Сурет, сөз ойыны Жарайсыңдар!


Есту қабілеті зақымдалған балалар



бет2/15
Дата07.11.2022
өлшемі21,71 Mb.
#48286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
1. Есту қабілеті зақымдалған балалар
Есту қабілетінің бұзылуының түрлерінің көп болуы, оны саралап, бірнеше топқа бөлуге жағдай жасайды. Мұның мәні, нашар еститін балаларды оқыту мен тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастыруда, балалардың қандай мекемеде білім алу қажеттілігін анықтауда көмектесетінімен айқындалады.
«Дыбыстар жиілікпен, интенсивтілікпен және созылмалығымен сипатталады. Дыбыстың күші немесе интенсивтілігі децибелмен (ДцБ) өлшенеді.
Мысалы:
  • жапырақтың сыбдыры – 10 ДцБ,
  • құлақтың түбінен сыбырлау – 25-30 ДцБ,
  • орташа сөйлеу дыбысы – 60-70 ДцБ,
  • қатты музыка дыбысы – 80 ДцБ,
  • метродағы поездың дыбысы – 90 ДцБ,
  • балғамен темірді соғу – 100 ДцБ,
  • авиациялық мотордың дыбысы – 120 ДцБ.

  • Сөйлеудің жиілік диапазоны 500-ден 3500 Гц (бір секундтағы толқындар) аралығында болады. Егер есту бұзылуы, бұл диапазонды қабылдауға кедергі болса, сөйлеуді қабылдау мүмкін емес деген сөз. 80 ДцБ жоғары дыбысты қабылдамайтын адамдар, естімейтіндер болып саналады, ал нашар еститіндер 15–80 ДцБ аралығындағы дыбыстарды естімейді. Классификацияның негізгі критерийлері – есту қабілетінің жоғалу уақыты, дәрежесі, сөйлеудің қалыптасу деңгейі болып табылады (Р.М.Боскис). Осы көрсеткіштер бойынша, бұл балаларды бірнеше топқа бөледі:

І. Мүлде естімейтіндер. Оның ішінде ерте жастан естімегендер және жүре келе есту қабілетін жоғалтқандар. Ерте жастан естімегендерге, туа біткен және сөйлеу тілі қалыптасқанға дейін естімеген балалар жатады. Бұл балаларда кейде, жартылай есту қабілеті сақталады, олар өте қатты дыбыстарды естиді.
Жүре келе пайда болған естімейтіндерге сөйлеу қалыптасқаннан кейін, есту қабілетін жоғалтқандар жатады. Бұл балалар сөйлей алады, ерін қимылы арқылы, айтушыны түсінеді.
ІІ. Нашар еститіндер. Бұл сөйлеудің дамуын қиындататын есту бұзылысы, бірақ сақталған қабілеттіліктің көмегімен, өз бетімен сөздік қор жинақтауға болады. Нашар еститін балалардың тілінде кездесетін бұзылыстарды, оқыту үдерісінде түзетуге болады.
Бұл балалардың психикалық дамуы, сыртқы ортаны қабылдаудың ерекше жағдайларында жүзеге асады. Бұл дизонтогенездің ерекше түрі – дефицитарлы даму. Бірінші бұзылыс – есту қабілетінің бұзылуы сөйлеудің нашар дамуына әкеп соғады. Сондай-ақ, басқа қызметтердің тежелуіне әсерін тигізеді. Дамудың мұндай бұзылуы тұтас психикалық дамуды тежейді.
Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуы, қалыпты еститін балалардың дамуынан ерекшеленетін белгілі заңдылықтарға бағынады. Сонымен бірге, оларда бұзылыс даму типтеріне тән, заңдылықтар анықталады. Барлық бұзылу түрлерінде, сыртқы ортадан түсетін ақпаратты қабылдау,сақтау және пайдалану қабілеттері төмендейді.
Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық дамуының негізгі екі заңдылығын көрсетуге болады (И.М.Соловьев бойынша).
Бірінші заңдылық – есту бұзылуының салдарынан, естімейтін балаға келіп жететін, сыртқы орта әсерінің көлемі шектеледі, оның қоршаған ортамен өзара әрекеті, адамдармен қарым-қатынасы қиындайды. Ал, бұл уақытта кез-келген баланың толыққанды психикалық дамуы үшін, сыртқы орта әсерлерінің алуан түрлілігі мен кең көлемділігі өте маңызды болады.
Жоғарыда атап өткендей, қай жағынан болсын, шектелу нәтижесінде, баланың психикалық әрекеті азаяды, сыртқы орта әсерлеріне жауап беретін реакциялар қарапайымданады, қызмет аралық өзара әрекеттер жүйесі өзгереді. Есту қабілеті бұзылған балалардың психикалық компоненттері, дені сау балалармен салыстырғанда, өзгеше тепе-тендікте дамиды: көрнекі–бейнелі және сөздік–логикалық ойлау қабілеттерінде сәйкестік болмайды (алғашқысы басым); жазбаша сөйлеудің екеуі – импрессивті (оқу) және экспрессивті (жазу) – ауызша сөйлеуге қарағанда, басым рөлге ие болады.
Екінші заңдылық – есту қабілеті зақымданған балалардың психикалық даму қарқынының, дені сау балалардан айырмашылығы. И.М.Соловьев есту қабілеті зақымданған балалардың психикалық даму жолдарын былай сипаттайды: сау бала мен есту мүмкіндігі шектеулі баланың психикалық әрекеттері арасындағы айырмашылықтар, онтогенездің бастапқы кезеңдерінде елеусіз болады, уақыт өте келе ұлғаяды. Осылайша, белгілі бір кезеңге дейін жалғасады, тек жүйелі сурдопедагогикалық жұмыстардың ықпалымен ғана, бұл айырмашылық кері бағытта өзгере бастайды.
Түзету жұмыстары қаншалықты қолайлы, тиімді болса, естімейтін баланың дамуы, дені сау баланың дамуына сонша жақындай түседі. Сурдопедагогикалық шаралардың негізгі маңызы сонда, ол психикалық дамудың тиімді жағдайларын тудырады, ең алдымен, балаға жеткізілетін сыртқы орта әсерлерін кеңейту, сапалық жағынан жақсарту, акустикалық жолмен жететін әсерлерді өзге жолдармен жеткізуді қарастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет