
Есеп. Есепті жылы тау-кен кəсіпорны 78 млн. теңгеге өнім сатты. Айналым қаражаттың
орташа жылдық мөлшері (АҚ) 5,2 млн. теңге болыпты. Ағымдағы жылда жоспар бойынша
өнім  өткізу  көлемі  (Q)  10  %  өседі,  ал  айналым  қаражатының  бір  айналымының  орташа
ұзақтығы (t) 4 күнге қысқартылады деп қарастырылған.
Айналым қаражаттың абсолюттік жəне салыстырмалы босатылу мөлшерін анықтаңыз.
Есепті шешудің əдістемелік ұсыныстары:
Біріншіден, 4 – ші  негізгі  əдебиетте  берілген  мысалына  сүйеніп, осы  есепті  жылдағы
айналым  қаражаттарының (АҚ) айналымдылық  коэффицентін, бір  айналымның  ұзақтығын,
жоспарлы  жылдағы  көрсеткіштерін  есептеп, екіншіден  айналым  қаражаттардың абсолюттік
жəне салыстырмалы босатылу мөлшерін анықтауға болады. Бірінші негізгі əдебиеттің 77-80
беттеріндегі мысалды оқып біліңіздер.
7. Тесттер:

1) Нақтылы жауап беріңіз: айналым қаражаттар (АҚ) – бұл:
А) шикізат; В) еңбек  құралдары; С) өндіріс  құрал-жабдықтары; D) еңбек  заттары; Е)
əртүрлі жабдықтар.
2) Айналым  қаражаттардың  жүкеме  коэффициенті 10% төмендесе, айналымдық
коэффициенті қалай өзгереді:
А) 10%;  В) 12,5%;  С) 11,11%;  D) 14%;  Е) 11,8%.
Дұрыс жауаптары:: 1)D;  2) С.
Негізгі əдебиеттер: 1 нег.[58-80]; 2 нег.[228-257]; 3 нег.[167-168]; 4 нег.[16-24].
Қосымша əдебиеттер: 9 қос.[59-78]; 11қос.[71-79].
Бақылау сұрақтары:
1. Айналмалы капиталдың мəні жəне айналымдылық кезеңдері қандай
2. АҚ – нің құрылымына сипаттама беріңіз
3. АҚ – ды нормалау əдістері
4. АҚ – ды пайдалану көрсеткіштері
5. АҚ – ның айналымын жылдамдататын жолдары
4 – тақырып. Кəсіпорындарының еңбек ресурстары. Қызметкерларге еңбекақы
төлеу
Тапсырмалар:
1. Кəсіпорынның қызметкерлер құрамы мен құрылымы.
2. Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері.
3. Еңбек нормалары мен нормативтері.
4. Тау-кен өнеркəсібінде жұмысшыларға ұжымдық кесімді еңбекақы төлеу.
5. Еңбекақы төлеудің тарифсіз жүйесі.
6. Есеп. Ағымдағы жылда шахтаның кен өндіру көлемі (Q) 750 мың тонна болды делік,
ал  оның  өнеркəсіптік-өндірістік  персоналының  тізімдегі  саны 1900 адам. Қызметкерлердің
жалпы санындағы шартты-өзгермелі құрамының үлесі (а) 60%, ал шартты-тұрақты үлесі (в)
40% құрды. Келесі жылы өнім өндіру көлемі 20 пайызға (Р) өседі деп жоспарланған.
Шахтаның  жоспарланған жылында персоналдың  тізімдегі керекті  санын, базалық жəне
жоспарлы  жылдардағы  еңбек  өнімділігі  мен  еңбек  сыйымдылығын, осы  көрсеткіштердің
өзгеруін анықтаңыздар.
Есепті шешудің əдістемелік ұсыныстары:
Шахта бойынша ағымдағы жылда еңбек өнімділігін мына формуламен есептейді:
ЕӨ
0
 = Q/N
0
.
Жоспарлы жылдағы персоналдың саны мына өрнекпен анықталады:
N
1
 = N
0
(
)
100
в
р
а
+
×
.
Жоспарлы жылдағы еңбек өнімділігі былай есептеледі:
ЕӨ
1
 = Q · р/N
1
 .
Еңбек  өнімділігінің  абсолюттік  жəне  салыстырмалы  өзгеруін, сондай-ақ  еңбек
сыйымдылығынның базалық жəне жоспарлы жылдағы көрсеткіштерін есептейді.
ΔЕӨ = ЕӨ
1
 – ЕӨ
0
 = 422,93 – 394,74 = 28,19 т/адам-жыл.
Жоспарлы жылдағы кен өндірудің еңбек сыйымдылығы

ЕС
1
 = EC
0
(
р
в
ар
100
+
)
 немесе
p
Q
N
ЕС
×
=
/
1
1
.
7. Есеп. Алты жұмысшыдан тұратын үңгілеушілер бригадасы бір айда жазық  қазбаның
120 метрін өтті. Бригаданың бір мүшесіне шаққан кешенде өндірім мөлшерлемесі – 0,5 метр.
Ауысымдық тарифтік мөлшерлемелері көтеріңкі коэффициенті (к = 2) пайдаланып
есептелген. Бригада мүшелерінің тікелей кесімді еңбекақысын жəне еңбекке қатысты
коэффициенттерін пайдаланып əр үңгілеушілердің жалақысын есептеңіз.
Есепті шешу үшін 4 – нег. [32 - 35] пайдаланыңыздар.
8. Тесттер:
1) Еңбек сыйымдылығы 10 процентке төмендесе, еңбек өнімділігі қалай өзгереді:
А) -10%; В) 11,11%; С) 17%; D) 8%; Е) 13,22%.
2) Еңбекақының мəні:
А) еңбек бағасы; В) еңбек факторына төлем; С) еңбек ресурстарына төлем; D) еңбек
өнімінің толық құны; Е) жұмыс күші – тауар құнының ақшалай көрінісі.
Дұрыс жауаптар: 1) В;  2) Е.
Негізгі əдебиеттер: 1 нег.[89-92, 106-134]; 2нег.[312-342]; 7 нег.[5-324].
Қосымша əдебиеттер: 12 қос.[6-74].
Бақылау сұрақтары:
1. Нарықтық жағдайында еңбек ресурстардың рөлі қандай.
2. Кəсіпорынның еңбек ресурстарының құрамы мен құрылымы
3. Кадрлардың қозғалысын талдау.
4. Еңбек өнімділігі мен еңбек сыйымдылығы.
5. Қызметкерлер еңбегіне ақы төлеу нысандары қандай.
5 – тақырып. Өндірістік қызметтің тиімділігі (1 сағат)
Тапсырмалар:
1. Өнімнің өзіндік құнына түсінік беріңіз.
2. Тау-кен кəсіпорнының шығындар түрлерін айтып беріңіз.
3. Өндіріс шығындары қалай жіктеледі?
4. Экономикалық элементтері бойынша шығындарды қалай топтастырады?
5. Калькуляциялық баптар бойынша шығындарды топтастыру.
6. Кен өндіретін саладағы өнімнің өзіндік құн калькуляциясының ерекшеліктері қандай?
7. Нарықтық жағдайындағы шығындар есебінің ерекшеліктерін айтыңыз.
8. Өнімнің өзіндік құнын төмендету жолдары қандай?
9. Есеп. Кенорнының өндірістік қорлары (Z) 32 млн. т, ал осы қенбайлық көлемін қазып
алуға 3340 мың  шаршы  метр  кен-даярлау  қазбаларын  өту (V) қажет. Бір  айдағы  кеніш
өнімділігі
( )
a
122 мың т, кен-даярлау қазбалардың 1 м
3
 өзіндік құны 1420 теңге. Кеннің 1 т
өзіндік құнына өнгізілетін “Өндірісті дайындау мен игеруге жұмсалған шығындар” элементі
бойынша соманы анықтау керек.
Кен-даярлау қазбаларды өтеу коэффициентін есептеу қажет:
К = V/Z.
Кен-даярлау  қазбалар  шығындарының  кеннің 1 т  өзіндік  құнына  еңгізуге  керек  сома
былай есептеледі:
ӨӨҚ
кд
 = C · K,
мұндағы С – кен-даярлау қазбалардың 1 м
3
 өзіндік құны.
Бір айда кен өндіру көлеміне керекті шығындар былай анықталады:
S = Q
a
 · ӨӨҚ
кд
 .

10. Есеп. өнім  өндіру  көлемі (Q) мен  өндіріске  жұмсалған  шығындары (С) төменгі
кестеде көрсетілген (1-кесте). Пайдалы қазбалардың нақты жəне жоспарланған өзіндік құнын
талдап, тұжырымдама жасау керек.
1 – кесте
Есепті жылы
Алдыңғы жылы
Жоспар бойынша
Нақты көрсеткіштер
Өнім бірлігінің
өзіндік құны,
теңге/т
Өнім өндіру,
мың т
Өнім бірлігінің
өзіндік құны,
теңге/т
Өнім өндіру,
мың т
Өнім бірлігінің
өзіндік құны,
теңге/т
С
0
Q
ж
С
ж
Q
1
С
1
800
600
760
640
720
Осы есепті шешу үшін міндетті оқуға арналған 1 нег. [169 - 171] əдебиеттегі мысалды
пайдалану керек.
11. Тесттер.
1) Өнім көлеміне байланысты емес...
А) жалпы жиынтық шығындар;
В) жалпы шығындар;
С) орташа тұрақты шығындар;
D) тұрақты шығындар;
Е) өзгермелі шығындар.
2) Кен  сату  бағасы (Р) – 2000 теңге/т, тұрақты  шығындар (ҒС) – 180 млн. теңге, өнім
бірлігіне  шаққан  өзгермелі  шығындар (AVC) – 1100 теңге/т. Шахтаның  залалсыз  жұмыс
істеу кезіндегі өндіру көлемін анықтаңыз:
А) 58940 тонн; В) 36360; С) 200000; D) 180000; Е) 210000 т.
Дұрыс жауаптары: 1)D; 2)С.
Негізгі əдебиеттер: 1 нег.[136-171]; 2 нег.[345-376]; 3нег.[324-334].
Қосымша əдебиеттер: 9 қос.[135-162]; 11 қос.[88-97].
Бақылау сұрақтары:
1. Өндіріс шығындарының түрлері қандай?
2. Өндіріс шығындарының өндіріс көлеміне əсері?
3. Шығындарды экономикалық элементтері бойынша топтастыру.
4. Шығындарды калькуляциялық баптар бойынша топтастыру.
5. Өнімнің өзіндік құнын төмендетудің негізгі факторларын айтып беріңіз.
6 – тақырып. Кəсіпорындарының өнімін құндық бағалау жəне баға белгілеу
(1сағат)
Тапсырмалар:
1. Өнім түрлері жəне өнімді өткізу.
2. Өнім сатудан алынған түсім, табыс пен пайда түрлері.
3. Нарықтық жағдайында пайданы есептеу ерекшеліктері.
4. Пайдалылық жəне оның түрлерін есептеу əдістері.
5. Баға белгілеу əдістері.
6. “Директ костинг” жəне баға саясаты.
7. Есеп.  Шахтаның  түрақты  шығындары 1602 млн. теңге, 1 тоннаға  шаққан  өзгермелі
шығындары (AVC) – 1100 теңге, кен  өндіру  көлемі (Q)1,8 млн. т  болғандағы  залалсыз
нүктедегі өнімді сату бағасын анықтаңыз. График бойынша залалсыз нүктені тұрғызыңыз.
Есепті шығарудың əдістемелік ұсыныстары: залалсыз нүктедегі өнім көлемі мен бағаны
анықтау  үшін 1-негізгі  əдебиеттің 203-204 беттеріндегі  мəліметтерді  ұғып, есепті
шығарыңыз.
8. Есеп. Тау-кен кəсіпорны есепті кезеңде 40 мың т кенді өндіріп сатты. Өнім бірлігінің
өткізу  бағасы 1000 теңге, ал  оның  өзіндік  құны 778 теңге. Рынокты  зерттеу  мəліметтері

бойынша мынадай деректер алынған: кеннің  бір т  бағасын 33 теңгеге түсірген кезде, кеніш
өнім  өткізу  көлемін  10  %-ға  аттырады  екен.  «Директ  костинг»  əдісін  пайдаланып  болатын
пайданың мөлшерін анықтаңыз, егер AVC мен AFC арақатысы – 60-40% болса.
Əдістемелік ұсыныс: 1-ші негізгі əдебиеттің 206-208 беттерінде берілген есепке қарап,
осы есепті шығарып, толық қорытынды жасаңыздар.
9. Тесттер:
1) Өндіріс пайдалылығы мына өрнекпен анықталады:
А)Пайда (табыс)*100/өнімнің өзіндік құны;
В) пайда*100/ негізгі жəне айналмалы қорлары;
С)Пайда*100/ айналмалы капитал;
D); Пайда*100/ағымдағы активтер;
Е) Пайда*100/ өткізілген өнім көлемі
2) Залалсыз жұмыс істеу нүктесінде...
