«Көңілді шарлар» ойыны
Мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы балаларды үлгіге қарап, түстерді бір –бірімен араластырып, ортақ түс тауып, шарлардың сұлбасын түрлі көңіл күй бейнесінде салуды үйрету
«Көңілді шарлар» ойыны
Мақсаты: Дидактикалық ойын арқылы балаларды үлгіге қарап, түстерді бір –бірімен араластырып, ортақ түс тауып, шарлардың сұлбасын түрлі көңіл күй бейнесінде салуды үйрету.
Құралдар: Фланелеграф, қағаздан немесе картоннан жасалған алты түсті дөңгелектер 12х3 алынады.
Ойын барысы: Ақ қағазға алты түсті жіңішке жолақшалар желімделген соң түстеріне сәйкес келетін дөңгелектер жапсырылады. Тәрбиеші: - Балалар бізде түрлі - түсті ауа шарлары бар және жіптері де сондай түсті. Қазір ол шарлар фланелеграф тақтайшасында әр түрлі қашықтықта пайда болады деп, ескертіп, түсін айта отырып, тігінен, орналастырамыз. Ал, енді қазір осы жіптерге бірден шар байлаймыз. Бір шарды алып, сондай түсті жіпке бастыра қояды. Осыдан кейін 2 - 3 бала кезекпен шарларды байлайды. Егер бала түсті табуға қиналса тәрбиеші көмекке келеді.
«Шарды безендіреміз» ойыны
Мақсаты: бір –біріне мерекелік көңіл күй сыйлай білуге үйрету.
Құралдар: шарлар, гупка, түрлі – түсті бояулар, тәрелкелер.
Ойын барысы: губка үстіне түрлі – түсті бояуды қылқаламен жағып аламыз, содан соң шарды тәрелке үстіне қойып, таңба басып шарды безендіреміз.
«Тышқанды жасыру» ойыны
Мақсаты: балаларда 6 түс туралы( «қызыл», «сары», «жасыл», « көк», «қоңыр», «сарғыш» ) түсінік қалыптастыру.
Құралдар:6 түсті қағаз (20х15) Ақ шаршы (18х8) Ортасында орналастырылған. Ақ шаршыда тышқанның ұясы салынған. 6 шаршы – есіктер (10х10) Мысық жұмсақ ойыншық. Балаларға таратылатын құралдар: жоғарыдағыдай өлшемі кішірек заттар:түрлі - түсті қағаздар (10х8) ақ шаршы(5х5), түрлі - түсті қағаз шаршылар (6х6) Ойын барысы:тәрбиеші балаларға «Тышқанды жасыр» ойынын ойнаймыз дейді.
Алдыменойын ережесімен танысайық. Менде тышқандардың іні бар. Тақтаға 3 інді қояды да, қасына 6 түсті шаршы қояды. Мінекей балалар көрдіңдер ме? - Тышқандар терезелерінен қарап тұр. Осы тышқандарды тығу үшін шаршыларды қолданып терезелерді жабамыз, есік түсі үй түсімен сәйкес болу керек. Әйтпесе мысық тышқандарды ұстап алады. Тақтаға үш баланы шақырып, терезелерді жабуын сұрайды.Егер қателескені болса кері шақырып дұрыстатқызады. Осы кезде мысық шығады. Таба алмаған соң кетіп қалады.
«Сыңарын тап» ойыны
Мақсаты: ұлттық үлгідегі киімдер жайында түсінік беру. Аяқ киімдердің түр - түсіне, көлеміне, пішініне және ою - өрнегіне байланысты сыңарын таба білуге. Ер адамдар мен әйел адамдар киетін аяқ киім үлгілерінің ерекшеліктеріне назар аудару, ұлттық ою - өрнек элементтерінің қолданылуы жайындағы ұғымдарын жетілдіру. Зейінін тұрақтандырып, есте сақтау қабілетін дамыту.
Құралдар:түстері бірдей, ою - өрнек элементтерінде айырмашылықтары бар. Пішініне қарай бірнеше аяқ киім түрлері алынады.