Сурет салудың сиқырлы әлемі



бет59/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74
Байланысты:
пленка сурет

Әдіс – тәсілдер: сұрақ – жауап, жұмыстар және ойын, мадақтау.
Билингвалды компонент: құс –птица – bird
Құралдар: балмұздақ таяқтары , желім , су, бояулар
І. Кіріспе бөлімі.
Шаттық шеңбері:
Еңбек етсем ертеңгі,
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!
ІІ. Негізгі бөлім :
Тәрбиеші: - Балалар , қандай құстардың түрлерін білесіңдер?
Бала: - Торғай , қарға , ұзақ , сауысқан , қарлығаш.
Қызықтыру сәті: - Қане, келген қонағымызбен танысайық.
Экранда көрсетілген құстың суреттеріне назар аударыңдар.
Тәрбиеші: - Мынау қандай құс?
Бала: - Бұл қарлығаш.
Тәрбиеші: - Қарлығаш қандай құс?
Қарлығаш құсы: - Сәлеметсіңдер ме, балалар ! Мен сендерге құстар әлемінен келдім. Өз достарымның шырқаған әндерінің таспасың әкелдім, тыңдап көресіңдер ме?
Бала: - Құстардың әнін тыңдаймыз.
Қарлығаш құсы: - Қандай құстарды білесіңдер ?
Бала: - Қарға , торғай , көгершін , көкек.
Қарлығаш құс: - Дұрыс, олардың дауыстары да әр түрлі болады. Ойын ойнап тыңдап, тауып көрейік.
Ойын: «Құстардың әні»
Ойын шарты: дауыстарына қарай құстарды атап беру керек.
«Ку –ку – ку» қандай құстың дауысы ? ( көкек)
«гу - гу – гу » қандай құстың дауысы ? ( көгершін)
«Қар – қар – қар» қандай құстың дауысы ? (қарға)
Қарлығаш құсы: - Жарайсыңдар , балалар! Ал енді серігіп алайық.
Сергіту сәті:
Бір, екі, үш,
Қанат қағып ұш,
Болады сонда сенде күш!
Қарлығаш құсы: - Балалар , мен құстардың дауыстарын жазып , ән жинап жүргенімде бақтағы құстар шатысып кетіпті , топтастырып ажыратып беріңдерші.
Дидактикалық ойын: «Қандай құс, қайда тіршілік етеді ?»
Ойын шарты: құстарды түрлеріне қарай ажыратып , құстарды топтастырып беру керек.
Тәрбиеші: - Балалар, бұл суретте үй құстары мен жабайы құстар бейнеленген. Үй құстарын атап беріңдерші .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет