Суппозиторийлер негіздерінің сипаттамасы жіктелуі және номенклатурасы


д) Суппозиторийлерді желатин—глицерин негізінде дайындаған кезде, дәрілік заттарды негізді дайындауға арналған судың немесе глицериннің бір бөлігімен ысқылайды



бет4/5
Дата18.11.2023
өлшемі0,67 Mb.
#124651
1   2   3   4   5
Байланысты:
суппозитории

д) Суппозиторийлерді желатин—глицерин негізінде дайындаған кезде, дәрілік заттарды негізді дайындауға арналған судың немесе глицериннің бір бөлігімен ысқылайды.

Суппозиторийлердің технологиялық процессі 3 түрлі әдіспен дайындалады.

- Қолмен илеу әдісі

- Қалыпқа құю әдісі

- Престеу әдісі


Қолмен илеу әдісінің дайындау сатылары :
Дәрілік заттарды және негізді дайындау, суппозиторийлік массаны дайындау (дәрілік заттар және негіз қопасын алу), массаны дозалау, суппозиторийлерді қалыптау, орамдау, безендіруді жатқызамыз.
1-ші саты. Негізді дайындау : какао майын угіткіщ арқылы майдалау
2-ші саты. Майдаланған негізбен келіде дәрілік заттардың қасиеттеріне байланысты араластырады. Дәрілік заттар мен негіздерді біртекті пластикалық қоспа түзілгенше илейді, ол келі қабырғасына жабыспауы керек. Алынған қоспаны целлюлоид қалақша көмегімен жинақтап, түйіндейді, салмағын өлшеп , рецепт артына көрсетеді, шыны пластинкаға ауыстырып салады.
3-ші саты. Пергамент қағазбен оралған ағаш көмегімен цилиндр немесе төрт бұрышты серіппе дайындайды. Осы серіппе пилюля машинасының кескіші көмегімен порцияға бөлінеді.
4-ші саты. Суппозиторийлік массаның әр порциясына пилюля машинасының ағаш таяқшасы көмегімен шарик формасы беріледі, содан соң шариктерге конус , цилиндр, торпеда тәрізді пішіндер беріледі.
5-ші саты. Осындай әдіспен дайындалған әр суппозиторийлерді балауыздалған капсулаға жеке- жеке орамдайды, безендіруге жібереді
Қалыпқа құю әдісінің дайындау сатылары
  • Дәрілік заттарды және негізді дайындау
  • Суппозиториялық массаны дайындау
  • Массаны дозалау және суппозиторийлерді қалыптау, орамдау және безендіру.

  • 1 ші саты: Негізді фарфор табақшаға салып су моншасында балқытады
    2ші саты: Дәрілік препараттардың қасиетіне байланысты оларды негізге енгізеді
    3ші саты: Массаны араластыра отырып арнайы қалыптарға құяды ол бір біріне тығыз жабылатын екі бөліктен тұрады
    Қалыптың ұяшықтарының саны 30 .50.200 және одан да көп ал сиымдылығы 1.0; 1.5; 2.0; 3.0 және 4.0 см3 болады. Қалыптың ұяшықтарын егер негіз гидрофобты болса сабынды спиртпен гидрофильді болса вазелин майымен, малынған мақта тампонымен сүртеді. Жиналған қалыпты тоңазытқышқа 30 – 40 минут салқындатып содаң соң дайын жартылай суыған массаны құяды .Тоңазытқышқа салып салқындатуға қалдырады. Уақыт өткен соң мұздап қатқан суппозиторийлерді қалыптың екі бөлігін ажыратып ,әр суппозиторийді орамдайды.
    Суппозиторийлерді қалыпқа құю әдісімен дайыңдаудың ерекшелігі негізді есептеу кезінде . Қалыптың ұяшығының көлемін ,яғни 1ұяшықтағы негіз салмағын : майлы негіздің салыстырмалы тығыздығын 0,95 гсм3 желатин глицерин негізінің тығыздығын 1,15 гсм3 орынбасу коэффициентін |Eж ескереді . Орынбасу коэффициентін тығыздығы 0.95гсм3 болатын какао майының тығыздығы. Сонымен қатар кері орын басу коэффециентін (1/Еж)қолданіға болады. 1 г дәрілік заттың орнын басатын майлы негіздің мөлшерін көрсетеді .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет