Сулейменова зауре екпиновна


Ұлттық өзіндік сана–сезім



бет84/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
Педагогика

Ұлттық өзіндік сана–сезім – жеке тұлғаның белгілі бір әлеуметтік–этностық қауымдастыққа жататындығын сезінуі және идеяларда, көзқарастарда, сезімде, көңіл–күйде, эмоцияда көрінетін қоғамдық қатынастар жүйесіндегі оның орны.

  • Үйрету - мінез-құлық нормасына сәйкес оқушыларды қажетті дағдыға, әдетке төселдіру.

  • Үйірме – оқушылардың қызығушылығы мен бейімділігіне қарай ұйымдастырылатын жұмыс түрі.

  • Үздіксіз бақылау - оқу-тәрбие процесінде үзіліссіз жүргізіледі.

  • Факультатив - оқушылардың қалауы бойынша пәнді тереңдетіп оқыту формасы.

  • Фактор - әсер ететін күштер. Тұлғаның дамуына әсер ететін факторлар ішкі (тұлғаның өз белсенділігі,іс–әрекеті) және сыртқы (орта, тәрбие) болып бөлінеді.

  • Флегматик – эмоциялық қозуы әлсіз, тұрақты. Сырттай байсалды, бірқалыпты, сезімдерін сыртқа шығармайды, бастаған ісін соңына дейін жеткізеді, тиянақты, қимылы баяу.

  • Формальды (ресми) топ – штат кестесі, жарғы т.б. ресми құжаттар негізінде құрылған топ.

  • Формальды емес (ресми емес) топөзара ұнату, көзқарас бірдейлігі, сенім жақындығы негізінде құрылған топ.

  • Фронтальдық жұмыс – бүкіл сынып мұғалімнің басшылығымен бірдей тапсырма орындауы.

  • Харизма (грекше–сый) – ерекше дарындылықты білдіретін ұғым. Діни наным бойынша харизма – құдайдан берілетін сый.

  • Холерик – эмоциялық қозуы күшті, шапшаң. Белсенді, пысық, батыл. Тез ашуланады, ұстамсыз. Істі тез бастап, тез аяқтайды. Ұйымдастырушылық қабілеті мол.

  • Циклограмма – мектептегі шараларды өткізудің апталық графигі.

  • Цитата - тексттегі, әдебиеттегі пікірді сол күйінде беру.

  • Шабыт – адамның рухани күштерінің ширығып өрлеуі, шығармашылық толғанысы.

  • Шағын топ – біршама тұрақты, құрамы жағынан көп емес, мүшелері бір–бірімен тікелей қарым–қатынас жасай отырып, ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың бірлестігі.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет