Сулейменова зауре екпиновна



бет85/86
Дата18.11.2023
өлшемі1,65 Mb.
#124467
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
Педагогика

Ісәрекет – адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі. Іс–әрекеттің үш түрі бар: ойын, оқу, еңбек.

  • Халықтық педагогика – тәрбие жөніндегі халықтың білімі мен тәжірибесі.

  • Халықтық психология – адамның тұрмыстағы және өмірдегі психологиялық әрекеті жайлы халықтық рухани мәдениетінде көрінетін білімдер жинағы.

  • Іскерлік - алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекетті орындай алу бейімділігі.

  • Эвристика – жаңалық ашу процесінде қолданылатын арнайы әдістер.

  • «Эксперимент» - латын сөзі, қазақшаға аударғанда «тәжірибе» деген мағынаны білдіреді.

  • Эксперимент - педагогикалық құбылысты арнайы жағдайда зерттеу.

  • Экскурсия - музейге, табиғатқа, өндіріске көшірілген сабақ түрі.

  • Экзистенциализм - жеке адамның дамуы мен қалыптасуын балада туа пайда болатын инстинктпен байланыстыратын бағыт.

  • Экономикалық тәрбие – нарықтық экономика нормаларына сай сана-сезімдерін, дағдыларын, іскерліктерін қалыптастыру

  • Экологиялық тәрбие – бала санасында табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

  • Эмоция – қоршаған ортамен қарым–қатынас негізінде пайда болатын көңіл–күй.

  • Эмпирика (гр. Empeiria) – тәжірибе деген мағынаны білдіреді.

  • Эмпирикалық зерттеу әдістері - бақылау, эксперимент, сұрау, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың жұмыстарын зерттеу.

  • Эмпатия – өзге адамдардың жан–дүниесінің сыры мен күйін білу қабілеттілігі және оған жанашырлық білдіру.

  • Эстетикалық тәрбие – сұлулық сезімдерін қалыптастыру

  • Этикалық әңгіме - адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі.

  • Этнопсихология – адамдар психикасының этностық ерекшеліктерін зерттейтін психологияның саласы, түрлі нақты этностық бірлестіктерге жататын адамдардың психологиялық өзіндігі туралы ғылым.

  • Этностілі бір, салыстырмалы түрде тұрақты мәдени және психика ерекшеліктері ортақ, сондай-ақ жалпы өзіндік атауы бар тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты жиынтығы.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет