Сурет, сөз ойыны Жарайсыңдар!


ІІ. Жүре пайда болған көрмеу



бет4/15
Дата07.11.2022
өлшемі21,71 Mb.
#48286
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Лекция 7

ІІ. Жүре пайда болған көрмеу. Бұл мектепке дейін немесе одан кейінгі кезеңде көз жанарын жоғалтқандар. Көру анализаторының зақымдану тереңдігі, өзіндік белгілерімен барлық сенсорлық жүйенің дамуында әсерін тигізеді. Яғни, қоршаған ортаны тану жолын анықтайды.
Орталық жүйке жүйесінің бұзылуы мен көру қабілеті арасында тығыз байланыс бар. Ол ми жұмысының жалпы бұзылуымен байланысты болады.
Тірек-қимыл аппараты қызметінің бұзылуы» деген ұғымға әртүрлі себептерден пайда болған және алуан түрлі көрініс беретін қимыл-қозғалыс бұзылуы енеді.
Тірек-қимыл аппараты патологиясының келесі түрлері ажыратылады:
1. Жүйке жүйесінің аурулары:
- балалардың церебральды параличі (сал);
- полиомиелит;
2. Тірек-қимыл аппаратының туа біткен патологиясы :
- туа біткен жамбастың шығуы;
- қисық мойындық;
- маймақ аяқтық;
- табан деформациялары;
- омыртқа дамуының кемістіктері;
- аяқ-қолдардың кеміс дамуы,
- артрогрипоз (қбыжықтық).
3. Мидың, жұлынның және аяқ-қолдың аурулары мен зақымданулары:
- полиартрит;
- жұлынның және мидың жарақаттануы;
- қаңқа аурулары (туберкулез, остеомиелит);
- сүйек ісіктері;
- қаңқаның жүйелі аурулары (хондродистрофия, рахит).
3. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалар
Қимыл-қозғалыс қызметінің зақымдану дәрежесіне қарай, қимыл-қозғалыс дағдыларының қалыптасу деңгейіне қарай, бұл категориядағы балалар үш топқа бөлініп қарастырылады:
1) қимыл-қозғалыс қызметінде, ауыр бұзылуы бар балалар: олардың кейбіреулерінде түзу тұру мен жүру, ұстау, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптаспаған; енді біреулері ортопедиялық жабдықтардың көмегімен әзер қозғалады, өзіне-өзі қызмет ету дағдысы, жартылай ғана қалыптасады;
2) орташа дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар (сан жағынан ең көбі): балалардың басым көпшілігі өздігінен шағын аралықта жүре алады, ең қажетті, бірақ автоматтандырылмаған өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан;
3) жеңіл дәрежедегі қимыл-қозғалыс бұзылуы бар балалар: олар бөлмеде, көшеде өздігінен жүре алады, өзіне-өзі қызмет ету дағдылары қалыптасқан, бірақ патологиялық күйлер, жүрістің бұзылуы, зорлық қимылдар сияқты көріністер кездеседі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет