Суппозиторийлер түрінде барлық фармакологиялық топтардағы дәрілік заттар қолданылады.
Эстетикалық емес болып көрінетін және шырышты қабықтың тітіркену мүмкіндігіне қарамастан суппозиторийлердің бірқатар маңызды артықшылықтары бар. Ингредиенттердің көп бөлігі үлкен қан айналымы шеңберіне түседі; әсердің тез басталуы мен препараттың жылдам сіңірілуі: асқорту сөлдерінің әсерінен ыдырайтын препараттар белгілеу мүмкіндігі; реакциялар деңгейінің төмендеуі; төзімсіздік немесе әсерлердің азаю жағдайы; ессіз халде жатқан пациенттерге мумкіндігі ректальді енгізу жолдарына айқын артықшылық енгізу береді. Ректальды енгізгенде парентералъді енгізгендегідей инфекпияның кіруі мүмкін емес, арнайы медициналық персоналды, дайындаудың асептикалық жағдайларын жасаудың қажеттілігі жоқ. Енгізгенде ауыртпауы және жағымсыз дәмі мен иісінің бүркелуіде суппозиторийлердің артықшылығын көрсетеді.
Дәрілік заттар тез сіңіріледі, бұл қасиетімен суппозиторилермен бәсекелесе алады, қолдану қарапайымдылығы; дозалануы дәл; дәрілік заттар асқазан – ішек трактісіне, бауыр барьеріне (кедергісіне) енбей-ақ әсер көрсетеді; тасымалдауы, сақталуы қолайлығы
Кемшіліктері:
Технологиялық процестің қиындығы,суппозиторий дйындауға қолданылатын көмекші заттарды,негізінде олардың жергілікті немесе жалпы әсері бойынша таңдап алу қиындығы.
Суппозиторийлер өндірісі Суппозиторийлерді көбінесе илеу, престеу, құю әдістерімен дайындайды. Өндіріс жағдайында суппозиторийлерді құю әдісімен алады. Суппозиторийлерді жасаудың технологиялық схемасы клесі сатылардан тұрады: 1. негізді дайындау 2. дәрілік заттарды негізге енгізу 3. қалыптау 4. стандарттау 5. суппозиторийлерді бөлшектеу және орамдау
Суппозиторийлерге қойылатын талаптар:
тік ішектің сфинктерінің кедергісінен оңай өтуі үшін бөлме температурасында жеткілікті түрде қатты болуы керек;
суппозиторийлердің балқу температурасы дене температурасынан жоғары болмауы керек;
суппозиторийлердің балқуы немесе еруі белгілі уақыт ішінде, препараттың белгілі фармакологиялық әсеріне байланысты 3-15 минутта жүруі керек;
суппозиторий балқығаннан кейін түзілген сұйықтық, ағза сұйықтығымен араласуы керек, осы мақсатта суппозиторийлік массаға БАЗ қосылад;
суппозиторийлер дәрілік затты оңай босатуы және кілегей қабатта тітіркендіргіш әсер көрсетпеуі керек;