Сурет салудың сиқырлы әлемі



бет42/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74
Байланысты:
пленка сурет

Ойын: «Аққала»
Ойын шарты : Балалар ойын сөздерін айтып, қимылдар жасайды.
Домалатып – домалатып ,
Ұлпа қарды жинаймыз.
Үлкен , кіші қар кесегін.
Жинап – жинап аламыз.
Басына шелек, мұрны сәбіз
Не болып шықты , қарашы досым?
Қар Ханшайымы: - Серігіп алдыңдар ма ?
Балалар: - Иә.
Қар Ханшайымы: - Олай болса менің , көк түсті мұздарымның үстінен , маған үлкен сарай жасап беріңдер.
Тәрбиеші: - Балалар , суретті қалай салуға болады ?
Қарындаш , бояулар жоқ.
Қар Ханшайымы: - Менің сиқырлы текшелеріммен салыңдар.
Баспа сурет салу әдіс – тәсілі : көк түсті қағаздың немесе фальганың үстіне текшемен төмен жақтан бастап басып сарайдың сұлбасын салып шығамыз, ал терезе есіктерін сары жіптермен жабыстырып өрнектеуге болады.

Саусақ жаттығуы: «Санамақ» ойыны

Мақсаты: кіші саусақ моториканы және сөйлеу ырғағын дамыту.

Бір, екі, үш, төрт, бес,

Анаммен сурет саламын , ( алақанды жұмып ашады)

Міне басы, міне іші. ( қолды шеңбер жасап айналдырады)


Аяқтары, қолдары, көздері ( қолымен кішкентай және үлкен шеңбер салу)
Аузы, сақинадан жасалған ( ауада сақинаны салу)
Әдемі шашы да бар. ( қолдарын екі жаққа ашады)
Жеке жұмыс , көмек беру.
ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия:
Тәрбиеші: - Сендерге сурет салған ұнады ма?
Бала: - Иә , қар ханшайымы ал сізге ұнады ма?
Қар Ханшайымы: - Енді менде көп сарай болады , рахмет сендерге !
Тәрбиеші: - Суретті немен салдық ?
Бала: - Текшемен , ақ түсті бояумен салдық.
Тәрбиеші: - Ал, енді көзімізді жұмып отырып , еркін демалып, музыкалық әуенді тыңдайық. Балалар , көздерінді ашындар , біз қайда келдік ?
Бала: - Біз өзіміздің тобымызға келдік.
Тәрбиеші: - Сендерге Қар ханшайымының елі ұнады ма?
Балаларды жауаптары.
Тәрбиеші: - Балалар, Қар ханшайымы сендерге алғыс айтып, мынандай сыйлық беріп жіберген, қардан жасалған тәтті екен. мадақтау.



22




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет