Тәрбие прициптері - тәрбие процесіне қойылатын талаптар.
Тәсіл - әдістің құрамдас бөлігі
Тест - белгілі бір мақсатпен, зерттелушілердің бәріне ортақ., қатаң бақылауда өтетін тексеру.
«Тест» сөзі ағылшын тілінен аударғанда «тексеру» деген мағынаны білдіреді.
Технология - «техно» -өнер, шеберлік, «логос» - ғылым деген сөздерден құралған.
Темперамент - жеке адамның қылығы мен түрлі іс-әрекеттерінен көрінетін меншікті дара ерекшелігі. Темпераменттің холерик, сангвинник, флегматик, меланхолик деген типтері бар.
Теория– таным процесінің нәтижесі.
Теориялық білім – белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жинағы.
Теориялық зерттеу әдістері -әдеби көздерді зерттеу, талдау және жинақтау, абстракциялау және жалпылау, модельдеу, болжау, математикалық әдістер.
Топ – уақытша әлеуметтік тұтастықтан белгілі бір нышандары негізінде бөлінетін адамдардың шектеулі шамадағы қауымдастығы.
Топтық жұмыс– оқушылар төрт-бес адамнан бірігіп тапсырма орындауы.
Трамп-план – уақыттың 40%- лекцияға (100-150 адам), 20%- талқылауға, 40%- (10-15 адамнан топқа бөлініп) оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне арналған оқыту формасы. ХХғ-шы жылдары ойлап тапқан американдық профессор, педагог Л.Трамп.
Түсіндіру -тәрбиеленушіге сөзбен әсер ету әдісі.
Түсіндіру – оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-анамен биологиялық ұқсастығы: шашы мен көзінің түсі, бет әлпетінің, жүріс-тұрысының ұқсастығы.
Тікелей бақылау – зерттеуші өзі жүргізеді.
Ұжым – (лат. «коллективус» - топ, жиын) көзделген мақсатқа жету жолында ұйымшылдық пен мақсаттылық іс-әрекетімен сипатталатын адамдардың тұрақты тобы.