Сулейменова зауре екпиновна



бет81/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Сыныптықсабақ жүйесі – жас мөлшері біркелкі топтан құралған, тұрақты құрамы бар, оқу бағдарламасы мен оқу жоспарына негізделген, оқу кестесі арқылы өтетін оқыту.

  • Сынып сағаты – барлық сыныптарда міндетті түрде ұйымдастырылатын тәрбиелік шара.

  • Сынып жиналысы – оқушылар ұжымында өзінөзі басқарудың жоғарғы органы. Оның негізгі міндеті ұжым өмірін ұйымдастыруда оған қатысты негізгі мәселелерді талқылау.

  • Табиғи эксперимент – қалыпты жағдайда жүргізіледі.

  • Тақырыптық жоспарлау – оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыбы не тарауы бойынша өтілетін сабақтардың мақсатын жүзеге асырудың қолайлы жолдарын анықтау.

  • Талап - мінез-құлық нормасының көрінісі, балаларды әлеуметтік тәжірибеге қатыстыру.

  • Талант – арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі.

  • Тарихи-салыстырмалы әдіс - зерттелетін проблема жайлы әдебиеттерді зерттеу.

  • Тәрбие - тар мағынада - мұғалімнің, тәрбиешінің ата-аналармен бірігіп, мақсатты түрде жүргізетін тәрбие жұмыстары. Кең мағынада, тәрбие деп табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың, бүкіл бұқараның тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ететін ықпалын айтады.

  • Тәрбие – тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс.

  • Тәрбие формасы - тәрбие процесінің сыртқы көрінісі.

  • Тәрбие процесі - тәрбиенің мақсатын жүзеге асыратын процесс.

  • Тәрбие процесінің ерекщеліктері - көпфакторлы, ұзақ, комплексті, екіжақты.

  • Тәрбие әдісі - тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара байланыс іс-әрекеттерінде оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына бағытталған педагогикалық жұмыс тәсілдері.

  • Тәрбие заңдылықтары - орындалуы жеке адам дамуы мен қалыптасуында тиімді нәтижелерге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет