Массанын біркелігі – ұзына бойы кескен кезде қарусыз көзбен дақтар көрінбеуі (майдаланбаған дәрілік зат немесе майдаланбаған негіз болмауы) керек
20 суппозиторийді 0,01 г дәлдікке диін өлшеп, орташа салмағын анықтайды. Бір суппозиторий салмағындағы ауытқу мөлшері +- 5% аспауы керек
Липофильді негізде дайындалған суппозиторийлердің балқу температурасын анықтайды, ол 37C аспауы керек.
Гидрофильді негізде дайындалған суппозиторийлердің еру уақытын анықтайды. Ол ушін 1 суппозиторийді сыйымдылығы 100мл түтіктің түбіне салып , температурасы 37С 50 мл су құяды да, 5 минут шайқайды. Суппозиторий ,егер жеке мақалада арнайы көрсетілмесе 1 сағат ішінде еруі керек.
Сандық мөлшрін анықтау және әсер етуші заттардың дозалану дәлдігін анықтау жеке мақалада көрсетіледі
Сақталуы құрғақ, салқын жерде.
Орамдау және безендіру. Майлы негізде дайындалған суппозиторийлерді пергамент қағазға, желатин- глицеринді, сабынды- глицеринді негіздерде –балауыздалған, парафинделген қағазға орамдайды. Шариктер мен пессарийлерді гофрирленген қалпақшаларға салып, картон қораппен таяқшаларды қағаз бүктемесінің арасына салып босатады. Каробкаға негізгі этикетка ‘’Сырт тәнге
Құрамында А тізіміне кіретін улы немесе есірткі заттары бар суппозиторийлерді қосымша ҚР ДМС 01.11.1996 ж. N 481 бұйрықтарының талаптарына сай безендіреді.
Қорытынды Суппозиторийлер официоналды дәрілік түр. МФ X басылымы бойынша, суппозиторийлер бөлме температурасында қатты, дене температурасында балқитын немесе еритін дозаланған дәрілік түр. Суппозиторийлер тік ішекке, ағзаның басқа да табиғи және паталогиялық қуыстарына енгізуге қолданылады. МФ XI басылымы бойынша жіктелуі: ректалды – suppositoria rectalia, вагиналды – suppositoria vaginalia, таяқшалар – suppositoria baccilli. Ректалды суппозиторилер немесе свеча конус түрінде, өткір ұшы бар цилиндир немесе сигара түрінде (торпеда тәрізді) болуы мүмкін және олар тік ішекке енгізу үшін қолданылады. Вагиналды суппозиторийлер: тіл тәрізді – pessaria, шар тәрізді – globuli, жұмыртқа тәрізді – ovula болуы мүмкін.
ҚР МФ – 10 басылым- Астана 2008.
Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы: оқулық – Шымкент, 2008 ж.