Бала : - Қара түсті жіпті.
Тәрбиеші:- Балалар, сендерге жіпті ширатып ойнаған ұнады ма?
Бала: - Маған жипты ширатқан ұнады, мен қызыл түсті жіпті жинап алдым.
Сергіту сәті: Мысық сүтке тояды,
Қарнын сипап қояды.
Қарнын сипап қояды.
Жүрісі оның баяу.
дейді мысық мияу-мияу.
Сурет салу әдіс-тәсілі: жапырақ тәсілімен марғау сұлбасын салып алып, тұзды желімдеп жабыстырамыз. Көздерін, тұмсығын мұрттарын таяқшамен жасаймыз. Саусақ жаттығуы: Саусақтарым көңілді,
Бір – бірімен дос болып жүреді.
Үлкен ағам басбармақ,
Бәрін басқарып келеді.
Балаң үйрек жалғасып,
Нақты көрсетіп береді.
Ортаң терек ортада,
Биде билеу біледі.
Шылдыр шүмек көңілді,
Қуаныш сыйлау білдеі.
Кішкентай бөбек,
Шырылдап күнде ойнап жүреді.
Жеке жұмыс жүргізу. ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия: Тәрбиеші:- Кім қандай түсті марғаудың суретін салдың?
Бала : - Сары түсті марғаудың суретін салдым.
Тәрбиеші: - Мысық, сізге кімнің суреті ұнап тұр?
Мысық: - Менің марғауларым соншалықты әдемі етіп суретін салыпсыңдар. Рахмет сендерге!
Тәрбиеші: - Суреттерін фотоальбомға салып сыйлық етіп сыйлаймын. Сау болыңдар! Мадақтау.
№18
Білім беру саласы «Шығармашылық» ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Түймедақ не деді?
Мақсаты: балаларды ойдан шығармашыл әңгімелер құрастырып және де өз ойларын тиянақтап бор қарындаш түстерін дұрыс пайдалып, сурет арқылы жеткізе білуге жаттықтыру. Бейнелеу әрекеттерін қалыптастыру. Өсімдіктерді аялауға тәрбиелеу.
Әдістер мен тәсілдер: көрнекі лік (көрсету, және т.б.), сөздік (әңгіме, сұрақ-жауап, балалар әңгімесі, пікір талас, ойыны және т.б.), практикалық (тапсырмаларды орындау, ойын, релаксация және т.б.)
Құралдар: бор қарындаш, (наждачная бумага) егеуқұм қағаздары.