А) өнімді сату көлемі мен оған жұмсалған шығындар тең болады;
В) өнімді өткізу мөлшері көп болады;
С) сату бағасы өнімнің өзіндік құнынан артық;
D) толық шығындар өзгермелі шығындарға тең болады;
Е) тұрақты шығындар мен өзгермелі шығындар тең болады.
Дұрыс жауаптары: 1)В; 2)А.
Негізгі əдебиеттер: 1 нег.[172-208]; 2 нег.[379-408, 417-433].
Қосымша əдебиеттер: 9 қос.[135-184]; 11 қос.[98-108, 117-127].
Бақылау сұрақтары:
1. Өнім өткізуден алынған экономикалық маңызы.
2. Жалпы өнім, таза өнім, шартты – таза өнім.
3. Кəсіпорын пайдасын бөлу тəртібі.
4. Пайдалылық түрлері, оның экономикалық мəні.
5. Баға белгілеу қандай əдістерін білесіздер?
7 – тақырып. Өндірістің экономикалық жəне əлеуметтік тиімділігі (1 сағат)
Тапсырмалар:
1. Экономикалық  тиімділіктің  жалпы  көрсеткіштерін  атап, олардың  экономикалық
мағынасын ашып беріңіздер.
2. Пайда мен пайдалылық өндірістің маңызды көрсеткіштері деп неге айтады?
3. Қаржы коэффициенттерінің өндіріс тиімділігіне əсері
4. Өндіріс қызмет тиімділігінің көрсеткіштері.
5. Өндірісітің əлеуметтік тиімділігін бағалау
Əдістемелік  ұсыныстар – осы  тапсырмаларды  дұрыс  ұғу  үшін  тəжірибелік  сабақ
баяндама, сөз сайысы, презентация түрінде жүргізіледі.
Негізгі əдебиеттер: 1 нег.[250-267]; 2 нег.[483-517]; 3 нег.[292-347].
Қосымша əдебиеттер: 9 қос.[217-239]; 10 қос.[79-89].
Бақылау сұрақтары:
1. Ресурстар сиымдылығы мен материал сиымдылығына анықтама беріңіздер.
2. Пайдалылықты пайданың туындысы деп неге айтады?
3. Тиімділік критерий ұғымы қандай көрсеткіштерге негізделген?
4. Нəтиже мен шығындар арасында қандай байланыстар шығуы мүмкін?
5. Əлеуметтік тиімділіктің қандай көрсеткіштерін білесіздер?
8 – тақырып. Инвестициялық жобаны жоспарлау жəне бағалау (1 сағат)
Тапсырмалар:
1. Күрделі қаржы салымдары жəне инвестициялар, олардың арасында айырмашылық бар
ма?

2. Күрделі  жұмсалымдар  мен  инвестициялардың  абсолюттік  жəне  салыстармалы
тиімділігі.
3. Тау-кен өнеркəсібінде инвестиция жобалардың түрлері жəне тиімділігін бағалау.
4. Қаржы-экономикалық бағалау критерийлері.
5. Келтірілген таза құн, оның экономикалық маңызы.
6. Есеп.
Шахтада ақша ағыны (АА) біркелкі емес: 1-ші жылы – 2,5 млрд. теңге; 2-ші жылы – 3,5;
3-ші жылы – 4; 4 жылы – 4; бесінші жылы – 3,5 млрд. теңге. Күрделі қаржы салымдары – 10
млрд. теңге, пайдалану мерзімі – 5 жыл. Пайданың ішкі нормасын (ПІН) анықтаңыз.
Есеп шешу:
1) Біркелкі емес ағындарының орташа мəнін есептейміз:
(
)
5
,
3
5
/
5
,
3
4
4
5
,
3
5
,
2
/
=
+
+
+
+
=
å
=
-
-
-
-
n
ТАА
ТАА
 млрд. теңге.
2) Егер  табыс  мөлшері  алғашқы  жылдары  көбірек  болса, онда  шаманы  сəл  арттыру
керек. Егер табыс көлемі соңғы жылдары көбірек болса, оны азайтқан жөн.
Осы  есепте  таза  қолма-қол  ақша  ағынын 3,3 млрд. теңгеге  түсіріп, аннуитет  шамасын
есептейміз:
n
а = Инвестиция/ақша ағыны = 10/3,3 = 3,0303.
Аннуитет кестеден осы шамаға жақын пайыздарды анықтаймыз:
19 % кезінде
n
а = 3,05763;
20 % кезінде
n
а = 2,99061.
