Шаттық шеңбері:
Ашық менің жүрегім,
Ылғи күліп жүремін.
Бірге ойнап бір жүрер,
Достарым көп, білемін!
ІІ. Негізгі бөлім : Әңгілмелесу. Тәрбиеші: - Балалар, Ә. Дүйсенбиевтің «Мен осындай адаммын» өлеңін тыңдайық. Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
Сұрақ – жауап. Тәрбиеші: - Шығармадағы бала қандай бала?
Бала: - Бәрін жасайтың, ұқыпты бала.
Тәрбиеші: - Баланың қандай істерінен жақсы адам екенін білеміз?
Бала: - Ол гүлдерге су құяды, ыдыстарды жуып, үйді тазалайды.
Тәрбиеші: - Сендер үйлеріңде жақындарына қалай көмектесесіңдер?
Әрсен: - Мен анама ыдыс жинауға көмек беремін.
Тәрбиеші: - Жақсылық барлығы отбасынан басталады, себебі біз үйде бір – бірімізге көмектесеміз. Олай болса «Мен – жақсы баламын» ойынын ойнайық!
Ойын: «Мен –жақсы баламын!» .
Ойын шарты: бала айнаға қарсы отырады; өз бейнесін айнаға қарап, бақылап әңгімелейді;
Ойын «Мен –жақсы баламын!» деп аталады.
Айна арқылы сурет салу әдісі: өз бейнесіне қарап, қағаз бетінде бейнелейді.
Саусақ жаттығуы:
1.Шынжыр. Оң және сол қолдағы басбармақпен баланүйрек саусақтары түйісіп, жүзіктер секілді айқасып, шынжыр жасайды.
2. Піл: оң қол алақаны жайылып тұрады. Сол қол саусақтары бас бармақ пен кішкене бөбек артқы аяғы болса, баланүйрек саусақ пен шылдыр шүмек саусақ алдыңғы аяқтар, ал ортаңғы саусақ пілдің тұмсығы.
3. Доп: алақандар бір-бірімен жабысады. ( доп пішінін жасайды).
4.Гүл: қолдар, саусақтар жоғары қарайды. Алақандар айшанақпен қосыла түптері өзара жанасады. Саусақтар ашылады. Осы жаттығуларды орындай отырып, мына өлең жолдарын айтады.
Саусақтар шынжыр болады,
Үзілмейді тартсаң да,
Ал, піл келіп шынжырды,
Үзіп кетті басқанда.
Тұмсығымен доп іздеп,
Ойнағысы келіп тұр.
Достық үшін пілге мен,
Гүл сыйлағым келіп тұр.
Балалар өз еркімен сурет салады, ал тәрбиеші кейбір балаға көмектеседі.