Суппозиторийлер негіздерінің сипаттамасы жіктелуі және номенклатурасы



бет3/5
Дата18.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#124651
1   2   3   4   5

Негізді дайындау.

Негізді дайындау.

Бу көлігі мен якорлы араластырғышы бар сыйымдылығы 1000л тот баспайтын құрыш реакторға негіздің компоненнтерін салады. Алдын-ала “көлекке” бу жіберіп, температураны 60-700С дейін көтереді. Балқытылған негізді друкфильтірден өткізіп, сығылған ауа көмегімен басқа реакторға жібереді, ол жерде суппозиториялық массаны дайындау жүреді. Дәрілік заттарды негізге енгізу.

Дәрілік заттарды негізге енгізу

дәрілік заттардың мөлшеріне және физико- химиялық қасиетіне байланысты жургізіледі.

Егер негіз ретінде майлар және май тәрізді заттар қолданылса

а) Майда еритін заттар : фенол, анестезин,хлоралгидрат, тимол, ментол, фенилсалицилат, камфора және т.б. Оларды майлы негіздің балқытылған бір бөлігінде ерітеді.

б) Суда еритін заттар : оларға алкалоид тұздары, новокаин , хинозол, опий экстракты, этакридин лактаты және т.б жатады. Бұл заттар негізінде,аз мөлшерде жазылады. Оларды алдын алабірнеше тамшы суда, глицеринде немесе спиртте ерітіп алып, негізге енгізеді. Кей жағдайларда ертіндіні сусыз ланолиннің аз мөлшерімен эмульгирлеп, содан соң негізбен араластырады.

Құрғақ экстракт, протарголды және колларголды негізге концентрлі сулы ертінді немесе су- спирт- глицеринді ертінді түрінде енгізеді. Эмурльгирлеу ушін сусыз ланолин қосады.

в) Суда да ,майда да ерімейтін заттар :

мырыш тотығы, дерматол, ксероформ, висмуттын негізгі нитраты, стрептоцид т.б жатады. Бұл заттарды негізге суспензия түрінде енгізеді. Егер олар рецепте аз мөлшерде жазылса, онда бирнеше тамшы шабдалы, бадам майымен ысқылап, негізбен араластырады. Егер дәрілік заттар көп мөлшерде жазылса, онда оларды майдалап, балқытылған негіздің бір бөлігімен ысқылайды да негіздің қалған мөлшерін бөлшектеп қосады. Суда еритін , бірақ жазылымда көп мөлшерде белілген заттар да негізге суспензия түрінде енгізіледі.

г) Байланыстырғыш қасиеттері бар қою, сүйық заттарды, мысалы ихтиол, винилин,нафталан мұнайын негізбен араластырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет