Сурет, сөз ойыны Жарайсыңдар!


Сөйлеу тілі қабілеті зақымдалған балалар



бет9/15
Дата07.11.2022
өлшемі21,71 Mb.
#48286
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
Лекция 7

4. Сөйлеу тілі қабілеті зақымдалған балалар
Мидың жетілмеуі мен сөйлеудің ауыр бұзылуына әкеп соғатын себептердің ішінде жиі кезігетіні-ананың жүкті кезінде жұқпалы ауырумен ауыруы, улануы (интоксикация),токсикоздар, асфиксия, ана мен бала қанының резус-фактор бойынша (резус-конфликт) немесе қан тобы бойынша сәйкес келмеуі, орталық жүйке жүйесінің аурулары (нейроинфекциялар – менингит, энцефалит, менингоэнцефалит) және бала өмірінің алғашқы жылындағы ми жарақаттары.
Ал, Е.М.Мастюкованың еңбектерінде ішімдік пен никотинді қолдану, құрсақтағы баланың жүйке-психикалық дамуына кері әсерін тигізіп, нәтижесінде тіл мүкістігіне әкеп соқтыратыны туралы айтылады. Ішімдік синдромымен дүниеге келген баланың дене салмағы, нормадан анағұрлым кем, дене бітімі мен психикалық дамуында тежелу болады. Бұл балалардың жалпы тіл кемістігі қимыл-қозғалыстың бұзылуымен, аффективті қозғыштықпен және жұмыс істеу қабілетінің төмендігімен көрінеді.
Балалардың сөйлеуі қалыптасқаннан кейінгі кезеңде, мидың тілдік аймақтарына зақым келсе, сөйлеудің мүлдем жойылуы, яғни афазия пайда болуы мүмкін.
Сөйлеуде қайта түзетілмес бұзылулардың пайда болуына, балалардың өмір сүру ортасындағы зиянды әсерлер себеп болады. Әсіресе, сөйлеудің қарқынды дамуы кезіндегі психикалық депривация, сөйлеудің тежелуіне әкеп соқтырады. Сондай-ақ, егер бұл факторлар церебральды-органикалық кемшіліктермен немесе генетикалық бейімділікпен асқынатын болса, онда сөйлеудің кемістігі анағұрлым күрделі, әрі тұрақты сипатқа ие болады.
Сөйлеудің жалпы жетілмеуі, әдетте, мидың резидуальдық- органикалық зақымдануының нәтижесінде болады (бұл терминмен аяқталған патологиялық үдеріс нәтижесінде пайда болатын күйлер аталады). Мұны ағымдық жүйке-психикалық науқастардағы (эпилепсия, шизофрения т.б.) сөйлеудің бұзылуынан ажыратып алған жөн. Интеллектуалды кемістігі бар балалармен салыстырғанда, бұл балалардың ОЖЖ органикалық зақымданулардың қалдығы – минимальды ми дисфункциясы (ММД) сияқты көріністер байқалады.
Сөйлеудегі бұзылу келесі топтарға бөлінеді:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет