Сурет салудың сиқырлы әлемі



бет70/74
Дата01.09.2023
өлшемі3,6 Mb.
#105825
түріКонспект
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74
Байланысты:
пленка сурет

ІІІ.Қорытынды бөлімі- рефлексия:
Тәрбиешінің түсіндіруі бойынша бақбақ гүлінің суретін салады.
Тәрбиеші: - Балалар, біз бүгін қандай гүлдің суретін салдық?
Бала: - Біз бақбақ гүлінің суретін салдық.
Тәрбиеші: - Түсі қандай болады?
Бала: - Бақбақ гүлі сары түсті болады.
-Ендеше мен сендерге үйге «Бақбақ» тақпағын жаттауға беремін.
Балаларды мақтап, мадақтау.


Қосымша


Дидактикалық ойындар:

«Жыл мезгілдерін құрастыр» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: талдау және біріктіру қабілетін, кеңістік арақатынастардың заңдылықтарын құру, үлгіні көшіру іскерлігін дамыту.

Ойын барысы: берілген кесінділерді түстеріне қарай жинақтап жыл мезгілдерінің бейнесін жинау керек.



«Әдемілеп бояу» ойыны
Мақсаты: зейінді шоғырландыруды дамыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту. 

Ойын барысы: берілген суретті мұқият қарап алып, бор қарындаш түстерімен екінші жартысын бояу қажет.



«Шытырман жолдар» ойыны
Мақсаты: шығармашылық қиялды, бейнелі ойлауды, ұсақ қол моторикасын дамыту.

Ойын барысы: машина дөңгелегін немесе шарикті бояуға батырып алып, қағаз бетіне алақанмен домалатып шытырман жолдар жасаймыз.

«Көңілді жануарлар» ойыны.

Мақсаты: қиялды, шығармашылық ойлауды, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.

Ойын барысы: Балалар жануарлардың суреттерін мұқият қарап алып, суретті жауып олардың түстерін, көлемдерін сипаттап айтып беру керек.



«Түрлі – түсті отшашулар» ойыны
Мақсаты: қиялды, шығармашылықты дамыту.
Ойын барысы : Балаларға шағын көлемді етіп шарларды үрлеу ұсынады, бояуға батырып алып, түрлі – түсті от шашуларды салу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет