Сурет салудың сиқырлы әлемі



бет40/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   74
Байланысты:
пленка сурет

Қауіпсіздік ережесі:
Сабынды көпіршікке салынған түтікшені ауызға жақындатпай үрлеу.
Сабын көпіршігі болған қолымен ауыз, мұрынды сүртпеу.
«Добым-добым домалақ» саусақ жаттығуы
Добым-добым домалақ,
Тоқтамайсың домалап.
Үстел үстін бүлдірдің, (Саусақтарды ұштастыра отырып, доп кейпін жасау.Өлең
Тарелкені сындырдың. мазмұнына қарай қимылдар жасау)
Тентек болып кеттің, деп,
Тұрмын сені тепкім кеп.
Жеке жұмыс.
ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия:
Тәрбиеші: - Сендерге сурет салған ұнады ма?
Айсұлу : - Балалар, қағаз бетінде үлкен шардың бейнесі шықты , рахмет!
Тәрбиеші: - Қуыршақ саған сыйлық ұнады ма?
Айсұлу: - Күшті сыйлық болды.
Тәрбиеші тақырыпты қорытындылап, балаларды мадақтайды.



21
Білім беру саласы «Шығармашылық»
ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Қар ханшайымның сарайы
Мақсаты : ертегідегі қар ханшайымының сарайы және оның құрылысы туралы ойларын толықтыру. Текшемен бояуды рет – реттеп баспа әдісі арқылы сарайдың суретін салуды жаттықтыру ; сурет салуға деген қызығушылықтарын ояту; ойлау, қиялдау, зейіндерін дамыту; суретті соңына жеткізе сала білуге тәрбиелеу.
Әдіс‑ тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, қарастыру, ойын, дәстүрден тыс сурет салу, қызықтыру, сұрақ –жауап, мадақтау.
Құралдар: текшелер, көк, ақ бояулар , сары түсті жіп , сүрткіш, фалго .
І. Кіріспе бөлім.
Шаттық шеңбері:
Баршаға сыйла махаббат,
Қуансын бар адамзат.
Сан есеге көбейіп махаббатың,
Тиеді саған шапағат.
ІІ.Негізгі бөлім :
Тәрбиеші: - Балалар, бірінші дұрыстап отырып алып, көзімізді жұмып және музыка әуеннің мұхият тыңдаңыздар.
Музыка : - «Боран» әуен біткен соң.
Тәрбиеші: - Балалар, біз қайда келдік?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет