Екінші топ: Жалпақ қылқаламмен (шеткасы) қара түсті бояумен қағаз бетін сырлап алып, түрлі тырнақ бояйтын лакпен әртүрлі жұлдыздардың суретін саламыз.
Үшінші топ: Көз бояуға және далаптармен құбыжықтардың суретін саламыз.
Тәрбиеші: - Сурет салмас бұрын жаттығу жасап алайық.
«Пішінді құрастыр» жаттығуы. Мақсаты : қол қимылдарының икемділігін, дәлдігін, көз мөлшерін дамыту.
Жаттығу барысы: жүргізуші балаларға есептік таяқшаларды таратып береді. Балалар солардан геометриялық пішіндерді жасап шығару керек.
Төмендегідей тапсырмалар беріледі:
1. Төрт таяқшадан шаршы құрастыру.
2. Үш таяқшадан үшбұрыш құрастыру.
3. Үй құрастыру.
4. Жалауша құрастыру;
5. Жұлдызша құрастыру;
Жеке сурет салады, көмек көрсетеді.
ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия: Құбыжық:- Балалар, енді суретімізді жинап композция құрастырайық.
Бізде ненің бейнесі шықты?
Бала: - Ғарыш әлемінің бейнесі пайда болды.
Тәрбиеші: - Құбыжық саған ұнады ма?
Құбыжық: - Үйімдегі баурларым есіме түсіп кетті.
Тәрбиеші: - Құбыжық бауырларынды сағынсан жолға шық.
Құбыжық: - Иә, менің достарым көп болады , рахмет, мен енді еліме ұшып кеттім. Сау болыңдар!
Тәрбиеші: - Балалар, сендерге құбыжыққа көмек берген ұнады ма?
Балалар: - Иә, құбыжықпен сурет салған өте өызықты болды.
Тәрбиеші: - Құбыжық сендерге арнап мынандай жұлдыздар тастап кетті. Сендерге табыстайын. Мадақтау.
№30
Білім беру саласы «Шығармашылық» ҰОҚ: Сурет салу (дәстүрден тыс сурет салу)
Тақырыбы Қарлығаш құсы Мақсаты:балалардың дәстүрден тыс сурет салу әдісіне деген қызығушылықтарын ояту ; ойлау , қиялдау қабілеттерін дамыту;
Қарлығаш құсының сұлбасын трафаретпен бастырып , қарындашпен сызып алып , оның үстіне шемішкені және бауырын мақтадан желімдеп , түрлі – түсті бояумен жіңішке қылқаламмен көзін, тұмсығын түрту әдісімен бейнелеуді үйрету: құстардың аялауға , қорғай білуге тәрбиелеу.