Сергіту сәт Біздер санай білеміз,
Білмегенге күлеміз.
Біреу, екеу, үш, төрт деп,
Бес, алты....... деп жүреміз.
Үлгі жұмысты талдау: - Сурет салу кезінде автордың көңіл-күйі қандай болды екен?
Бала:- Көңілді болған. Өйткені анық түсті бояуларды қолданған.
Сурет салу әдісі: Тақтайдың үстіне анамыздың бетін дөңгелек пішінді етіп салып аламыз, көзін, ауызын, шаштарын түрлі-түсті бояулар арқылы өз анамыздың суретін саламыз.(сопақша сызып, оның ортасына көздің суретін салады, екі көздің арасы тым алшақ болмауы керектігін ескертеді. Көздің ортасындағы кішкене дөңгелек қарашық деп аталады). Тәрбиеші: - Балалар, анықтап қараңдаршы, Сандуғаш анасын қандай көңіл-күйде бейнелепті?
Бала: - Жайнаның анасы көңілді болып тұр.
Қорытынды бөлімі-рефлексия: Тәрбиеші: - Балалар, сендерге көрме ұнады ма?
Жанасыл: - Менің анам көңілді болып тұр.
Тәрбиеші: - Балалар, байқадыңдар ма, біздің суретшілеріміздің аналары қандай көңілді , олар өз суреттерін ерекше сүйіспеншілікпен және ынтамен орындапты. Мадақтау.
№16 Білім беру саласы «Шығармашылық» ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Бұршақты көйлек
Мақсаты:киім түрлері және олардың жасалуы туралы түсініктерін толықтыру Балаларға көйлекті сурет салудың дәстүрден тыс ( сәбізден жасалған таңбамен түрту) әдісімен безендіруді түсіндіру және балалардың көркемдік сурет салу әдістерін дамыту . Балаларды талғамдыққа тәрбиелеу.
Құралдар: ақ қағаз, гуащь бояуы, бояу-тақта, су құятын құты, сүрткіш, көйлек сұлбасы матадан жасалған.
Әдістер мен тәсілдер: көрнекілік (көрсету, және т.б.), дәстүрден тыс сурет салу, сұрақ-жауап, балалар әңгімесі, пікірталас ойыны .
Билингвалды компонент: көйлек- платье – dress, бұршақ – горох- peas
І.Кіріспе бөлім. Шаттық шеңбері: Сиқырлы айнадан,
Өзімді көрермін.
Бақыттан жайнаған,
Көзімді көремін.