Ұғым (категория) - обьективтік құбылыстарды, қасиеттерді және қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы.
Ұлттық мектеп - ана тілін, ұлтының тарихын, төл мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрлерді жүйелі түрде оқытатын мектеп.
Ұлттық тәрбие - жеке тұлғаның сана-сезімі мен мінез-құлқының ана тілі, ұлтының тарихы мен мәдениетін, ұлттық салт-дәстүрлерді меңгеруі негізінде қалыптасуы мен дамуы.
Ұлттық мәдениет - кең мағынада - ұлттың рухани дүниетанымы, тар мағынада - ұлттық өнер, әдебиет, білім, т.б.
Ұлтшылдық – ұлттың ерекшелігі мен артықшылығы туралы уағыздан тұратын кертартпа идеология мен саясат.
Ұлттық мақтаныш – мәдениетінің, тілінің, дінінің ортақтығын ұғыну арқылы өзінің белгілі бір ұлтқа жататындығын саналы түрде сезінуі, өз Отанына, халқына деген патриоттық сезімі.
Ұлттық әдет - жеке ұлт өкілінің күнделікті тұрмыста қалыптасып кеткен тұрақты іс-әрекеті.
Ұлттық әдет-ғұрып – белгілі ұлт ортасында, ұлт тобында болатын және олардың мүшелеріне үйреншікті тарихи қалыптасқан таптауырынды жүріс-тұрыс әдісі.
Ұлттық салт – тарихи қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан жүріс-тұрыс формасы тұрмыс санасында әбден тамырланған ережелер, құндылықтар, адамдардың қатысу түрлері.
Ұлттық мінез-құлық - өмір сүрудің нақты жағдай барысында және адамдардың үйреншікті жүріс-тұрысын, өмір сүру типін, олардың еңбекке, басқа халықтарға, өз мәдениетіне қарым-қатынасын белгілейтін тарихи қалыптасқан мінезінің этносқа тән психологиялық қасиеттерін анықтайтын жиынтықтары.
Ұлт – Аймақ бірлігімен, экономикалық байланысымен, тіл ортақтығымен, мәдениетімен, кейбір психологиялық және рухани қасиеттерімен сипатталатын адамдардың тарихи қалыптасқан қауым түрі.
Ұлттық сана–сезім – адамдардың өз этносына, оның мүдделері мен құндылықтарына деген ұлттық қарым–қатынасы.