Бала: - Ғарышқа тек зымыранмен ұшады.
Тәрбиеші: - Иә, ғарышкер ағаларымыз ғарышқа зымыранмен ұшады екен. Оны ғарыш кемесі деп атаймыз. Олар ғарышқа ұшып барып, аспан әлемін зерттейді. Біз бүгін ғарышкер ағалармен, аспан әлемімен танысамыз. Бәріміз тақтаға мұқият қарайық.
Сурет бойынша жұмыс: «Ғарышкерлер және ғарыш әлемі» Мына суреттегі алғаш ғарышқа ұшқан адам, ол Ю. Гагарин деген кісі. Мынау ғарышқа ұшуға дайындалып жатқан кезі. Ғарышқа қазақ ғарышкерлері де ұшқан. Мына суретте өзіміздің қазақ ғарышкерлері - Т. Әубәкіров және Т. Мұсабаев деген ағаларымыз. Бұл кісілер еліміздің мақтаныштары. Олар ержүрек, батыр, халық қаһармандары. Ал, мынау ұшуға дайындалып жатқан ғарыш кемесі. Онымен адамдар аспанға ұшып, аспан кеңістігін зерттейді. Мынау Байқоңыр ғарыш айлағы. Ғарышкерлердің бәрі осы жерден ғарышқа ұшады екен. Байқоңыр ғарыш айлағы ол біздің Қазақстанда, оның ішінде Қызылорда облысында орналасқан. Мына суретте ғарыштағы адам, ол үстіне арнайы скафандр киген. Ғарышта ауа жоқ, сондықтан ол жақта тек осындай арнайы киіммен ғана жүруге болады. Осы кісілер сияқты білімді, тәртіпті үлкен азамат болуымыз керек. Ал мынау аспан әлемі. Аспан әлемінде көптеген жұлдыздар бар.
Сұрақ – жауап: Тәрбиеші: - Аспанда тағы нелер болады, балалар?
Бала: - Жұлдыздар, ай, ғарыш әлемдері.
Тәрбиеші: - Балалар, біз ғарыш әлемінде нелер тіршілік етеді?
Бала: - Құбыжықтар (инопланетянин) , робботтар.
Қызықтыру сәті: ( жасыл түсті шам жағылып, экранға құпия дыбыстар естіледі)
Са - ла - мат - сың - дар ма, ба - ла – лар!
Мен - ің әл – емін -де қау - іп төң- іп тұр, жұл – дыз - дар сөң - іп, ай көрінбей, ғалам шарлар шатысып кетті.
Тапсырмаларды орындап бәрін орына қоюға көмек беріңдерші.
Тәрбиеші: - Балалар, бұл не болуы мүмкін?
Бала: - Құпиялы жан.
Құбыжық: - Тапсырманы орындасаңдар, мен көрінемін. Сен –дер тұра - тың ғалам шар қа –лай ата –лады?