3) Енді дисконт нормасының 2 мəнін таңдаймыз (бірінші 19 % аз болуы, ал екіншісі 20
көбірек болуы тиіс):
1-сі 19 % кем, яғни 18 % (
1
),
2-сі 20 % жоғары, яғни 22 % (
2
).
4) Дисконт нормасы 18 жəне 22 пайыз болғандағы келтірілген таза құн (КТҚ) мөлшерін
есептейміз.
Ақша ағыны мынадай:
       Жылдар                      0      1        2        3      4      5
Млрд. теңге               10     2,5    3,5     4      4      3,5
КТҚ-ды есептеуді ақша ағынының ақырғы мəнінен бастаймыз (2 - кесте):
2 – кесте
Жылдар
КТҚ
1
 (r = 18 %)
КТҚ
2
 (r = 22 %)
5
3,5/1,18 = 2,9661
3,5/1,22 = 2,8689
4
(2,9661 + 4)/1,18 = 5,9035
(2,8689 + 4)/1,22 = 5,6302
3
(5,9035 + 4)/1,18 = 8,3928
(5,6302 + 4)/1,22 = 7,8936
2
(8,3928 + 3,5)/1,18 = 10,0786
(7,8936 + 3,5)/1,22 = 9,3390
1
(10,0786 + 2,5)/1,18 = 10,6598
(9,3390 + 2,5)/1,22 = 9,7041
0
10,6598 – 10 = 0,6598
9,7041 – 10 = - 0,2959
5) 5 – кестедегі  берілгендер  арқылы  пайданың  ішкі  нормасы  мына  формула  бойынша
анықтаймыз:
                              КТҚ
1
0,6598

ПІН =
1
 + ——————— ( r
2
- r
1
) = 18 + ———————— (22- 18) = 20,76 %
                      КТҚ
1
 – КТҚ
2
                              0,6598 – (- 0,2959)
6) КТҚ
1
 жəне КТҚ
2
 мəндері мен жылдар арқылы тəуелділік графигін салуға болады, сол
график арқылы ПІН шамасын анықтауға болады.
7.Есеп. Төменгі  кестеде  берілген  мəліметтер  бойынша  кеніштің  коммерциялық
қызметінің нəтижесін екі нұсқа бойынша зерттеп, талдау жасаңыз. Бағалау кезеңі (t) бес жыл,
дисконт мөлшерлемесі
 = 0,2.
3 – кесте
Жылдар
Табыстар мен
шығыстар, мың
теңге
1
2
3
4
5
Өткізуден алынған
түсім, Н
t
8 655 155  18 706 325  28 201 736  35 601 000
43 100 000
Өндіруге
жұмсалған
шығындар, Ш
t
6 221 358  14 123 916  20 320 685  25 460 000
31 300 000
Күрделі қаржы
салымдары, К
 t
2 813 223 
7 083 629 
5 057 282 
6 172 000
6 980 000
Е к і н ш і           н ұ с қ а
Н
t
13 655 155  18 706 325  28 201 736  31 700 000
33 100 000
Ш
t
6 221 358  14 123 916  19 787 757   25 460 000
31 300 000
К
 t
2 813 223 
7 083 629 
5 057 282 
7 960 000
9 500 000
Бірінші  нұсқа  бойынша  экономикалық  критерийлері: келтірілген  жаза  құн (КТҚ),
табысталақ  индексі (ТИ), пайданың ішкі нормасы (ПІН), өтелімділік мерзімі (Т) есептелген
(4 нег. [52-58]). Осы  əдістеме  бойынша  екінші  нұсқаның  критерийлерін, бірінші  нұсқаның
көрсеткіштерімен салыстарып, ең оңтайлы нұсқасын таңдаңыз.
8. Тесттер:
1) Субъект  банкке 200 млн. теңге 10 % жылдық  пайызымен  ақша  салады. Бір  жыл 9
айдан кейін оның қаражаты қаншаға тең болады:
А) 235; В) 230; С) 228; D) 226; Е) 220.
2) Келтірілген (ағымдағы) таза құн мынаны көрсетуге тиіс:
А) ақша  қаражаттардың  күткен  таза  ағындары (АҚКТА) күрделі  қаржы  салымдарынан
(КҚ) кем болуға тиіс, яғни АКҚТА < КҚ; В) АКҚТА > КҚ; С) АКҚТА = КҚ; D) АКҚТА = 0;
Е) АКҚТА < 0.
Дұрыс жауаптары: 1)А; 2)В.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет