Сурет, сөз ойыны Жарайсыңдар!


Тепе-теңдік реакциясының қалыптаспауы мен қимыл- қозғалыс координациясының бұзылуы (атаксия)



бет7/15
Дата07.11.2022
өлшемі21,71 Mb.
#48286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
6. Тепе-теңдік реакциясының қалыптаспауы мен қимыл- қозғалыс координациясының бұзылуы (атаксия).
Дененің тепе-теңдігі дегеніміз – дененің кеңістіктегі орнықты күйі. Дененің тепе-теңдігін сақтау, күрделі перифериялық жүйемен, орталық механизмдермен жүзеге асады. Дене тепе-теңдігінің статикалық (тұрғандағы) және динамикалық (қозғалыстағы) түрлері бар. Динамикалық тепе-теңдік, дененің кейпін ұстап тұратын, бұлшық еттердің рефлекторлық жиырылуы есебінен жүзеге асады, ол қимыл-қозғалыс координациясымен тығыз байланысты. Дененің тепе-теңдігін қамтамасыз ететін механизмдер координациясы әртүрді деңгейлерде, яғни, көру анализаторынан, бұлшық ет рецепторларынан, буындар мен сіңірлерден, вестибулярлық аппараттан келіп түсетін ақпараттарды қабылдайтын жұлында, сопақша мида, мишықта, үлкен жартышарлар қыртыстары тәрізді деңгейлерде орындалады.
Отыру, тұру кезінде дене атаксиясы байқалады. Кейде бала өздігінен отырып-тұра алмайды, жүрісі бұзылады, аяқтарын тым алшақ адымдайды немесе теңселіп жүреді. Бір затты ұстау, алу немесе орнына қою үшін, қимыл-қозғалыс дәлдігінің болмауынан қатты қиналады.
7. Қозғалыс түйсіктерінің бұзылуы (кинестезиялар). Қимыл-қозғалыс функциясының дамуы, қимыл сезімдерімен тығыз байланысты. Себебі, қимылды сезіну, арнайы сезім клеткаларының, яғни рецепторлардың көмегімен жүзеге асады (проприорецепторлық түйсік). Олар бұлшық еттерде, буындарда, сіңірлерде орналасады, орталық жүйке жүйесіне дененің кеңістіктегі кейпі, аяқ-қолдың, бұлшық еттердің күйі туралы ақпарат жібереді. Бұл сезімді бұлшық еттің буын сезімі деп атайды.
8. Ырықсыз қимыл-қозғалыстар.
Ырықсыз қимыл-қозғалыстар, БЦП-ң гиперкинетикалық формасында өте айқын, гиперкинездер түрінде көрінеді: хореиформдық гиперкинездер, атетоидтық гиперкинездер, хореоаттоидтық гиперкинездер, спастикалық қисық мойындық және тремор түрінде көрінеді. Кейбір әдебиеттерде, треморды гиперкинездерге жатқызады. Гиперкинез дегеніміз - бұлшық ет тонусының ауыспалылығынан пайда болатын, ырықсыз қимылдар. Олар адам толқыған, абыржыған кезде, қандайда бір әрекет жасаған кезде күшейе түседі. Мұндай қимыл-қозғалыстар артикуляциялық аппаратта, бас, қол, мойында болады. Тремор – бұл саусақтар мен тілдің дірілдеуі. Әсіресе, мақсатты әрекеттер жасауда, тремор күшейе түседі. Тремор БЦП-ң атоникалық- астатикалық формасына тән. Ырықсыз қимыл-қозғалыстар, ырықты қозғалыс актілерінің орындалуын қиындатады. Балалардың заттық, ойын, оқу және басқа әрекеттерінің уақытылы дамуына кедергі жасайды, сөйлеу тілі мен жазуға кері әсерін тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет